Педагог-психолог: Күмісбекова М
Компетентті қарым-қатынастың арқасында жанжалдың алдын алуға бағытталған 10 түрлі практикалық кеңестер
• Басқа адамдардың ой-пікірі сіздің пікіріңізге қарама-қайшылықта болып келсе де, олармен шыдамдылық, тіпті қызығушылықпен қарауды дағдыға айналдырған жөн.
• Басқа адамдарға деген жағымсыз эмоцияларыңызды, ең болмаса олардың сыртқы білдірмей-ақ қоюға бар күшіңізді салып күресіңіз.
• Қарым-қатынаста шектеулі, дөрекі және үзілді-кесілді баға беруден аулақ болыңыз.
• Айналадағылармен қарым-қатынас кезінде тек жағымды жақтарын есепке алуға тырысыңыз. Адамдары көбінесе, жасамаған істеріне емес, жасаған істеріне қарай бағалауға тырысыңыз.
• Егер айтатын сыныңызды шынай түрде, мақтауға тұратындай орнын толықтыратын дәрежеде жеткізсеңіз, сын сындарлы (конструктивті) күйде қабылданады.
• Адамның жеке басын немесе жұмысын толығымен емес, тек нақты іс-әрекеті мен ісінің нақты қортындысын ғана сынға алуға болады.
• Бір адамды сынға ала отырып, оны басқа да жақсы адамдармен салыстырудан аулақ болыңыз.
• Пікірталас, айтысты бастамас бұрын, оның атын-затын анықтау қажет, айтыстың қортындысында проблеманы шешудің мүмкіндігін, пікірталастағы мақсатыңыз бен оған жетудегі ықтималдықты да есте ұстаған жөн.
• Жанжал барысында ең басты қауіп - артық эмоциялардың болуы.
• Ең бірінші өз эмоцияларыңызбен жұмыс жасап, оларды бақылауға ала отырып сенімсіздік пен наразылықты жеңуге тырысқан жөн.
• Қарсы жағыңыздың мақсатын оларға не кере екендігі мен талап тілегін мұқият тыңдап алыңыз, сонымен бірге оларды шын мәнінде түсінгендігіңізді білдіріңіз.
• Өзіңіздің мүдделеріңіз бен ниетіңізді нақтырақ айтуға тырысыңыз.
• Интуитивті жиналған шешімдерді жинақтаңыз.
• Екі жақты да қанағаттандыратын тиімді шешім таңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |