Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет47/184
Дата14.09.2023
өлшемі5,12 Mb.
#107916
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   184
Байланысты:
педагогика-таубаева

Шыгармашылық -
шыгармашылык жұмысқа үйрену.
8. 
Жаңашылдық -
қапыптасып қалган пікірлерге жаңаша 
көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу.
9. 
Психологиялық
- зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, 
өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.
10. 
Геронтологиялық
- жасы ұлғайған адамдардың өздігінен 
білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар 
болып отыруы.
Қазіргі ақпараттық когамда адам өздігінен білімін жетілдіріп 
отыруы арқылы бэсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға 
бола алады. Өздігінен білім алу үрдісінің құнды жақтарының бірі 
ретінде гұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын 
атауга болады. Бұл ұрдісте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі 
білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі 
білімге жетелейді.
Өздігінен білім апудың негіздері эуелі мектеп жасынан бас- 
талып, кейіннен орта жэне жоғарғы кэсіби білім алу барысында жал- 
гасын табады. Ал жоғары оқу орнындагы болашақ мұғалімдер үшін 
өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде мынандай жағдайларды 
карастыруға болады:
1. 
Кәсіби білім беру саласында 
педагогикалық практика
бола- 
шақ мамандардың өздері таңдаіан кәсіптерін практика жүзінде, тере- 
ңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады. Жоғары оқу 
орындарындағы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұс- 
таздардың теориялық білімдерін шынайы педагогикалық үрдіс жағ- 
дайында шығармашылықпен іске асырып, өздерін педагог ретінде сы-
70


нап көрулеріне, болашақ кәсіптерінің қыр-сырымен тереңірек танысу- 
ларына бағытталған.
Педағогикалық практика болашақ мұғалімдердің кәсіби іскер- 
ліктері мен кэсіби құзіреттіліктерін дамытудағы жэне қалыптастыру- 
дағы жоғары оқу орнындағы педағогикалық үрдістің ажырамас бір 
бөліғі. Болашак мұғалімдердің кэсіби даярлықтарының сапасын жоғар- 
латуға бағытталған педагогикалық практиканың білім берушілік, тэр- 
биелік, дамытушылық қызметтерінің мүмкіншіліктері өте жоғары.
2. 
Кітапханадағы электрондық кітап қоры, Интернет жүйе-
сін пайдалану.
Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып 
қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, себебі онда академиялық кітап- 
тардан басқа мерзімді басылымдар арқылы заманауи жаңалықтармен 
танысып отыруға болады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту 
жүйесі бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысу мүмкіндігі 
де мол. Бүл үрдістің ұтымды жағы болып адамның өзіне үйреншікті 
жағдайда отырып сан алуан білім беру бағдарламапарымен танысып, 
өзінің қалауы бойынша біреуін тандап электрондық почта арқылы хат 
алмасып, білімін толықтыруы болып табылады.
3. 
Желілік кәсіби қогамдастықтарға мүиле болу.
Кәсіби-педа- 
ғогикалық қоғамдастық аясында талқыланатын тақырыптар бойынша 
пікір алмастыру өте маңызды. Болашак маман ретінде қоғамдастықта 
өз пікірін ортаға салу арқылы болашақ ұстаз басқа адамдардың пікір- 
лерімен таныса отырып, өзінің кәсіби даму деңғейін жэне кәсіби та- 
ным шеңберін бағамдап, кеңейтуіне болады.
4. Студенттердің гылыми-зерттеуиіілік іс-әрекеттері.
Кәсі- 
би-педагоғикалық дайындық барысында студенттер курс жұмысы, 
дипломдық жұмыс (бакалавриатурада), зерттеу жұмысының нэтижеле- 
рін мақала ретінде жариялау, мағистрлік диссертация (магистратурада) 
жазумен айналысады. Бұл жұмыс, барысында болашақ мамандар бір 
ғылыми мәселені шешуде өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, 
зерттеудін эмпирикалық, теориялык, эдіснамалық эдістерімен таныса- 
ды, бір такырып аясында өздерінің білімдерін терендетеді.
5. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет