Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет37/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   226
Байланысты:
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Вербалсыз қарым-қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жүргізілетін сөзсіз қарым қатынас.
Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантамимика - қарым-қатынастағы сөздік коммуникацияның орнына аяқ-қолдарының қозғалыстары, дене қалыпы, еңкею, шалқаю, жүріс-тұрыс, т.с.с арқылы адамның ішкі көңіл-күйін түсіндіре алудағы іс-қимылдар тілі және бүкіл дене моторикасы.
Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі (шартты белгілер, жалаушалар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдарыарқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін рельефтік-нүктелер комбинациялары арқылыоқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л’Эпее әліппесі (1775ж. Франция) (саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусақтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты тілдесудің көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.
Педагогикалық мамандықта мұғалімнің мимикасы оқушыларға күшті әсер береді. Мұғалім сабаққа күлімдеп кірсе, оқушылардың ынталары, көңіл-күйлері жоғарылай түседі, ал егер ашуланып кірсе, оқушыларда бірден алаңдаушылық, қорқыныш сезімдері, үрей пайда болады.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта «Көз-адам жанының айнасы»-деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80%-ын адам көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімені жалғастыру қиынырақ. Мысалы, сіздің әріптесіңіз немесе оқушыңыз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса, сіз оның көзін көрмегендіктен ыңғайсыздықты сезінесіз.
Адам көңіл-күйінің нашар болуы, әдетте бет-әлпетін тұнжыраңқылығын көрсетеді. Ал күлімдеу, керісінше, оның көңіл күйін жадыратады. Күлімдеп жүру – жан үшін шипа, ал шын көңілмен 3 минут күлу таңертенгі 15 минуттық бойсергітуді алмастырады.
Вербалсыз қарым қатынаста адамның қолының қимылына да көңіл аударып адамның психологиясы жайлы мәліметтер алуға болады. Мысалы, қолын екі бүйіріне таянып тұру–адамның бір істі атқаруға дайындығын, батылдығын, табандылығын көрсетеді. Екі қолын артында айқастырып, басын жоғары ұстау – «бастық» позасы. Тырнағын тістеу, қайта-қайта киімін түзету–адамның қобалжып, не-месе бір нәрседен ыңғайсызданып отырғанын байқатады. Ашық алақан, жұмылған жұдырық, сұқ саусақты көп көрсету, екі қолды алдында айқастырып ұстау, жағын таянып отыру, басын сипалай беру, иегін сипалай беру, т.б қол қимылдарының әрқайсысы өзіндік ақпараттар белгісі.
Мұғалім еңбегінде такесикадеген ұғым да көп рөл атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, қолынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағып, қолпаштап қою, костюмының жағасын түзетіп қою, қол алысып құттықтау т.б қол қимылдары арқылы жасалатын қатынастық белгілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет