Тауар саясаты Орындаған:Қосақбаева мақпал Жоспары Тауар саясаты түсінігі


Тауардың ұзақ пайдалану мерзімі. Ол-тауар қызмет ету мерзімінің тиімділігі



бет3/4
Дата19.10.2023
өлшемі7,67 Mb.
#119379
1   2   3   4
Тауардың ұзақ пайдалану мерзімі. Ол-тауар қызмет ету мерзімінің тиімділігі.
  • Сервис-тауардың сатуға дейінгі және сатылғаннан кейінгі қызмет тиімділігі мен жылдамдығы.
  • Өнімнің эстетикалық қасиеттері: дизайны, түрі, түсі, дәмі және т.б.
  • Тауар имиджі.
  • Тауар сапасын көтеру бұрын өндірген өнімдердің ескеруіне әкеліп соғады. Кейбір жағдайда өндірушілер тауарды жасанды түрде ескіртеді.
  • Тауар сапасы, көбінесе «өнім өзегіне», яғни оның физикалық және химиялық қасиеттеріне, дайындалған материалдар құрамына, салмағына, дәміне, иісіне, икемділігіне, құрастырылуына, қуаттылығына, өнімділігне байланысты болады. Өнімнің қызметі көбінесе оның белгілеуімен байланыстырып түсіндіріледі.
  • Өнімнің сыртқы түрі тұтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол өнім түрінің, дизайнының, мөлшері мен буып-түюінің сәтті қисынына байланысты.
  • Тауар формасының түрі шексіз болуы мүмкін. Оларды пирамида, куб, шар сияқты геометриялық фигуралар көмегімен қиыстыруға болады. Көзге жайлы және аз іс-қимылмен қамтылатын өнім формасы айтарлықтай тартымды екенін физиологтар растайды.
  • Түс өнімді түрлендіру үшін қолданылатын қарапайым құрал. Әлемде 7,5 млн-ға жуық түс және 2800-ге жуық олардың аталуы белгілі.
  • Дизайн-нарықта тауарды саралауға қолданатын негізгі мықты құралдардың бірі. Сәтті дизайн бұйым формасы мен тауар функциясының сәйкестігін бейнелейді.
  • Ассортимент саясаты тұтынушы талабына сай тиімді ассортиментті тауар құрылымын, бір уақытта ТӨЦ-тің әр кезеңінде болатын өнімнің жаңғыртып , жетілдіруі мен жаңа тауарды шығару проблемасын топшылайды.
    • Тауар белгісі – бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
    • Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін.
    • Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар белгісінің иесі (лицензиар) тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін.
    • Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет