Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Сараптаманың техникалық әдістері



бет19/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
лекция крим

Сараптаманың техникалық әдістері

1.1. Микроскоптық әдіс
Микроскопиялық зерттеу әдісі зерттеу барысында кеңінен қолданысқа ие. Нақытырақ айтар болсақ жеке тұлғалардың денесін, түрлі нысандардың жекедаралық белгілерді айқындауда, сонымен қатар зақымдардың шоғырлануы мен олардың белгі дәрежеде орналасуын және басқа да ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Бұл айқындалған белгілердің сызықтық өлшемдері бір жазықтықта және түрлі бойөлшегі, штангенциркуль, өлшеу құралдарымен және зерттеулер лупа көмегімен жүргізіледі. Лупа екіжақты дөңес линзадан тұрады. Криминалистикалық мақсатта түрлі лупалар қолданылады. Туындаған түрлі мәселелер бинокулярлы лупалар көмегімен шешіледі. Бұл лупалар екі линзалар жүйесінен тұрады және бақылауды екі көзбен жүргізуге мүмкіндік береді.
Дактилоскопиялық лупа кең қолданыста. Ол қол-саусақ іздерін зерттеуде қолданылады. Лупа металл штативпен жылжымалы байланысқан және сақиналы негізге бекітілген. Сақиналы негіз немесе аяғында жіңішке сызық сызлған. Оның қызметі папиллярлық бедердегі сызықтарды санауда көмегі зор (мысалы, бедердің ортасы мен дельта арасындағы сызықтарды санауда).
Түрлі бөлшектерді зерттеуде (ұнтақтарды, пытыраларды) де бұл лупаның көмегі зор. Төменгі жақтағы иір аумаққа зерттелетін бөлшектер салынып, зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Тоқыма өнімдерін зерттеуде арнайы тоқыма лупасы қолданылады (4- немесе 7-есе үлкету). Бұл лупаның негізінде (аяқ жағында) 1x1 см немесе 2x2 см. шаршы терезе бар. Терезе тоқыма өніміндегі жіптерді санаудға мүмкіндік береді.
Мәйіттің және жәбірленушінің киіміндегі түрлі механикалық зақымдану іздерін зерттеу процессінде микроскопиялық әдістің, оның ішінде, алдын ала дайындықты қажет етпейтін стереоскопиялық және операциялық микроскоптар. Бұл жағдайда зақымдағы майда бөлшектерді зерттеуге, зақымның ерекшелігін анықтау, кейбір жағдайда зақымның пайда болу механизм анықтауға мүмкіндік береді.
Заттай дәлелдерді (құжаттарды, атыс қаруының іздерін, талшықтарды және т.б.) зерттеуде микроскопты қолдану, лупаның үлкейту мүмкіндігінің жеткіліксіз болу салдарына. Микроскоптың негізгі бөлігі: тубус, штатив, зат орналасатын стол, көру терезесі, объектив, конденсор және айна. Микроскоптың объективі фокустық қашықтықпен сипатталады. Объективтің фокустық қашықтығы кіші болған сайын оның үлкейту мүмкіндігі артады, бірақ тереңдік айқындығы кемиді. Микроскоптың жалпы үлкейту мүмкіндігі, көру терезесі мен объективтің үлкейту мүмкіндігінің көбейтіндісіне тең. Мысалы, егер көру терезенің үлкейту мүмкіндігі 7, ал объективтікі — 20 болса, онда микроскоптың үлкейту мүмкіндігі 7x20= 140. Айқындықты орнату микроскоптың тубусын жылжыту арқылы қол жеткізіледі, алғашында айқындылықты ірі (грубая) орнату бұрандасын бұрау арқылы. Сонан соң жұмсақ (тонкая) бұранданы бұрау арқылы орнатылады. Микроскопиялық зерттеу жарық көзі ретінде түрлі жарық беру құралдары, оның ішінде ОИ-7, ОИ-18, ОИ-19 жарық беру құралдары қолданылады. Жартылай мөлдір нысандарды зерттеуде өткен жарықта зерттеледі. Бұл жағдайда жарық микроскоптың айнасына бағытталады. Ол айнадан жарық шағылысып, конденсор арқылы өтіп зерттелетін нысанға бағытталып, одан әрі объективке жетеді.
Монокулярлы микроскоппен қатар (мысалы, биологиялық М-9, МБИ-4) криминалистер бинокулярлы стереоскопиялық микроскопты (МБИ-6, МБИ-11) да қолданады. Бұл микроскоптың екі көру терезесінің болуы бақылауды екі көзбен жүргізуге арқылы, зерттеу нысанының көлемді бейнесін көруге мүмкіндік береді.
Криминалистік мақсатта сонымен қатар салыстырмалы микроскоптар да (МИС-10, МС-51) кең қолданыста. Олар бір көру аумағында екі нысанды көруге және оларды өз ара салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл салыстырмалы микроскоптың көмегімен отты қарудың ізі бар қауызды немесе оқты тексеруге болады. Егер, мысалы, оқиға орнынан табылған оқ және тәжірибе ретінде отты қарудан атылған оқты, бір атыс қару үлгісінен атылғандығы туралы мәселені шешуде, оларды столға орнату арқылы сәйкестендіреміз және бір бірімен беттестіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар криминалистикада металлографиялық микроскоп (МИМ-8, МИМ-7) қолданыста. Ол вертикалды бағытталған жарық көзін пайдалануға негізделген. Бұл жарық призманың немесе жазық параллель шыны жолақтың көмегімен зерттелетін нысанға микроскоптың объективі арқылы тіке немесе соған жақын бұрышта бағытталады. Вертикальды бағытталған жарық металлдан және оның қоспаларынан әзірленген заттың кристалды құрылымын, қағазға түскен штихтың ретін анықтауға бағытталған зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет