267
көптеген жалпы ғылымилық, әлеуметтік
-
философиялық; әлеуметтік
-
мәдени
және адамгершілік
-
эстетикалық
үдерістердің тоғы
-
суына тап келіп отыр,
өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық
сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның
алғышарты ретінде басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке
тұлға
бойында қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті
қалыптастыру педагогика ғылы
-
мының прогрессивті ұстанымдарының бірі
болып табылады. Олар әсі
-
ресе, білім беру мен тәрбие практикасында бүгінгі
күні жалпыадам
-
заттық негізгі құндылықтарды анықтау, бекіту үшін аса
қажет. Бола
-
шақ ұрпақтыы даярлау барысында негізгі мақсат
–
шығармашылықпен жұмыс істей алатын,
гуманистік көзқарасы мен
сенімдері
қалыптасқан
тұлғаны
дамыту
және
қалыптастыру.
Өйткенідүниежүзілік экономика
-
лық форум XXI ғасырдағы табысты
адамның білімі мен іскерлігінің
16 түрін атап көрсетті. Олар:
командадағы
жұмыс дағдылары; көшбас
-
шылық қасиет; бастамашылық; IT
-
құзыреттілік
(айти
-
құзыреттілік); қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.; озық
экономика бі
-
лім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен
ойлай
-
тын, әрекет ететін, өзін
-
өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап
етеді.
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл
–
ол оқу әре
-
кетін
белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру,
нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа
бағытталған
оқу үдерісі
білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін
қалыптастырады
.
Құндылықты
бағдарлау
–
тұлғаның өз әрекетінде жекелеген
құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде
таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті),
сондай
-
ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік
маңызды құндылықтары ретінде сезі
-
ну және қабылдау қабілеттілігі.
Құндылықтарды іске асыру құнды
-
лықтардан шығатын талаптарға сай болу
және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні
белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды,
өмір салтын, мінез
-
құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады.
Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идея
-
сының
құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылық
-
тары ретінде: 1)
қазақстандық патриотизм және азаматтық жауап
-
кершілік; 2) құрмет; 3)
ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы
білім алу белгіленді.
Ұлттық мектеп деп өз рухани кеңістігімізбен ғана
шектелуге болмайды әрине, ол ұлттық мектептің мазмұны мен түрі
өркениеттік болмақ. Мақсаты
–
ұлттық сананы,
психологияны, ойлау
жүйесін, дүниетанымын, парасатын, ру
-
хын, бейнесін, сондай
-
ақ ұлттың
инновациялық қабілетін дамыту. Бұл дегеніміз
–
ұлттың генеалогиялық
құрылымы мен генетикалық қорын белгілі бір тұжырымдама негізінде
пайымдау. Осының бәрі
–
ұлттық қауіпсіздігіміздің,
өркениетке алдыңғы
қатарда кіріге алуымызға себеп болмақшы
.
268
Сол себепті де білім беру мазмұнын этнопедагогикаландыру да өте
маңызды. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде, яғни 1974 жылы
профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының
академигі Г.Н. Волковтың «Этнопедагогика» атты оқу құралының дүниеге
келуі, педагогтардың ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін шұғыл
іздестіріп,
оның ғылыми негіздерін дәлелді теориялар мен тұжырымдардан табуға, өз
ұлтының бай тәлімдік тәжірибесін зерттеуге бірден бір себепші болды.
Жалпы адамзаттық білім беру мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, әдістері
анықталып, оқушылар тәрбие
-
сінің
үлгілі мазмұны толығымен іске
асырылып жатқан уақыт еді.
Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың
пайда болуы бір
-
қатар
әдіснамалық
мәселелерді
туындатады.
Ғылымтанудағы,
әсіресе
педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер
этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасымен теориялары
-
ның,
ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде
бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы
материалдардың жинақталуымен тұспа
-
тұс жүйелі ғылым
-
дардың жетік
меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теория
-
лық
-
әдіснамалық
негіздері зерделене бастады. Этнопедагогиканы пе
-
дагогикалық
ғылымдар
жүйесінде қарастырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика,
фольклор ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа
ғылыми білім ретінде этнопедагоги
-
каның пайда болуы, оның жеке ғылыми
пән ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні,
құрылымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі
орны туралы мәселе
-
лерді шешуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: