Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


«Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары



бет119/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   226
3.3. «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының үздіксіз білім беру жүйесінде іске асуына байланысты атқарылып отырған шаралар тарихымыздың өткені, бүгі-ні, болашағын сабақтастыра отырып білім беру мәселесі басты бағыт болып табылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының даму мен қалып-тасуына тоқталатын болсақ сақ, ғұн, түркі елінің батырлары Құлтегін, Тоныкөк батырлардың ерен ерліктерінен бастау алатынын, Түркі қаға-наты тұсындағы түркі жұртының қайталанбас даналығы мен көреген-дігінен нақты көре білуге болады.
Қоғамның алдында тұрған негізгі мұрат бабаларымыз арман-даған мәңгілік ел идеясын дамыта отырып іске асыру. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі көрсеткішіеліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, бабаларымыз аманаттаған ұлы даланы ұрпағына аманаттау, сол ұлы даланы мекен етіп отырған халықты бәсекеге қабілетті, әлемдік тех-никалық прогресс көшіне ілесе алатын, рухы биік зиялы ұрпақты қа-лыптастыру болып табылады. Идеяны іске асыруда отбасында бастау алған тәрбиелік құндылықтар үздіксіз білім беру жүйесінде табысты нәтижеге жетуі керек. Ұлттық көзқарасты қалыптастыратын тарихтан басқа, рухани көркем туындылар ұлттық мүддені алдыңғы қатарға шығарып, ұлттық танымға қызмет етуі тиіс.


3.4 Тұлғаның интеллектуалды даму деңгейі –оның дүние-танымының қалыптасу көрсеткіші.ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру, 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономи-каның және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам, бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлтты құруды көздейді.
«Интеллектуалды ұлт-2020» мемлекеттік бағдарламасы интел-лектуалды ұлтты қалыптастырудың индикаторы болып табылатын ұлттық экономикамызды дамыту, халықтың әл ауқаты, медицинамен және тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етілуі, білімге қолжетімдігі т.б. жобада нақты ашып көрсетілген.
Бүгінгі студент жастар мен болашақ маманның алдына қоғам-ның демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты үдерісін, түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулы-ғын,қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге бағыттай-тын және қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптасты-руға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға нақты тапсырмаларды ұсынады.
«Интеллектуалды ұлт-2020» атты ұлттық жобаның басты идея-сы - Қазақстандағы халықтарға жаңа үлгідегі тәрбие беру мен, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы жоғары деңгейдегі елге айналдыру бағытымен байланысты. Осыған орай адамның интеллек-туалды әлеуетін дамытудың қажеттілігі мен адами капиталының құн-дылығы өркениетті қоғамның базалық құрамы ретінде өзектендірілуде. Мәселенің маңыздылығы Н.А.Назарбаевтың «Бізге ұлттық интеллекті-нің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек», – деп атап көрсеткен тұжырымдарымен тікелей байланысты.
«Адами капитал» ұғымы-ХХ ғасырдың 60-жылдарында пайда болған экономикалық категория. Адами капиталдың сапасы өндірісте болсын, елдің дамуында болсын шешуші фактор болып табылады. Әр елдің экономикалық тұрғыдан дамуы оның жер асты байлықтарымен, пайдалы қазбаларымен, экологиялық қорларымен, материалдық құн-дылықтарымен емес, керісінше адамдардың білім мен іскерліктері сапасына байланысты бағалануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет