Педагогика мен психологияның зерттеу пәндері арасындағы айырмашылықты сипаттаңыз.
Әл-Фарабидің, Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың шығармаларындағы психологиялық зерттеу әдістері және оларды педагогикадағы ғылыми зерттеу мен білім беру практикасында пайдалану логикасы.
А. Маслоудың тұлға теориясы және оны педагогикалық зерттеудегі қолдану мүмкіндіктері.
Қазақтың танымал психологтары М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаевтың және т.б. еңбектеріндегі зерттеу әдіснамасы туралы білімдерді жүйелеңіз.
“Неге психологиялық білім педагогикада теориялық модельдер құрудың бір көзі болып табылады» деп ойлайсыз?
2-тақырып.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1. Педагогика ғылымының әдіснамасы. Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анық-талады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқа-шан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педаго-гикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Тео-рия – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және прак-тикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастыру-дың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекетті және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Педагогика әдіснамасының мазмұнын анықтаудың қалыптасқан бағыттарына тоқталайық. М.А. Даниловтің педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары осы саладағы еңбектердің іргетасына жатады. М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анық-тамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен не-гіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».
В.В. Краевский, М.А.Данилов ұсынған педагогика әдіснамасы-ның анықтамасын қабылдай отырып, «педагогиканың әдіснамасы педа-гогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсіл-дердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылы-ми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі»,- деп тұжырымдайды
Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И. Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдіс-тері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».
Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі қырларында түсінілуі мүмкін. Педагогика әдіснамасы – педагог-тардың ғылыми-танымның тиімділігі мен нәтижелігіне жетуді қамта-масыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйымдастыруы, әдіс-тері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері туралы ілім.
Сонымен, педагогика әдіснамасыкең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін жәнетар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.