Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Ынттаны, қызығушылықты ояту кезеңі



бет219/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Ынттаны, қызығушылықты ояту кезеңі(Evocation):

  • тақырып бойынша белгілі білімдерін еске түсіру, ойландыру;

  • Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту;

  • оқушылардың осы тақырыпты меңгеру бағытын анықтауы;

  • оқу ынтасын оятуға байланысты проблемалық сұрақтардың қойылуы,

  • қызықты тарихи маңызды мысалдардың келтірілуі, т.б.

  1. Ой қозғау, түсіну кезеңі(RealizationofMeaning ):

  • оқушылардың белсенді ой еңбегіне қатысуы;

  • тақырып көлемінде мәтіндермен түрлі жұмыс істеу әдістерінің болуы;

  • оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

  • мәтінге, білімге деген жағымды көзқарас қалыптастыру;

  • мқушыларды өз беттернше жұмыс істеуге, ізденуге үйрету;

  • педагог тек сырттай бақылаушы, кеңесші, бағыттаушы болуы;

  • сабақты жоспарлауда әртүрлі стратегиялардың пайдала-нылуы, т.б.

  1. рефлексия, ой толғаныс кезеңі (Reflection):

  • бұрынғы білетін білімдер мен жаңа алған білімдерін салыстыру;

  • тақырып көлеміндегі білімдерін жүйелеу;

  • болашақта осы тақырыпты жетілдіру бағыттарын анықтау;

  • оқушының тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін талдауы;

  • өздік танымдық жұмысын бағалаулары, өзара баға берулері;

  • кері байланыс карталарының сұрақтарына жауап берулері;

  • қорытынды тұжырым жасау үшін қысқаша эссе жазулары, т.б.

Сабақтың осындай құрылымы адам қабылдауының кезеңдеріне сай анықталған. Қысқаша айтқанда, ең бірінші тақырып бойынша не білетіндерін ортаға салып қызығушылықты ояту, екіншіден, жаңа ақпараттармен танысу және бөлісу, үшіншіден, бұл алған білімдерді не үшін және қалай қолдану жайлы ой толғаныстың болуы қажет.
Бұл технологияда ақпараттардың оқу арқылы қабылданып, жазу арқылы есте қалатынына аса мән берілген. Сондықтан аталып отырған технологияда оқу және жазу үдерістерінің түрлі тәсілдері қарасты-рылады. Мәтінмен жұмыс істей отырып оқушы өзінің қаншалықты түсініп отырғанын бақылайды, оған сырттан ешкім ықпал жасамайды және танымдық мақсатқа өз бетінше жетуге тырысады.
Сынитұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының түйін сөз-дері:түсіне оқу, тиімді оқу, рефлексиялық жазу. Мектептегі өзгермелі фактор - педагогтардың оқушылардынеге үйрететіндері емес, қалай үйрететіндері. Ең маңыздысы сол белгілі білім ақпараттарын тың-даушыға қандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуінде. Оқыту мен жазу білім берудегі ең негізгі үдерістер болғандықтан, оқушыларды дұрыс жазып, дұрыс оқу тәсілдеріне арнайы үйрету, ақпараттарға сын тұрғысынан қарап, ой елегінен өткізу тәсілдерін меңгерту қажет.
Оқуда кез келген ақпарат түрлі тәсілдермен талданып, мазмұны бойынша маңызды жақтары іріктеліп отырады. Түсіне оқу деген ұғым-ның өзі педагогты ойландыруы керек. Мұғалім ақпараттың күрделілік деңгейін дұрыс таңдап, оның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуін ескеруі қажет.
Сондай-ақ тиімді оқудың өзі үлкен өнер. Ол үшін мұғалім ой еңбегінің нәтижесіне әсер ететін барлық факторлар дұрыс ойластыруы керек. Қанша уақыт жұмсау, нені анықтау, қандай сұрақтарға жауап іздеу, не үшін оқу – осының барлығын дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің және технологиялық құзіреттілігінің айқын дәлелі бола алады.
Рефлексиялық жазу - оқу барысында оқушылар көптеген жазба жұмыстарын атқарып отырады. Мысалы қысқаша конспект жасау, түртіп жазу, ұнаған ойларды жазып алу, ұлы адамдар сөздерін жазып алу. Сонымен қатар оқыған материал бойынша рефлексиялық жазба жұмыстарын жүргізу (оқылған материал бойынша эссе, шығарма, маз-мұндама жазу, т.с.с.) білімді меңгеру деңгейін дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін маңызды тетіктердің бірі.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда шетелдік білім беру үдерісіндекөп жылдардан бері қолданылып келе жатқан Блум таксономиясы тиімді нәтижелер көрсетуде. Осы теория негізінде танымүдерісі ең қарапайымынан бастап 6 деңгейге бөлініп қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет