10.5. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-дастырудың дара түрі.Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың-дайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр-лау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда-нылады. Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің дара және дараланған екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы - жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та-былады. Ол әрбір оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы-ғына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы.Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:
сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді;
топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да-ра бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм-кіндіктері ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм-кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ-тың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек. Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде-рінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін - бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек. Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері нақтыланады.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семи-нар-сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.