Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар



бет217/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар - түрлі ақ-парат көздерімен (электрондық, баспалық, қарым-қатынастық) жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын педагогикалық технологиялар. Ақпараттық техноло-гиялардың жедел модернизациялануына байланысты мұғалімдердің ақпараттық құзыреттіліктеріне деген талаптар жылдан-жылға кү-шею үстінде.
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне төмендегідей іскер-ліктер мен дағдыларды меңгеруі жатады:

  1. электрондық базамен жақсы жұмыс істей алуы, ком-пьютерлік сауаттылығының болуы (MS Offise Word, MS Offise Excel, MS Offise Power Point, MS Offise Publisher, т.б. бағдарламалармен жұмыс істей алуы);

  2. оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа қажетті материалдарды иллюстрациялық, анимациялық ерекшеліктерімен презентация құрастыра білуі;

  3. мультимедиялық жобалардың, интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін пайдалана білуі, оқу бағдарламаларын көрсетуде қажетті деңгейде проекциялау техникасының тілін білуі;

  4. оқытатын пәні бойынша электрондық-сандық ресурстар, электрондық оқулықтар, атластар, құралдар, электрондық жұмыс дәптерлері, электрондық күнделік, компьютерлік тесттермен жұмыс істей алуы;

  5. жеке электрондық дидактикалық материалдарының қорын дайындау, оқушылардың электрондық портфолио банкін дайындай алуы;

  6. сайттар, буклеттер жасайтын бағдарламаларды, редактор-лармен жұмыс жасай алу, электрондық кітапханалар мен веб-сайт-тарға сілтемелерді пайдалана отырып, сабақ тақырыбына қажетті қосымша материалдарды пайдалана алуы;

  7. интернет желісінде блог, форумдар жүргізу, оқушылар-мен, ата-аналармен, әріптестерімен кәсіби желілік қоғамдастықтарда on-line жұмыс жасай алуы, желілік журнал, күнделіктер жүргізуі;

  8. интернет кеңістігінде оқушыларды дистанциялық олим-пиада, сайыстарға, викториналарға қатыстыруы;

  9. арнайы Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn және т.б. интернет платформаларында оn-line түрінде біліктілікті жетілдіру курстарына қатысуы.

Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне қойылған талаптар жылдан-жылға жаңарып, өзгеріп отырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет