1. Адамды сыртқы белгіге қарап теңестірудің криминалистикалық ұғымы және маңызы Криминалистикалық теңестіру адамды сыртқы белгісіне қарап, тепе-тендікті немесе адамның нақты айырмашылығын анықтап, шүғыл түрде іздестіру және қылмыстық процессуалдық мақсатында іске асырылады.
Сол себепті теңестіру процессінде мынаны анықтаймыз:
Осы адам іздестіруде жүрген сол адам болып санала ма, әлде ол емес пе, сыртқы бейнесіне қарап салыстырамыз.
Адамның сыртқы бейнесі деп бойьн олардың бет сызықтарын және тұлғасының ерекшелігін, организмнің қимылынан пайда болған ерекшелігін, тағы да киімнің белгілері мен басқа да үнемі қолданылатын бүйымдарын түсінеміз.
Сыртқы бейне екі түрге бөлінеді:
1. Анотомиялық (адамның дене құрлысы);
2. Функционалдық қызмет атқару әрекеті);
Анотомиялық белгілері — олар адамның бейнесін толығымен алғанда және оның жеке мүшелері (бойы, дене қүрлысы, басы, бет сызықтары .
Функционалдық белгіері — олар мынадай сыртқы белгілері, адамның өмір барысында қалыптасып пайда болатын қозгалу дене қүрлысы мен жеке оның бөліктерінің әдеттері ( мысалы, жүру қимылы, сөз сөйлеу, бет әлпетінің еріксіз қимылы (мимика), аяқ-қолдың арнайы қимылдары (жестикуляция), дене қүрлысының еңкейуі, тік және шалқайуы (осанка)).
Анатомиялық және функционалдық белгілердің арнайы топтары мыналар: ерекше және шапшаң белгілер қүрайды.
Ерекше ен-таңба—олар адамның сыртқы нышанында кем кездесетін белгілер, дүрыс морфологиялық қүрылыстан ауытқушылық болып көрінуі.
Организм қүрлысын және формаларын зерттеу.
Олар мыналар болуы мүмкін: туа пайда болган және тауып алган (мысалы: бір қолының, бір аяқтың қысқа болуы, ақсандап жүру, татуировка).
Шапшаң белгілер—олар адамның денесінің ашық жерінде орналасқан сыртқы, кем кездесетін, көзге оңай түсетін, жай көзбен қарағанда есте қалатын (дененің бүкірлігі, үлкен тыртық татуировка т. б.) сияқты белгілері жатады.
Жанама белгілері—олар сыртқы киім, аяқ киім, бас киім, әсем бүйымдар, күнделікті заттар, адамның әрдайым бірге жүретін және қосымша мінездеме беретін сыртқы реңі.
Неге сыртқы белгілері қарап адамды теңестіру керек деген сұрақ туады?
Адамдар сыртқы қасиеттеріне қарап екіге бөлінеді: өзіндік жекелік қасиет және біршама турақтылык; болып.
Жекелік қасиет адамның сыртқы кескінінде көрінетін, дене мен бет-әлпетінің сыртқы қүрлыстарының қайталанбайтүғын белгілер жиынтыгы.
Дүние жүзінде бірдей сыртқы белгілері, түрлері бір-біріне тұтастай айнымайтын адам жоқ.
Слайд № 1. БІРшама түрақтылық жүмсақ мүше клеткаларының астында орналасқан сүйек шемІРшек негіздеріне байланысты, белгілі бір жасқа келгенде адамның мүшелері толық жетіліп болады (20-23 жаста) кейіннен табиғи өзгерістерге негізінде дененің тері мен жүн қабаттары жатады.
Слайд № 2. Адам денесінің белгісінің бір деңгейге дейін өзгеру мінезі ғылымның барлық саласында зерттелген (морфологиялық-организм қүрлысын және формаларын зерттейтін ғылым) сондықтан теңестіру процесс, мамандармен де есепке алынуы мүмкін.
Адамның сыртқы белгісін криминалистикалық теңестіру негіздерінің ғылымы дегеніміз осылай.
