Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет79/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

1.3. Білім беру парадигмасы жэне субъект-субъектыі қаты-
нас.
Білім берудің жаңа парадигмасынын пайда болуы әлемдік білім 
кеңіспгігіне енудегі өркениетті дамудың маңызды жактарынын бірі бо- 
лып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметі бүгінгі күні бі- 
лім беру парадигмасына сай ұйымдастырылуды тапап етеді. Сондык- 
тан білім беру парадигмасының накты мэнін зерделеу қажет. Ғылыми 
зерттеулерде «парадигма» ұғымына эртүрлі анықтамалар береді.
Білім беру жэне педагогика сөздігінде 
«парадигма
(бейне, үлгі, 
мысап деген грек сөзінен шыққан) - сол кезеңдегі ғылым дамуынын, 
ғылыми зерттеу стандартының, алынган мэлімеггерді, ғылыми зертгеу 
нэтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде кабылданған тео- 
риялық жэне эдіснамалық ереже, тұжырымдамалык схема». Парадиг- 
маны ғылыми термин ретінде енгізген Т. Кун, онын ғылымды тану
127


тркырымдамасында 
«парадигма танымал болган гылыми жетістік-
тер»
деп тусіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір 
тарихи кезеңдегі ғалымдардың зертгеу практикасы, соларға қарап 
ұйыидастырылатын иегізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, эдістер 
жұйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта басым болатын зерттеу 
әдістерінің, мэселені қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырым- 
дамалық сызбасы, моделі.
Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, 
философтар
пара- 
дигманы ғылымнын нақгы саласының белгілі бір даму кезеңіндегі тео- 
риясының қолдану тэсілдері ретінде қарастырады. 
Логикада
парадигма 
ғылымның дамуындағы белғілі бір кезеңдегі ғылыми зерттеуге қажет 
үлгі, модель, стандарт, ғылыми таным удерісінде туындаған мәселе- 
лерді болжау жэне шешуге арналған түсіндіру, бағалау жэне ғылыми 
мәліметтерді жүйелеу ретінде пайдаланылатын ғылыми қоғамдастықга 
қабылданған теориялық жэне эдіснамалық ережелердің жиынтығы 
ретінде айтылады. 
Психологияда
парадигма белгілі бір тарихи кезең- 
дегі берілген білім аймағындағы (пэндік) ғалымдардың зертгеушілік 
тэжірибесінің үлгісінде ұйымдастырьшған негізгі ғылыми жетістіктер 
(теориялар, эдістер) жүйесі ретінде зерделенеді.
Әлемдік педагогика ғылымы үшін білімнің өркениет дамуын- 
дағы жаппы жағдайымен жэне жүріп жатқан үдерістермен байланыс- 
тылығы мен сәйкестігі кең өріс алуда.
Ғалым педагоггар педагогикалык үдерістегі үш парадигмалық 
кеңістікті атап өтеді. Ең байырғы генетикалық парадигманы олар 
«дэстүрлер парадигмасы»
деп атайды. Бұл парадигма эртүрлі тарихи 
жэне мәдени жағдайларда дәстүрлілікті сақтауды қолдайды.
Бұдан кейін келген 
гылыми-техникалық парадигма
материал- 
дық құндылықтар, ғылым мен техниканы дамыту, соған сэйкес нақты 
ғылымдардың үстемдігі негізінде құрылған. Технократтық логика ұс- 
танымдарына сәйкес бұл оқыту парадигмаға көшірілді. Осы ғылыми- 
техникалық прогресте жетістікке жеткізгенімен онда физиология, пси- 
хология мен адамгершіліктің астарларына, оқушының жан дүниесін- 
дегі құбылыстарға бойлауға орын берілмегені белгілі болды.
Уақыт өте келе парадигма категориясының талаптары ғылым- 
нан білім беру үдерісіне көшірілді. Демек білім беру үдерісінің негізі- 
не ғьшыми жетістіктерді енгізу ғапымдарды парадигманы тек ғылымда 
емес, білім беру тэжірибесиде пайдалануды негіздеді. Сол себепті 
адамның әлеуметтік мэдениетте дамуы барысында 
білім берудіц гума-
нитарлъщ парадигмасы
қалыптасты. Бұл парадигма аясында кәсіби 
педагогиканың құндылық негізі -
нақты адам, оның ішкі элемі, та-
нымының
ерекшелігі болып табылады. Мұндағы басты басымдылық -
оқушыны адам, жеке тұлға деп қабылдау, оның көзқарасымен, пікірі- 
мен санасу, адами қарым-қатынас жасау. Гуманитарлық парадигма-
128


ның ерекшеліктерінің бірі - мұғалім мен оқушы арасындағы мәнді 
қүндылыктардың теңдігі.
Педагогикалық удерісті жаңа парадигмаға сәйкес нәтижеге қа- 
рай бағытгау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
- белсенділік пен қатынастын бірлігі, үрдіске қатысушылардың 
барлық субъектілерінің ұйымдастырылган бірлескен дербес іс-әре- 
кеттері;
- әр түрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;
- субъектілердің өзара эрекеттері нэтижесінде пайда болатын 
эртүрлі қарым-қатынастарынын жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет