Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды.Оларға кейбір автомобиль маркаларын, электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады.
Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар-тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар (жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.)
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар-кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін өндіреді.
Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау
Уақыт ағымына қарай тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта қалуы үшін фирма тауарының ассортиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын жақсартып отыруы қажет. «Жаңа тауар» түсінігінің бірнеше ондаған түрлері бар. Жаңа тауарға жаңа принципті қажеттілікиерді қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары жатады. Жаңа өнім-бұл өнімнің модификациясы, жаңалық енгізу және жаңартпасы. Жаңғыртып, жетілдіру (модификация)-бұл тауарлар сипаттамасының сапалық немесе физикалық өзгерісі. Өнімді жаңғыртып, жетілдіруге мынадай жағдайлар жатады:
Тауардың химиялық, физикалық және функционалдық сипаттамасының (атериал түрі, тұтыну мерзімі, қауіпсіздігі, жайлылығы, әмбебаптылығы) өзгеруі;
Тауардың эстетикалық сипаттамасының (сыртқы түрі, дизайны, түсі, қорабы) өзгеруі;
Жаңа енгізулер-ол фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.
Инновациялық тауар-бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түп нұсқадағы тауарлар. Нарыққа бірінші рет шыққан кезінде видеокамералар, дербес компьютерлер инновациялық тауарлар есебінде болды.. Жаңа тауарлардың тек 10%-ын ғана «әлемдік» деп атауға болады. ұтыну тауарларын шығаратын ірі компаниялардың бірінде 64 ұсынылған идеялардың ішінде жаңа тауарды енгізу шығындары шамамен 14 млн доллар құрады. Жүйелік бағалау процедурасын қолдана отырып, жаңа тауар енгізудегі тәуекелділікті төмендетуге болады. Батыс елдерінің ірі фирмаларында жалпы инновация процесін бағыттайтын арнайы құрылымдар құрылады. «Нестле», «Джонсон & Джонсон», «Дженерал Фудз» фирмаларында жаңа тауар шығарумен айналысатын менеджмент бөлімдері бар. Кейде нақты тауарды жасау үшін немесе жаңа қызмет бағытына жауап беретін «венчурлік топтар» құрылады.