Сонымен біз адамды теңестірудің сыртқы белгісін, өзіндік қасиетін қарап шықтық. Адамның сыртқы қасиетін үқсастыруды қалай қолданамыз? Бұл жерде үқсас теория және оның түрлерін еске түсіру керек.
Адамды теңестірудің сыртқы белгісі бойынша үш түрде жүзеге асырылады:
* Материалдық түрде елестетіп түсіріп алу (суретке түсіру, сүйек қалдықтары, өліктер);
* Оймен белгілегенде адамның есеінде жатталып қалу (мысалы: жәбірленуші қылмыскердің сыртқы әлпетін есінде сақтап қалады).
* Таңбасын жүйелеп баяндау (сезікті адам, айыпкер, сотталған адам қашып кеткенде сыртқы жүйесін баяндап жөн сілтеу керек).
Адамды теңестіруде, сыртқы белгісіне қарап, криминалистикалық немесе басқаша экспертиза жүргізу арқылы сыртқы пішінді тану жүргізіледі )табиғи бейне, фотосурет, сыртқы көрнісін белгілеу).
Сондықтан теңестіру тергеу амалдарын жүрізген кезде ҚР КІЖҚ-нің 52 және 154 баптарына жүгіне отырып іске асырылады. БІРнші жағдайда куә немесе жәбірленуші көпшіліктің арасынан қылмыскерді сыртқы белгісі нышанынан тануы мүмкін. Оларга тануына фотсуреттер де көрсетілуі мүмкін.
Екінші жағдайда эксперттік ұқсастыру, адамның сыртқы бет пішінін фотосуреттердегі кескініне қарап салыстыру арқылы іске асырылады.
Сондықтан адамды сыртқы белгі-нышанына қарап криминалистік теңестіру қылмыстық-процессуалдық ереже көлемінде заңдылықты сақтай отырып іске асырылады. Адамды сыртқы белгі-нышанына қарап криминалистік теңестіру, қылмысқа қарсы күресу практикасында екі багытта қолданылуы мүмкін:
1. Тікелей адамды іздеу және теңестіру үшін 21 маусым 1991 жылы , Шымкент қаласы, Абай аудандық ІІБ-нен ұрлық жасағаны үшін айыптаушы Ахметов қашып кеткен. Іздестіру мақсатында оның суреттері жан-жаққа жіберілген. Сонан соң ол Ташкент қаласында үсталды. Оның үсталуына сыртқы белгі-нышанын теңестіру тәсілі негіз болған.
2. Адамның сыртқы бейнесінің нышанын жеке сенімді, таныс жолдармен толық көрсете алу. Сонымен, магазиннен ұрлық болганы жайлы, оқиға болған жерді қарағагда толық желінбеген қайнатылған сырдың бір бөлігі табылған. Тістелген ізді тексергенде, тіс дәрігері былай деп болжамға келді, ұрлық жасаған адам ысқырып сөйлейді, себебі астыңғы бір күрек тісі жоқ. Осылай суреттеудің арқасында қылмыскерді іздестүріп және оны ұстағанда бұл жағдай толқ дәлелденді (Совет милициясы журналы №8 1979 ж.).
Осы нәтиже негізінде былай қортынды жасауға болады:
Адамның сыртқы нышанына қарап криминалистикалық теңестіру қылмысты ашуда кеңінен қолданылады, қылмысқа қатысы барларды іздестіру және оларды тануда ойдағыдай табысты іске асырылуына жол беріледі;
Адамды сыртқы нышанына қарап криминалистикалық теңестіру мүмкіндігіне қарап (анатомиялық, функционалдық, ерекше және шапшаң белгіліеріне бөлініп) өзіндік ие болу қасиетіне және біршама түрақтылық күшіне ие,
Адамды сыртқы нышанына қарап криминалистикалық теңестіру қылмысты-процессуаддық занда көрсетілген, тану және экспертиза жүргізу арқылы іске асырылады;
Адамды сыртқы нышанына қарап криминалистикалық теңестіру алдын-ала болжау есте қалу жәрдемінен бейнелеп түсіндіру;
Практикада ол, криминалистикада өңделген, ауызша суреттеу әдісі арқылы жасалады, біз соған тоқтап өтеміз.