Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Адамды сыртқы белгі-нышанын ауызша суреттеу бейнелеп теңестірудің бірізіділігі мен ережесі



бет48/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
2. Адамды сыртқы белгі-нышанын ауызша суреттеу бейнелеп теңестірудің бірізіділігі мен ережесі
Өткен тақырыпты оқып зерттегенде «криминалистикалық фотографиядаң адамның сыртқы бейнесін белгілеудің бір тәсілі талқыланды. О л фотографиялық (фотоаппаратпен суретке түсіру) тәсілі және бөлек тану суретке түсіріп алу. Оның мақсаты іздеу, тану және криминалистикалық тіркеу.
Адамның сыртқы бейнесін, яғни көрнісін сақтап қалу, іздеу және тану мақсатында көп тараған тәсілі жүйелеп баяндау болып табылады. Адамның сыртқы көрінісін іздеу және тану мақсатында жүйелеп баяндау ерте замандағы кезден бастап қолданған. Біздің әрамызға дейінғі 14 жылға жататын бір документтерден қашқан қүдды суреттеуін баяндаған қағаз табылған: жас қүл Аристоген, Хиризин баласы, Александрияға қашып кеткен. Оның аты Герман, басқаша аты Нейлое, Сирияда туылған, туылғаннан бері 18 жастар шамасында, орта бойлы, сақалы жоқ, аяқтары түзу, астыңғы жағының ортасында шүңқыры бар, аузының сол жақ бүрышында тыртығы бар. Белдігінде үш алтын тиынның көлеміндегі монета, 10 маржан тас (жемчуг) темір жүзігі бар.
Бұл бейнелеп түсірудің анатомиялық белгі-нышаны және жанама белгілері мен қоса, ерекше белгілеріне де көңіл аударылған.
Адамның сыртқы әлпетін бұлай бейнелеуде, яғни түсіндіруде ешқандай бір жүйелілік сақталмай, жәй жалпақ сөзбен бейнелеп түсіндірілген. Адамның сыртқы бейнесін, көрінісін бейнелеп ауызша суреттеуді жүйелі, толық реттеп бірінші рет 1885 жылы, атақты француз криминалисті Альфонс Бертильон жасаған. Ол адамның сыртқы бейне-нышанын өңдеп топтастыру және арнайы терминологиялық ойластыру арқасында жүйелеп баяндау арқылы қылмескерді іздестіруде жақсы нәтиже берген. Кейіннен бұл жүйені Швейцар криминалист! Рудольф Арчибаль до Ресис қосымшалар енгізген.
Адамның сыртқы бейнесін жүйелеп баяндауда С.П. Потанов, Е.Н. Якимов, Н.В. Терзиев және т. б. бір жүйемен ғылыми өндеу жүргізіп үлкен үлес қосқан. Адамның сыртқы бейнесін жүүйелеп баяндаганда, үқсастырғанда және қылмыстық-тергеу мақсатында арнайы ережелер, әдістер қүрайтын, ауызша суреттеу қолданылады.
Жүйелеп баяндаудың ережелері мыналар:
1. Жүйелеп баяндағанда бірізділікті сақтап «жалпыдан жекегең, «жоғарыдан томенң, принципін сақтау керек.
Басында былайша жүйелеп баяндау керек: анатомиялық белгілері (жынысы, жасы, үлты, дене қүрлысы, басы және оның жеке бөліктері) сонан соң функционалдық белгілері, ерекше және шапшаң белгілері, бірге болатын жанама белгілері;
2. Бейнелеп түсіру криминалистикада қабылданған арнайы терминдерді қолдану арқьшы жасалып, сыртқы белгі нышаны біркелкі түсінілуі керек;
3. Анатомиялық белгі-нышаны былай бейнеленеді, алдынан анфас (бет алдынан) және жанынан профиль (қырынан қарағандағы көрініс).
Дене мен басына қарап былай түсінік беріледі: кіші, орта, үлкен, аласа, орта, ұзын, биік, қысқа; тар, орта, кең тағы сол сияқты.
4. Форма (контур) сыртқы пішіні геометриялық фигураға үқсастырылып былай суреттеледі (домалақ, сопақ, тік бүрышты т. с. с.) және сызық пішініне қарай (тік, сынық т. с. с.);
5. Жағдай-орналасқаны (сияқты) жөнінде көлденең, тік дененің басқа бөлігінде мынадай терминдерде былай аталады: (тікелей, көлденең, шығыңқы маңдай, ішке қарай кІріп кеткен т. б.)
6. Ерекшеліктері —кем кездесетін белгі-нышаны;
Адамның анатомиялық сыртқы белгі-нышандарын бейнелеп жазу мына жүйе бойынша жазылады:
1. Жынысы: еркек, әйел, ерекшеліктеріне қарап былай атап өту керек, еркектің әйелге үқсайтындығы немесе әйелдің еркекке үқсайтындығы;
2. Үлты: документтегі дерегіне қарап, болмаса бет әлпетіне қарап (монгодцық, кавказдық, орта азяилық, европалық) немесе қай үлтқа үқсайтындығы (орысқа, қазаққа және т. б.);
3. Жасы: документіне қарап немесе шамамен 20-25 жаста деп жазылады;
4- Бойы: мүмкін болса ең жоғарға деңгейде, қалған жағдайларда шамамен көрсетіледі. Адамның бойын анықтау үш басқышта айтылады: аласа бойлы, орта бойлы, ұзын бойлы. Еркектерге 165 см. дейін, 175 см. дейін орта, 185 см. ұзын, әйелдерге 10 см. қысқа.
