Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет147/184
Дата14.09.2023
өлшемі5,12 Mb.
#107916
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   184
Байланысты:
педагогика-таубаева

9.4. 
Педагогикалық шъігармашылықтың нэтижесі ретінде
оқьітудың инноваңиялық формалары.
Оку құралы оқу үдерісінде екі 
әдіспен еңгізіледі. Бірінші жағдайда мұғалім оларды сабақта "дайын 
қалыпта" мәдениет пен оқулықта суреттелген түрінде жан-жақты тү- 
сіндіреді. Екінші жағдайда, сабақта теориялық тапсырмаларды шешу 
барысында мұғалім оқушылармен бірлесіп тапсырма құрастырады, 
нақтылау мен қолдану алгоритмін өндейді.
Білім алушылардың оку әрекетін ұйымдастыру жэне оның нәти- 
желерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог эртүрлі әдістер мен 
құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оку 
процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатгалатынын 
атап өткен маңызды. Бұп жағдайда мүғапім білім алшылардың таным- 
дық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде тэсілдерді накты қол- 
дануға баса назар аудару керек.
Зерттеушілік тэсіл -
оқу процесінің барлық кезендеріне ғы- 
лыми зерттеулердің жалпы жэне жеке эдістерін енгізуді (қабылдаудан 
практикада қолдануға дейін); - шығармашылық-ізденіс қызметтерін 
оқу жэне оқудан тыс уақытта ұйымдастыруды жобалайды.
Зерттеушілік тэсілі «мұғалім - білім алушы» өзара қарым-қа- 
тынасы сипатыньщ ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сон- 
дай-ақ танымдық қызығушылығына тэрбиелеуге, білім алу мен оқуға 
деген оң уәждеме қүруга, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға 
ықпап етеді.
Зертгеушілік тэсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық 
дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс-эрекетін 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Саралап оқыту тэсілй
Саралап оқыту тэсілі - білім алушы- 
лардың эртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім 
алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында эртүрлі топтар 
үшін эртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әр- 
түрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін үйымдастыру үшін ар- 
найы оқыту әдістерін жэне іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіре-
255


ді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықгарымен, мұғалім 
тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмалар- 
ды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудын шарты 
болып табылады.
ҚузыреттШк тэсілі.
Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дэстүрлі 
емес жэне типтік жағдаяттарда шешім қабылдау жэне іс-әрекет жасау, 
өз мақсатын анықгай алу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Жуйелі-эрекеттік тэсШ.
Жүйелі-әрекеттік тэсілі білім алу- 
шының оқу эрекеттерін өз бетінше үйымдастыру негізінде құрылады, 
оларда әмбебап оқу эрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, оздігінен даму, өз- 
дік ұйымдастыру режимінде оқу процесін үйымдастыру мүмкіндігін 
қамтамасыз етеді. Жүйелі-эрекеттік тэсіл курстың тарауларын жеке- 
жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады.
Интегративтік тэсіл.
Білім алушыларды дамытуға арналған 
интегративтік тәсіл барысындағы оқыту процесі эртүрлі құралдар мен 
бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады.-Интегра- 
тивтік тэсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәт- 
тері, театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс). Интег- 
ративтік оқыту тэсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, 
коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын 
дамытуға, көркем өнер туындыларын түсіну жэне бағалауға мүмкіндік 
береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық процестерге эсер етіп қиын- 
дықгарды жоюға, оқу материалын тнімді, қолжетімді, жаңа деңгейде 
қабылдауға мүмкіндік береді.
Ойын арқылы оқыту.
Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қол- 
дану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арт- 
тыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясынын 
басты элементтері: ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады
ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарла- 
нады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материал- 
дары ойын қүралы болып табылады. Ұжымдык іс-эрекет түрлерін 
ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар 
басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нэтиже мен 
өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету эдістерін анық- 
тауды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет