1.4. Инфрақызыл спектроскопия Инфрақызыл сәулелер қызыл аумақпен шектесетін спектрді туғызады. Олар 750 ммк ден ультракүлгін радиотолқын ұзандық аралығында орналасады. Адам көзі бұл сәулені көрмейді.
Криминалистикада бұл сәулені түрлі заттарды жұтыуы мен шағылыстыру ерекшеліктері тұрығысынан қызығушылық тудырады. Мысалы, олар графитпен қатты жұытылады, күйе, тушь, типографиялық бояулар, ақ түсті қағазбен жақсы шағылыстырылады және аниланді бояудың, қан тамшысының, эбониттің жұқа қабатына сіңеді. Егер құжаттағы мәтін карандашпен, тушьпен, типографиялық бояумен немесе көшіру (коировальная бумага) қағздың көмегімен және синтетикалық сиямен сызылған болса немесе қан дағы жағылса, онда бұндай нысандар шағылысқан инфрақызыл сәуленің көмегімен зерттеледі. Бұл әдістің көмегімен түрлі нысандардағы жақыннан атылған отты қарудың іздерін айқындауда, анилинді бояу жағылған, ұқсас заттарды жіктеуде жәрдемі зор.
Бұл нысандарды криминалистік зерттеуде, олар электр лампасымен жарықтандырылады. Шаығылысқын инфрақызыл сәуленің көмегімен жүргізілген зерттеу нәтижелері суретке түсіріледі немесе электронды-оптикалық түрлендіру құралының көмегімен тіркеледі.
Криминалистік мақсатта инфрақызыл люминесценция қолданылады. Бұл әдіс кейбір заттардың көк-жасыл спектр сәлесінің әсерінен инфрақызыл сәуле шашу қасиетіне негізделген. Зерттеу нысандары жарық сәулесін өткізбейтін, жанында екі тесігі және бір жоғарыда тесігі бар қорапқа орнатылады. Жанындағы тесіктер арқылы кинопроекциялы ламп жарығы түсіріледі, ол жарықтың алдына көк-жасыл сүзгі орнатылады (мысалы, СЗС-16, СЗС-10). Фотокамераның объективіне инфрақызыл сүзгі кигізіледі. Суретке түсіруде «инфрахром» фотоматериалы қолданылады. Бұл әдістің көмегімен сыртқы түрлері ұқсас, химиялық құрамы түрлі заттарды жіктеуге және құжаттағы көзге көрінбейтін жазуларды айқындауға мүмкіндік береді.
Рефрактометрия
Бұл әдіс зерттеу нысанының сыну коэффициентін анықтауға негізделген. Зерттеу рефрактометрдің көмегімен жүргізіледі. Бұл құралдың маңызды элементі ретінде біріккен призма, олардың арасына 2—3 тамшы зерттелетін ерітінді құйылады. Жарық сәулесі осы ерітінді арқылы өтіп, көру терезесін түседім. Трубаның орналасуы арнайы механизмнің көмегімен өзгертіледі. Бұл өзгертілу көру терезесінің жартысы қараңғылануға әкеледі, сонан соң құралдың шкаласы арқылы зерттеу нысанының сыну көрсеткіші анықталады.
Криминалистік тәжірибеде рефрактометрия әсіресе майларды және майға ұқсас заттарды зерттеуде, сонымен бірге аңшы мылтығының оқ-дәрісінің тығындарын зерттеуде қолданылады.
Рентгенологиялық зерттеу адамның денесіндегі бөгде заттардың бар немесе жоқ екендігін анықтауда, сүейтің сынғандығын, бұрын орын алған зақымдар іздерін, сүйектің дамуының ерекшелігін, сонымен қатар тірі адамның жасын анықтауда қолданылады.
Отты қаруды қолану барысында пайда болған зақымдарды зерттеуде рентгенография әдісі қолданылады. Бұл әдістің көмегімен оқтың кіру және шығу тесігінің орналасуын, ату қашықтығын, ату бағытын және оқпен зақымдалғане каналды ерекшелігін, ал соқы іздерде — оқты табуда тиімді.