5. Дене құрылысы: Сүйегіне- бұлшық етінің шыныққандығына қарап: әлсіз, орта шымыр денелі және атлетикалық, денесінің май жинағанына қарап, арық , орта салмақты, толық келген, семіз.
6. Басы: кішірек орта, үлкен; әдет құрлысы, тік, алдына еніштеу, сол немесе оң жақ иығына, арт жағына қарай еңкіш (қайқы).
7- Бас сүйегі: көлеміне қарап—төмен, орта, биік;
Сыртқы пішініне қарап—домалақ, сопақша келген, алмұрт сияқты, қупал бейнелі.
8. Желке: пішініне қарап—жалпақ, шығыңқы, дөңестеу; орналасуына қарап—үшіне қарай кіріңкі, тік, сыртқа шығыңқы.
9. Шашы.: ұзындығы--қысқа, орта, ұзын; қалындығы—сирек, орта, қалың; сыртқы пішіні—тіке, толқындау, бүйра, бүйралау; түсі—қара, жирен, ақ, ақ сары, ашық сары, қоңыр ақ сары, боялған (қай түрге); таралуы—артқа таралған, тура немесе жанына таралған, тіп-тік;
10. Маңдай шашының өсуі—тура, дога секілді, толқын, сынық.
11. Беті—ені бойынша—тар, орта, кең; сыртқы пішіні — сопақ, домалақ, үшбұрышты, ромб сияқты.
Жанынан қарағандағы пішіні—шығыңқы, түзу, шұңқыр; Терісінің түсіне қарап—ағарыңқы, қара торы, қызыл; Толықтығына қарап—арықтау, орташа, толық;
12. Маңдайы: биіктігіне қарап—кең, орта, тар;
орналасуына қарап—артқа шалқайған, тіп-тіке, алға қарай енкіш;
13. Қасы: ұзындығына қарай—ұзын, орта, қысқалау; еніне қарай—кең, орта, жіңішке; сыртқы пішіні—түзу, доғал секілді, ирелеңдеген; орналасуына карай—(көзден қашықтығы) томен, орта, жоғары;
Қалыңдығына қарай—қалың, орта, сирек;
14. Көзі:--көлеміне қарай—үлкен, орта, кіші;
сыртқы пішініне қарай—сызық (жырық) көз, сопақ (иір) домалақ, үшбүрышыты; көз саңылауының орналасуына қарай—көлденең, ішке кіріңкі, сыртқа шығыңқы.
Түсіне қарай—сүр, көк, жасыл, сары, қара, қой көз.
15. Қастары: ұзындығына қарай—орта, қысқа, ұзын;
қалыңцығына қарай—сирек, қалың, орта; сыртқы пішініне қарай—түзу, қайырылған;
16. Мұрын:--мұрынды суреттеп айтқанда кеңсІрік, мұрын арқасы, мұрын үшы, танауларына қарай ажыратады.
Көлеміне бүтіндей алғанда—(биіктігіне және Кеңсіпік--енініе қарай)—биік, орта, аласа, кең, орта, тар, орта, кең,, таяз, орташа тереңдік, терең;
Мұрын арқасы(ұзындығына және еніне қарай)—тар, орта, кең,
ұзын, қысқа, орта;
Пішініне қарай—иілген, иілген бүдырма, түзу, түзу бүдырлы,
дөңес, дөңес иілген;
Мұрын үшы(пішініне қарай)--үшкІР, домалақ, доғал;
Танау: көлеміне қарай—тарлау, орта, үлкен;
Пішіміне қарай—саңылау секілді, сопақ, домалақ,
үшбүрышыты. Мұрын түбі: орналасуына қарай—көтеріңкі, көлденең, түсіңкі.
17. Ауыз: көлеміне қарай—үлкен, орта, тарлау;
ауыз бүрышының орналасу жағдайына қарай,(көлденеңінен алганда)—төмен, түсіңкі, жоғары көтеріңкі, көдденең;
18. Ерін: толықтығына қарай—жіңішке, орта;
орналасуына жағдайына қарай(асты мен үстін салысытрғанда)—жоғарғы ерні шығыңқы, астыңғы ерні шығыңқы, жалпы ерні шығыңқы, ерні тартыңқы;
19. Тістері: майда, орта, Ірі, сирек, жиі;
20. Иек: биіктігіне қарай—биік, орта, төмен; еніне қарай—кең, орта, тар;
Сыртқы пішініне қарай—түзу бүрышты, үшбүрышты, домалақ. Орналасуына қарай—кесілген сияқты, тік, шығыңқы;
21. Қүлақ: негізінен алғанда жеке бөлшектері суреттеледі(қүлақ іші бүрама шиыршық, қарсы бүрама шиыршық, қүлақ түбіндегі томпақ, қүлақтағы сырғалық үшы. Көлеміне қарай—үлкен, орта, кіші; Нүсқасына қарай, сыртқы пішіні—сопақ, домалақ, үшбүрышты, тік бүрышты;
Қалқиып орналасуына қарай—жалпы, жогарғы, төмен жағы;
Іпиыршық--кең, орта, тар;
қарсы шиыріпық--ісіңкі, дөңес, иІрілген;
қүлақ түбіндегі томпақ--кішілеу, орта, үлкен;
сырғалық үшы—үлкен, орта, кіші;
сыртқы пішіні—домаланған, үшбұрышты, сопақ, түзу бұрышты;
22. Мойны: жуандығына қарай—жіңішке, орта, жуан; ұзындығы—ұзын, орта, қысқа;
23. Иығы: еніне қарай—кең, орта, тар;
орналасуына қарай—көлденең, көтеріңкі, түсіңкі;
24. Кеуде: тар, орта, кең;
пішініне қарай—ішке кІріп кеткен, шығыңқы;
25. Арқа: кең, тар, орта;
пішініне қарай—түзу, еңкіш, жауырыны шығыңқы, бүкірлігі;
26. Қолы: көлемі (жуан немесе жіңішке)--қысқа, орташа, ұзын, жіңішке орташа жуан;
27. Аяқтары: көлемі(ұзындығы мен жуандығы)--қысқа, орташа, ұзын; Сыртқы пішініне қарай—түзу, О-тектес, Х-тектес;

Функционалдық белгілері.


1. Аяқ алысы: шапшаң, жай, жеңіл, ауыр, сүйретіліп басу,
секіріп жүру, жыбырлатып басу, шайқалып басу;
2. Жұлқынып сөйлеу: қол қимылдары жинағы, сөйлеген кезде
мәнерлеп сөйлеуінің күшейе түсуінің пайда болуы;
3. Келбет (сымбат): әдеттегі дене мен бастың күйі. Келбет түзу, бүкірлеу, еңкіштеу, бостау, көкіректеу болады.
4. Бет қимылы: ол әдеттегі бет бұлшық етінің қимылы(қасының көтеріңкілігі, көзімен сығырайып қарау, ерінін тістеу және басқа);
5. Дауыс: дауыстың әуезділігіне қарай қаралады(бас, баритон, тенор, альт, дискант); дауыстың күштілігі--әлсіз, орта, күшті; тазалыгынй қарай—таза, қырылы бар, қарлыққан, қатаң дауыс;
6. Сөйлеу: жай сөйлеу, тез, асықпай, қозушылықтан бөліп сөйлеу, сақаулану, кекештену, түтықпа, тілін шайнай сөйлеу, маңқылдап сөйлеу, тілі мүкіс;
7. Үлгі (әдет): адамның белгілі бір жағдайда өзін үстауы (қолын қалтасына салып түру, арқасына үстау, бір-біріне уқалау, мүртын, шашын, сақалын сипау, аяғын бір жайдан екінші жайга ауыстыру, тісіне бір затты тістеп түру, көйлектің жеңін қацырып жүру т. б.)
Кейіннен айырқа шапшаң белгілері суреттеледі: түрі, түрған жері, көлемі, сыртқы пішіні, түсі;
Татуировкаға ерекше көңіл бөлу керек.
Сонан соң киімі мен басқалай күнделікті түтынатын заттары: (аяқ киімі, әшекейлі заттар, көз әйнек т. б.) жалпы және жекелік қасиеттері, белгі нышандарына қарай суреттеледі.
Аты фасоны, қалай пішіліп тігілгені көрестіледі. Әшекейлі заттарды суреттегенде олардың түрлері көрсетіледі (сақина, білезік) қандай заттан дайындалғаны, түсі, көлемі, пішіні.
Осымен адамның бейнесін ауызша суреттеу аяқталады.
Бұл сұрақты қортындылай келе мынадай шешім шығарамыз:

  • іздестіру және теңестіру мақсатында адамның сыртқы көрінісін бейнелеу, ауызша сурттеу әдісімен жүргізу, толық бейнелеу және арнайы атау мен бір жүйелілікті талап ету;

  • бұл үйлесімді жүйе қылмыскерді анықтап суреттеуді міндетті түрде орындап, бірінші кезекте осы немесе басқа қылмысты тексеріп жүргізуді қамтамасыз етеді;

Сонан соң ауызша сурттеу әдісін ішкі істер бөлімдерінде, практика жүзінде қалай қолданатынын мүмкіндігінше анықтау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет