Лекция тақырыбы: Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата22.12.2023
өлшемі177,5 Kb.
#142690
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
XFPRQKWXROIA07112023082748



№4 Лекция тақырыбы: Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы 
 
Лекцияның оқыту нәтижелері:
ұйымның ішіндегі ситуациялық факторлар 
туралы біледі, ұйымға әсер ететін барлық факторларды тізімдейді және 
сипаттайды. 
Лекция мазмұны. 
1.
Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік
2.
Сыртқы орта туралы түсінік 
 
1.Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік
Ұйымның ішкі ортасы – 
бұл ұйымның ішіндегі ситуациялық 
факторлар. Ішкі байланыстар басқармашылық шешімнің нәтижесі болып 
табылады. Бірақ олар толығымен басқармамен бақыланбайды. Көбінесе ішкі 
факторлар басқармадан белгілі бір тәуелсіздікте болады. 
Ішкі 
айнымалыларға
ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеті, технология және 
адамдар кіреді.
Ұйым адамдарға жеке жете алмайтын мақсаттарға бірігіп 
коллективті түрде жетуге көмек береді. 
Мақсаттар 
– 
бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып нақты және 
керекті нәтижелерге жетуге ұмтылуы. Жоспарлау процесінің барысында 
басшылық мақсаттарды құрады және олар туралы ұйымның мүшелеріне 
хабарлап отырады. Бұл процесс ұйым мүшелеріне олардың неге ынтылып 
әрекет жасау керектігін түсінуге көмек береді.
Мақсаттар ұйымның типіне қарай әртүрлі болады.
Ұйымның құрылымы
– 
бұл басқару дәрежесімен функционалдық 
бөлімнің логикалық өзара қарым – қатынасы. Ұйымның құрылым еңбек 
бөлінісі негізінде құрылады.
Ұйым құрылымына қатысты болған 2 концепция бар


маманданған еңбек бөлінісі 

бақылау сферасы 
Маманданған еңбек бөлінісі
– 
бұл маман, қолынан іс келетін адамдарға 
жұмыс беру деген сөз. Маманданған еңбек жұмысты әр түрлі операцияға 
бөледі. Ұйымда еңбекті бөлу көлденең және тік болып бөлінеді. 
Бақылау сферасы
басшыларға бағынышты адамдар санын көрсетеді. 
Егер бір басшыға бағынатын бағыныштылар саны көп болса, 
бұл кең бақылау 
сферасы деп аталады.
Егер бағынатын бағыныштылар саны аз болса
бұл 
тар бақылау сферасы деп аталады.
Координация қажеттілігі ұйымда вертикалды және горизонталды еңбек 
бөлініске байланысты пайда болады. Адамдардың жұмысты бірге орындауы 
үшін басшылар алдымен координация механизмін қалыптастыруы тиіс. Егер 
ұйымда тиісті координация механизмі болмаса ұйымдағы жоғары деңгейдегі 
басшыдан бастап бағыныштыларға дейін барлығы өз қажеттілігін 
қамтамасыз етумен қызығып, жалпы ұйым мақсаттарды оларды
қызықтырмауы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет