Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет187/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

тәрбиелік өлшемнің көрсеткіші
әр сыныпта өзгеріп 
отыратындықтан, педагогикалық тұрғыдан субьек
-
тивтік баға беріледі. 
М.И.Шилова тәрбиелік
жүйеде тұлғаны диагностикалауда негіз
-
гі 
сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы,
әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке 
қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін 

өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б.
алынады.
Диагностика
-
объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйе
-
ге 
талдау, оның дамуына, жетілу және
қалыптасу үдерісін бақылай отырып, 
нәтижесін айқындау. Педагогикалықдиагностика
тұлғаның даму үдерісін 
зерттеу, білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез 

құлқын, іс 

әрекетін, тұлғаралық қарым

қатынастарына талдау жасау.
Тәрбие 
диагностикасыдегеніміз
тұлғаның білімдік жә
-
не тәрбиелік
деңгейлерінің 
сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып,
өсу деңгейлерін айқындайды. 
Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен 
жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда
біз оның 
әлеумет-
тенуін,тәжірибесін,зиялылық және туа біткен
қасиеттерін негізге аламыз. 
 
Әлеуметтенуі

дүниетанымы, адамгершілігі,
эстетикалық құндылықтары, 
еңбекке қатынасы, ұйымдастырушылығы, қоғамдық белсенділігі; 
тәжірибелік

ғылымилық, 
шеберлік,
зиялылық -
қа
-
былдауы, ақылы, есте 
сақтауы, ерік 

жігері,
туа біткен қасиеттер
-
жүйке жүйесі, мінезі,
бейімділік қасиеттері.
Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен 
шарттары.
Педагогикалық 

диагностикалық эксперимент
құрылы-мына
бастапқы зерттеу, анықтаушы,
қалыптастырушы, бақылау, са
-
лыстыру, 
қорытындылау, бекіту қамтылады.
Диагностикалаудың әдіс
-
темесіне, әдіс 

тәсілдеріне сүйене отырып

бақылау әдісі, сауалнама әдісі, әңгіме, 
әңгімелесу, интервью, тест, контект талдау т.б. әдістер негізінде 
эксперименттік жұмыстар жүргізу көзделеді. 


224 
Педагогикалық 

диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдіс
-
тердің 
бірі контент
-
талдау әдісі,
зерттеуге алынған объектіден жазбаша шығарма, 
хат, эссе жазу арқылы оқушының іс 

әрекетіне мазмұнды талдау жасалады. 
Жиі жүргізілген контент 

талдау әдісінде оқушыға жекелей тұлғалық 
сыпаттама бере аламыз.
Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест 
жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл 

күйін айқындауда тест 
әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағыт
-
талған,
жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, крите
-
риалдық

бағытталған т.б.
Н.М.Борытко тұлғаның
тәрбиелігі мен білімділігіне
диагнос
-
тика 
жүргізуде төмендегі
шарттарды ескеру
керектігін ұсынады: 

сапалық және сандық
сипаттама жасау ( жасы, әлеуметтік жағ
-
дайы, 
мекен жайы, оқуы,
медициналық 

биологиялық жағдайлары);

зертелушініңсапалық және сандық
сипаттамасын бағалау кри
-
терийлерін құрастыру;

айқындалған критерийлер
зерттеу барысында қаншалықты
жиі
кездесетінін айқындау; 
-
сипаттамадағы анықталған
мүмкін болған себептерді жіктеу;

зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді
жоюдың жол
-
дарын 
көрсету;

зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені наси
-
хаттаудың қажеттілігін негіздеу.
Тәрбие 
жұмысы 
тиімділігінің 
психологиялық-педагогикалық 
диагностикасының 
әдістері.
Педагогикалық 
– 
психологиялық 
диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін:
анализ, син
-
тез, 
жобалау, индукция, дедукция, идеалдау, ойша эксперимент, са
-
лыстыру,
жинақтау, маңызына қарай талдау,
топтастыру т.б.
қамтиды. 
Нақты жүргізілген педагогикалық 

диагностикалық экспери
-
мент
педагогикалық үдерісті жандандыруға үлкен ықпал етеді.
Мек
-
тептегі 
педагогикалық эксперимент тұлғалық
қатынасқа, жас ерек
-
шелікке, 
анатомиялық

физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға аса 
мән берілуі керек. Зерттеушілер мектепте
диагнос
-
тика жүргізгенде мектепке 
дейінгі, кіші
мектеп жастындағы, балалық
шақ, жоғарғы мектеп жасындағы
аралықтарды нақты белгілеп жас ерек
-
шелігін негізге ала отырып 
жүргізгенде дұрыс нәтижеге жетеді. 
Тәрбие жүйесінде 
сапа критерийлеріне
жүйенің қойылған мақ
-
сатқа 
жақындау дәрежесі, мектептің жалпы психологиялық климаты, 
оқушылардың тәрбиеліктерінің деңгейлік көрсеткіштері т.б. Мектептің 
алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыс
-
тарының нақты іске асуы, оның
тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгей
-
лерінің өсуіне ықпалы, жақсы нәтиже алуға бағытталуы, яғни, тұлға
-
ның
дарындылығы мен қабілетін, зиялылығын аша білу. Көптеген ғы
-
лыми 


225 
зерттеу жұмыстарында
оқушылармен жүргізілген тәрбиелік 
-
диагностикалық 
зерттеулерде тәрбиелік деңгейлерін
төмен, орта, жоғары
деп
үш деңгейлерге 
бөліп қарастырылады. 
Педагогикалық диагностика барысында тұлғаның бойында ада
-
ми 
құндылықтарды қалыптастыру,
тәрбиенің кешенді жүргізілуі

мақсаты

міндеттері, мазмұны, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске 
асуы 
көзделеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет