Бұрғылау-аттыру кезіндегі маркшейдерлiк жұмыстар Карьердегi бұрғылау-аттыру жəне жарылыс жұмыстары алдын ала жасалынған жобаға сəйкес жүргізіледi. Осы жоба карьердiң маркшейдерлiк қызметiнiң белсендi түрде қатынасуымен жасалынады. Бұрғылау-аттыру жұмыстарының жобасын жасау алдында маркшейдерлiк қызмет жарылыс болатын кемерлердiң өлшемдері мен кеңістіктегі орнын егжей-тегжейлi түсiредi. Түсiрiс нəтижесiнде пландар мен қималар толықтырылады да, олардың көшiрмесi дайындалады.
Пландар мен қималардың көшiрмесiне бұрғылау жарылыс жұмыстарының есептелген параметрлерi бойынша жобадағы планға жəне қимаға түсiрiледi. Бұрғылау-жарылысжұмыстарыныңжобасын бас инженер бекiткеннен соң, маркшейдер жобадағы ұңғылардың орнын кемер алаңдарында белгілейді. Əрбiр ұңғының сағасына қазықша қағып, оған нөмерiн жəне тереңдiгiн жазып қояды. Үңғылар бұрғыланып болған соң, олардың өлшемдерінің жобаға сəйкестiгiн тексерiп қабылдайды.