Жазу сараптамасына материалдарды дайындау және рәсімдеу Қылмысты зерттеу кезінде, құжат орындаушысын анықтауда жазуды сараптау қажеттілігі туады. Осы жағдайда тергеуші сараптамаға мына материалдарды дайындайды:
-құжатты тексерудегі қорытындыны бекіту;
сараптауға қажетті жазудың салыстырмалы материалдарын дайындау;
сараптауға арналған, сараптамаға жіберілетін материалдар туралы хаттама жазу;
Хаттардың мынадый түрлері бар:
а) Еркін жазылған
б) Шартты -еркін түрде жазылған
в) Тәжірибе кезінде жазылған.
Еркін жазу үлгісі - қылмыстың іске қатысы жоқ, яғни іс қозғалмай түрып жазылған жазба
Шартты-еркін жазу үлгісі – қылмыстың іс қозғалғаннан кейін, белгілі-бір азамат жазған жазба.(арыз, жауап алу хаттамасы т.б.)
Мұндай жазу кезінде, орындаушының ойы жағдайды жазу үлгісіне әсерін тигізбей қоймайды.
Тәжірибелі жазу үлгісі – тергеушінің тапсырмасы бойынша, орындаушы өз жазу үлгісі бойынша белгілі бір үзіндіні жазуы.
Бұл жазу үлгілерінің соңына орындаушының және тергеушінің қолын қоюы қажет.
Жазу үлгілерін және оны сараптауға беру туралы қаулыны ҚР КІЖК тарауы бойынша дайындап болғансоң ақ материалдар сараптама өндірісіне беріледі.
Құжат иесін немесе орындаушысын анықтауда, салыстырмалы түрде зерттеуге арналған үлгілер беру көмегін тигізеді. Яғни, сараптама қорытындысына көп әсерін тигізеді. Хатты криминал истикалық зерттеу жайын айта келе мына қорытындыға келдік. Хаттың мағынасын, жазу әдісін зерттеу- күдікті адамдарды іздеуде, құжат иесін, орындаушысын анықтауда, қылмыстық істі зерттеуде өте маңызды жағдайларды анықтауға атқарар манызы зор.
Енді құжатты криминалистикалық зерттеудің ІІ-тарауына тоқталып өтейік.
2 Құжаттарды техникалық зерттеу. Қылмыстық істі зерттеу кезінде, құжаттардың жазу әдісін анықтаумен қатар, оның деректемелі жалғандылығын анықтау қажет. Бұл анықтау - құжаттарды техникалық зерттеу болып саналады. Бұл зерттеу мына сұрақтарды анықтайды:
құжаттың дайындалу әдісін анықтау
құжат мағынасын өзгерту әдісін анықтау ;
құжат дайындаудың дәл тәсілін және жалпы қолданылудағы құжаттардан жалақыны анықтау;
зақымдалған құжаттардың мағынасын анықтау (жыртылған, өртелінген, боялған, сызылған, құжаттар).
Енді осыларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
Құжаттардың алдау мақсатымен жасалуы, толық және толық емес болып екіге бөлінеді:
Толық жасалу – құжат толығымен, яғни қағазынан (бланк) бастап, алдау мақсатымен белгілер жасалады.
Толық емес жасалу – тек жеке жолдарына, деректеріне жалғандылық белгілер жасалады.
Қылмыстық іс зерттеу іс-тәжірибесінде резина, тері тағы басқа материлдар кесінділерінің көмегімен жалғандық белгілерін жасау да кездеседі.
Мөр және штамп оттискілерін зерттеу.
Мөр және штамптар оттискілерін жалғандық жасау мынандай түрлерге бөлінеді:
жасанды кілемге арқылы (каучуктен, қағаздан, ағаштан, металдан жасау);
кәдімгі қолмен жасау;
басқа құжаттан көшірме алу арқылы;
Жалған қойылған қолды құрал – жабдықтар арқылы зерттеу. Жазуды сарптаумен қатар, қойылған қол да техникалық сараптаманың объектісі болып саналады.
Қол қою кезінде жалғандылық жасау көшірме арқылы жасалады. Бұл әдістің мынандай түрлері бар:
көшірме қағаз қолдану;
жарық түсіру арқылы көшіру;
қысым түсіру арқылы;
көшіру қажеті бар материалдар қолдану арқылы;
Тазалау әдісі-құжаттың алғашқы мағынасын өзгерту мақсатында, ондағы үзінділердің бояуын кетіру.
Тазалау әдісі – жалпы тазалау және белгілі бір жерде тазалау болып екіге бөлінеді:
Өңдеу және жуу әдісі – Бұл құжаттардағы үзінділерді, жазуларды химиялық жолмен бояуын жуу немесе өңдеу. Бірақ, сия, тушь, типографиялық бояу химиялық заттарға бой ұрмайды. Сияны кетіру үшін әр түрлі қышқылдар қолданылады. Бояуды химиялық жолмен жуу арқылы да құжатта жалғандылық жасалады. Көбінесе құрамында спирті бар сұйықтармен жуады (одеколон, арақ, спирт) немесе еріту заттары диметилформалин, бензол, ацетон, толуол, дихлорэтан, хлороформ).
Құжатта алдау мақсатымен жасалатын Бұл әдістердің негізгі белгілері – қағаз бетінің зақымдануы, таңбалар түсуі, кеуекті болуы және де қағаз түсі өзгереді, жазу қатарындағы басқа әріптерге әсерін тигізеді, қорғаныс торларымен сызықтары зақымданады.
Құжатқа бөгде сөз қосу және басқа да өзгерістер енгізу.
Бөгде сөз қосу – құжатқа, алдау мақсатымен оның алғашқы мағынасын өзгертетін жаңа сөздер, әріп т.б. бөгде әлементтер енгізу.
Құжаттағы суретті ауыстыру әдісі - жеке тұлғаны анықтайтын құжаттарда (куәлік, кіру қағазы, паспорт) алдау мақсатында кездеседі.
Суретті монтаж жасау – суретті бөліктерін ауыстыру, яғни құжаттағы алғашқы суреттің мөр басылған бөлігін қалдырып, қалған бөлігін ауыстыру.
Ауыстырылып тапсырылған суретке алғашқы суреттің мөр басылған бөлігінің әмульсиялық қабатын тапсыру әдісін мына белгілер арқылы байқауға болады;
эмульсия қабаты сызықтарының шегінің көрінуі, жинақталып тұруы;
мөр белгісіндегі бояудың, сулау кезінде жайылып кетуі;
Суретегі бөліктердің және шектерінің сәйкес сәйкес келмеуі.
Құжаттарды қалпына келтіру.
Қылмыскерлердің айғақ болатын құжаттарды құртып жіберетін оқиғалар кездеседі, Бұл кезде құжаттарды дәлел ретінде қолдану мүмкінділігі жойылады. Қылмыстың істі жүргізу кезінде, осы құжаттарды қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Жыртылған құжаттарды қалпына келтіру – құжаттың жыртылған бөліктерін түріне, мөлшеріне, торына, сия түріне, сызықтарына, мағынасына қарай жинап, біріктіру.
Жағылған құжаттарды қалпына келтіру үшін, оның зақымдалу дәрежесін мына түрғыда анықтау қажет:
құрғтануы: (сарғаю, қағаз шеттерінің жиырылуы);
қараюы ( Бұл кезде қағаз сынып кетеді);
Күлге айналуы (қағаз өте ашық түске айналады, өте жәй қозғалыстық өзінде күлге, ұнтаққа айналады);