Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет130/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

Оқыту үдерісі
- мұғалім мен окушылардын мақсатқа бағыт- 
талған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен 
дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, 
қабілетгерін тәрбиелеп дамытатын іс-эрекет барысы.
Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі 
құрылымы жэне компоненттерімен сипатгалады.
1) ғылыми білімнің, іскерліктің жэне дағдының жүйесі (білім 
беру мазмұны);
2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын жэне карым- 
қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру);
225


3) окушылар ужымы (оқу);
4) оқыту әдістері;
5) оқыту кұралдары: дидактикалык және техникалык кұралдары;
6) оқыту нэтижелері.
Білім -
адамзаттын жинақгаған тәжірибесі, заттар мен құбы- 
лыстарды, табиғат пен когам зандарын тану нәтижесі. Білімді жеке 
адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, 
салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. 
Іскерлік -
алган білім негізінде оқушының практикалық эрекеті іске асырылады. 
Білімсіз кандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысапы, сауатты жазу 
ұшін грамматикапық ережелерді білу керек , т.с.с.). 
Дагды -
бұл қайта- 
қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықгандыру (мысапы, 
тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.).
Оқыту процесінің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күште- 
ріне байланысты. 
Қозгаушы күш
деп қойылатын талаптар мен оларды 
орындауда оқушылардыц мүмкіншіліктері арасындагы қайшылықтар- 
ды айтады. Егер, қойылатын тапап оқушылардың мүмкіншілігіне, ягни 
даму дэрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне ай- 
напады. Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне 
назар аударайык.
Оқыту - күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және 
ақыл-ойы мен шығармашылық каблегін, біліктілігі мен дағдысын да- 
мыту негізінде жүзеге асырылады. Оқыту -
екі жақты
үдеріс. Оқыту 
оқушы мен мұғалімнщ өзара бірлесіп жасайтын эрекетінен тұратын 
күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнін білім берудегі негізгі іс- 
эрекеті болса, ап оқу - баланың өзінін танымдық, практикалық іс- 
әрекеті. Оқыту -
мақсатты
үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам 
талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нэтижелі өтуіне 
негіз болатын түп қазық - мақсаттың жүзеге асуы. Оқыту -
жоспарлы
үдеріс. Мұгалім оқушылардын жас ерекшеліктеріне сэйкес таным қыз- 
метінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде 
жүзеге асырады. Оқыту -
даму
негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тэн 
екі белгіні: организмнің 
өзіндік дамуына
жүйелі түрдегі көмек және 
жеке бастың 
жан-жақты жетілуін
түйістіреді.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи- 
мылына байланысты. Оқыту -
таным
үдерісі. Танымның ерекшелігі 
оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным 
қабілетін мақсатқа сэйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін- 
деттерінің бірі - шэкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту -
бұл окушылардың таным іс-эрекет- 
терін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен 
жана білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең таяу 
даму зонасын жасау».
226


Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі -
өзара карым-катынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, окыту процесі - мұға- 
лімнін баламен үнемі рухани карым-катынаста, ынтымактастык жағ- 
дайда болуын кажет етеді. Оқыту үдерісінде окушы тек мұғалімнің 
эсерін кабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-кимылы мен өзінің психи- 
калық процестерін басқаруы, ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті 
екенін айқындайды.
Оқытуда ғылым негіздерін окып-үйренудің өзі, ғылым тарихы- 
мен, онын эдістемелерімен танысу, ұпы ғалымдардың өмірі мен қыз- 
меті жайлы ақпарат алады. Окушы дүниетануда бұрын ғылымда бел- 
гілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, зандылықгар мен 
тркырымдамаларды эрі қарай дамыта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет