Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет70/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

өздігінен тәрбиелеуі. 
Мұғалімнің қарым-қатынасты орната алу іскерлігі 
маңызды іскерліктердің бірі. Бұл іскерлікті үздіксіз дамы-тып отыру қажет, 
онсыз 
педагогикалық 
үдерістің 
нәтижесі 
тиімді 
болуы 
екіталай.Коммуникативтік іскерлікті өздігінен дамытуда өткізген са-бағын 
немесе тәрбиелік іс-шараны видеотүсірілімін талдап көруге бо-лады. Өзіне 
сырт көзбен қарай отырып, мұғалім өзінің сөйлеу мәнерін, дауысын, 
эмоционалдық көңіл-күйін, кинесикасын толық бағалай алу-ға мүмкіндік 
алады. Не болмаса сабақ түсіндіру барысында дикто-фонды қосып қойып, 
кейіннен өзі қайта тыңдап көрген жағдайда да мұғалім өзінің кемшіліктерін 
анықтап алуына болады. Сонымен қатар тәжірибелі, шығармашыл 
ұстаздардың сабақтарына қатысып, теледидардан дикторлардың, 
шешендердің сөйлеу шеберліктерін үй-ренуге талпынулары арқылы да 
мұғалім өзінің коммуникативтік іскер-ліктерінің тұстарын жетілдіре алады.
Мұғалімнің хабарлау (информациялық) іскерліктерін өздігі-нен 
тәрбиелеуі. 
Бар ақпаратты оқушыға жеткізудің түрлі тәсілдері бо-лады, 
бірақ мұғалімнің хабарлау іскерлігінің ерекшелігі - осы ақпарат-тарды 
хабарлауда әр сынып үшін ең тиімді әдістерді ұштастыра алуы. Мысалы, 
ақпаратты жеткізудегі сөйлеу жылдамдығын, кейбір дыбыс-тардың анық 
айтылуын, дикциясын жақсартуды, сөздің эмоциялық әсерін дамытуды
өздігінен үйрену үшін арнайы жаттығулар болады: дауыстап өлең оқу, ән 
айту, жаңылтпаштар айту, тыныс алу жаттығу-ларын жасап отыру қажет. 
Информациялық іскерлікті өздігінен тәр-биелеуде мұғалімнің мимика, жест, 
кинесика тәсілдерін дұрыс мең-геруі аудитория алдында сөйлеу өнерінде 
маңызды рөл атқарады. Ең бастысы мұғалім оқытып тұрған сабағымен қатар 
өз бойында қан-дай ақпараттық іскерлікті немесе нақты бір қасиетті 
дамытуды көздеп тұрғанын үйлесімді ұштастыра білуін маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет