ҚУШОҚЫ – Қараой аңғарының оңт-ндегі тау.
Алматы обл. Жамбыл ауд. Мәтібұлақ а-ның солт.-
батысында 13 км жерде орналасқан. Абс. биікт.
1178 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта
8 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейі сай-
жыралармен тілімденген. Етегінде бұлақтар бар.
таудың қоңыр топырақ жамылғысында бетеге,
боз, жусан, изен, әр түрлі астық тұқымдас шөп-
тесіндер өседі.
ҚУШОҚЫ – Кіші Арал т-нің солт.-шығысындағы
шоқы. Қызылорда обл. Арал ауд. Жалаңаш а-ның
солт.-батысында 10 км жерде орналасқан. Абс.
биікт. 248 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 9
км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. тізбектелген
жонды қырқалардан тұрады. солт-нде Қосмұрын
шоқысы, батысында Қарабұлақ қыстауы, шы-
ғысында Үлкен сарышығанақ қонысы жатыр.
сортаң топырақ жамылғысында шөлге тән өсім-
діктер өседі.
ҚУШОҚЫ КӨМІР КЕНІ, Қарағанды обл. Оса-
каров ауд. жерінде орналасқан. Қ. к. к-н алғаш
1839 ж. кен инженері А.Гофман ашты. Кейін
А.А.Гапеев, З.Л.семенова зерттеді. 1945–49 ж.
Л.П.Жебеневтің басқаруымен «Казахуглегеоло-
Қараой аңғарындағы Қушоқы тауы
Қусақ өзені
Қусақ
417
гия» тресі барлау жұмыстарын жүргізді. 1956–
58 ж. трест геологтары т.М.Азизов, П.Г.Корнис,
А.өтебековтар кеннің 1- және 2-телімдерінде
қайта барлау, 3-телімде толық барлау, 4-телімде
алдын ала барлау жұмыстарын жүргізіп, көмірдің
негізгі қорын анықтады. 250 м тереңдікке дейін
барланған кен орны 1963 жылдан бастап ашық
кеніштік әдіспен игеріліп келеді. Қалыңд. 800 м-
ге жететін төм. тас көмір жүйесінде қалыптасқан
көмірлі қабаттар Қарағанды көмір алабына ұқсас
Ащылыайрық және Қарағанды шоғырларына бө-
лінеді де, аум. 8×20 км брахиантиклинальды тү-
зеді. Ол солт.батысқа қарай созылған, қанаттары-
ның жатысы солт.-шығыста 10–30°, оңт.-батыста
50–60°, созылыңқы жарылымдармен тілімден-
ген. Ащылыайрық шоғырының жоғ. бөлімінде
қалыңд. 0,7–15 м (орт. 2,1–4,4 м) болатын 8 көмір
қабаты бар. Қарағанды шоғырының мору процесі-
нен сақталған бөлігінде де қалыңд. 1,3–26 м (орт.
4–13 м ) 5 көмірлі қабат кездеседі. Бұл шоғырдағы
көмірлі қабаттың жалпы қалыңд. 322 м, жатыс
тереңд. 400 м. Қ. т. к. көмірінің күлділігі жоғары
(30–44%), байытылуы қиын, күкірттілігі төмен,
орт. фосфорлы қара шірінділі тас көмірлер типіне
жатады. Жану жылуының қуаты 8,5 мың ккал/кг.
Көмірі тек энергет. отын ретінде пайдаланылады.
Көмірдің жалпы қоры 651 млн. т, оның 152 млн.
т-сын ашық әдіспен өндіруге болады.
ҚУШЫҢ, К у ч и н с к и й Б е л о к – Үбі жота-
сының шығысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл.
риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орна-
ласқан. Абс.биікт. 2057 м. Батыстан шығысқа қа-
рай 14 км-ге созылған, енді жері 6 км. тау бірнеше
қырқалы тауларға бөлініп, өзен аңғарларымен
тілімденген. солт-нен Қа-ра Үбі, оңт-нен Ақ Үбі
өзендерінің салалары бастау алады. Пермь, тас кө-
мір, девон кезеңдерінің гранитоидты жыныстары-
нан түзілген. Жоғ. белдеуде шырша, майқарағай,
тау шатқалында қайың,көк терек аралас орман
өседі. тау етегіндегі шалғын топырақтың шөбі
шүйгін жайылым.
ҚУЫРДАҚТЫ – Ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе
обл. Ойыл ауд. жерімен ағады. Ұз. 74 км, су жи-
налатын алабы 1070 км
2
. Бастауын Барқын құмы-
ның солт-нде Қызылжар а-нан алып, Қарақол а.
тұсында Ащыойыл өз-не құяды. Аңғары кең.
Көктемде ғана ағын жүреді, жазда қарасуларға
бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 0,046 м
3
/с.
Алабы – жайылым.
ҚҰДАЙКӨЛ – Ертіс алабындағы көл. Павлодар
обл. Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты
аумақта, Құдайкөл а-нан оңт.-батысқа қарай 14 км
жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 94 м биіктікте.
Аум. 10,8 км
2
, ұз. 4,2 км, енді жері 3,4 км, жағалау
бойының ұз. 14,6 км. Көл жағалауы жазық, оңт.
батысы батпақты сор. Көлге шығысынан шағын
өзен құяды. суы көктемде мал суаруға жарамды.
Алабы – шабындық.
ҚҰДАЙМЕНДЕ – сарысу алабындағы өзен.
Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. жерімен ағады.
Ұз. 63 км, су жиналатын алабы 649 км
2
. Бастауын
Атасу кентінен солт.-батысқа қарай 40 км жердегі
Айғыржал тауынан алып, өндіріс а. тұсында Атасу
өз-не құяды. Жағалауы жайпақ, ағысы баяу. Жер
асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жазда
қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су
ағымы 0,18 м/с. Алабы – шабындық.
ҚҰДАЙНАЗАР – Қаратүлей сорының батысын-
дағы сор алқабы. Маңғыстау обл. Маңғыстау ауд.
Каменное қонысының оңт.-шығысында 23 км жер-
де орналасқан. теңіз деңгейінен 125 м биіктікте
орналасқан. солт-тен оңт.-батысқа қарай 15 км-ге
созылған, енді жері 4 км. солт-нде тұрлығын, оңт-
нде Киікті, шығысында терең құдықтары, баты-
сында тұрлығұл төбесі бар. сор алқабы өсімдік
жамылғысына кедей.
ҚҰДЫҚШӨПТЕР – Мұңлы тауының оңт.-баты-
сындағы құдық. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд.
Жамбыл кентінің оңт.-батысында 90 км жерде ор-
наласқан. тереңд. 1 м, су шығымы 500 л/сағ. солт-
нде Қарабек, оңт-нде Маймұрын таулары бар.
ҚҰДЫР (Moschus moschіferus) – сүтқоректілер
класына жататын күйіс қайтаратын аша тұяқты жа-
нуар. дене тұрқы 1 м-дей, биікт. 56–58 см, салм.
14–15 кг. Аталығында жақ сүйегінен сыртқа шы-
ғып, төмен қарай иіліп тұратын екі сойдақ тісі бо-
лады. түсі жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп оты-
рады. Арқа жотасы сарғыш, қара қоңыр. Алдыңғы
аяғынан артқы аяғы едәуір ұзын, сондықтан да
денесінің артқы жағы көтеріңкі көрінеді. республика
аумағында Шығыс Қазақстан обл-ның таулы
қылқанжапырақты аудандарында Үбі өз. бойын-
да, Оңт. Алтай, тарбағатай, сарымсақты және на-
рын жоталарының солт. беткейлерінде кездеседі.
Жылдың қай мезгілі болмасын қоныстарында тұ-
рақты тіршілік етеді. Қарағай, самырсын сияқты
ағаштардың жапырақтары мен бұтақтарын, қынаны
қорек ретінде көп пайдаланады. Қ-дың аналығы
жыныстық жағынан 15–17 айда, ал аталықтары
18 айда жетіледі. Қараша–желтоқсан айларында
күйекке түседі. Буаздық мерзімі 185–195 күн; не-
гізінен екі, кейде жалқы төл табады. Жаңа туған
төлінің салм. 300–500 г, ал 3 айдан кейін салм. 4–
4,5 кг болады. Аталығының құрсақ жағында мус-
кус безі болады. Мускус безі үшін ауланады, еті
жеуге жарамды, бірақ дәмсіз. Мускус безі парфюме-
рия және медицинада, ал терісі жеңіл өнеркәсіпте
пайдаланылады.
ҚҰЗҒЫНДЫ – сарымсақты жотасының оңт-нде-
гі асу. Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд. сарытау
а-ның солт.-шығысында 38 км жерде орналасқан.
Құзғынды
Қушың жотасы
418
Абс. биікт. 2600 м-ден жоғары. Асудан шілде–
қыркүйек айларында салт атты адам өте алады.
Қ-дан Аша, становая өзендері бастау алады. Кең
өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай
біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар,
қырлы жоталар мен жалдарға ұласады. тау баура-
йында қуаңдала өсімдіктері өседі. Бөктерінде си-
рек орман ағаштары кездеседі.
ҚҰЗДЫҚАРА, К ө з д і қ а р а, Қ о ң қ а –Ойыл
алабындағы өзен. Атырау обл. Қызылқоға ауд. жері-
мен ағады. Ұз. 66 км. Бастауын Жасқайрат а-нан
оңт.-шығысқа қарай 8 км жерде Ойыл өз-нен бө-
лініп шығып, Байтақ, Қаттыкөл көлдеріне құяды.
Жоғ. ағысында Орлы көлі орналасқан. Жоғ. және
орта ағысы сортаңды-шалғынды жазық жермен
ағады.Қосқұлақ қыстауынан төменде құм төбелер
арқылы өтеді. Арнасында жыл бойы су болады.
сағасына таяу жерде бірнеше шағын тұзды көл-
дер жатыр. Арна суы Ойыл өз-не тікелей байланыс-
ты. Жағалау бойы, әсіресе, жоғ. және төм. ағысы
шабындыққа пайдаланылады.
ҚҰЗДЫҚАРА – сағыз алабындағы өзен. Ақтөбе
обл. Байғанин ауд. жерімен ағады. Ұз. 38 км.
Бастауын Шөлтөбе қыстауының батысындағы абс.
биікт. 200 м болатын жарқабақ етегіндегі бұлақ-
тардан алып, сағыз өз-не оң жағынан құяды. Жоғ.
бөлігінде арнасы сайлы-жыралы, төм. сағасы
Аққұмсағыз құмымен ағады. Жағалауында бұта
аралас жусан, бетеге, сұлыбас, т.б. шөптесіндер
өседі. негізінен көктемгі еріген қар суымен толы-
ғады. Жазда тартылып, құрғап қалады.
ҚҰЙЫЛЫС, Қ ұ м д ы е с п е – сарысу алабындағы
өзен. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. жерімен ағады.
Ұз. 70 км, су жиналатын алабы 476 км
2
. Бастауын
теректі тауындағы бұлақтардан алып, Жыланды
а. тұсында сарысу өз-не құяды. Аңғары кең, жа-
ғасы тік жарлы. суағыны көктемде 7–10 күндей
ғана болады. Жазда тартылып қалады. Жағала-
уы – жайылым.
ҚҰЙЫЛЫС ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Маңғыстау
обл. Маңғыстау ауд. аумағында, Қараша ойысы-
ның солт. және орт. бөлігін қамтыған. Кен орны
сеноман мен альбтің бірінші және екінші сулы ке-
шенінде шоғырланған. Литол. тұрғыдан барлық тау
жыныстары біртекті және олардың негізі саздақты
келген құмды-сазды қабаттан тұрады. сеноман
Құздықара
қабатындағы ұңғымалардың дебиті 8–17 л/с, альб
қабатында 6,9–13 л/с. Жер асты суының минералд.
4–5 г/л, темп-расы 47°с. Бас тоғандағы 48 ұңғыма
субмеридиандық бағытта бір қатарда орналасқан.
Ұңғымалар арасындағы арақашықтық 1,5–2 км, те-
реңд. 300–500 м (сеноманда) және 800–1000 м (альб
қабатында). Шаруашылықты қамтамасыз етуге
байланысты арнайы сумен құбыр тартылған. Ауыз
суға пайдалану үшін арнайы тазартылған 1:10 про-
порция бойынша араластырады. сутіректегі жер
асты суының деңгейі 140–170 м-ге төмендеген.
1975 ж. жер асты суы қайта бағаланған. Қорының
жалпы мөлшері тәулігіне 99 мың/м
3
болды. суы
сульфатты-хлоридті натрийлі, минералд. 1,8–7
г/л, темп-расы 25–43°с. Қазіргі кезде жер асты су
қорының 60–65%-ы сулы қабаттың шығу бел-
деміндегі грунт суын құрғатудан жиналса, 30%-ы
жер асты суының серпінді-статист. қорынан қа-
лыптасады. Құйылыс депрессиясына Ұланақ су
тірегінің іс-әрекеті кері әсер етуде.
ҚҰЛАГЕР-АРАСАН МИНЕРАЛДЫ ЖЕР АС-
ТЫ СУ КЕНІ, Көкшетау антиклинорийі мен
Азат синклинорийінің түйіскен жерінде орналас-
қан. Ақмола обл. Көкшетау қ-нан 6 км жерде, Көк-
шетау–Астана автомагистраль бойында. Мине-
ралды жер асты суы палеозой тау жыныстары-
ның жарықшақты белдемінде шоғырланған. су
сыйыстырғыш тау жыныстары жарықшақты тақ-
татастар, құмтас, аргиллит, ультрабазиттерден тұ-
рады. Белсенді жарықшақтық белдемнің қалыңд.
60 м тереңдікке жетеді. Минералды су 32–50 м,
57,5–60 м тереңдікке жиналған. №5492-Э ұңғы-
масының дебиті 1,1 л/с. Жер асты суының мине-
ралд. 2–2,5 г/л, құрамы бойынша олар сульфат-
ты-хлорлы және магнийлі-натрийлі. Микроком-
поненттердің құрамы (мг/л): литий – 0,05, руби-
дий – 0,02, цезий – 0,05, марганец – 0,02, мыс – 0,0074,
никель – 0,01, мырыш –0,052, сүрме – 0,015, күміс –
0,001, алтын –0,0001, селен – 0,0006, стронций – 1,7,
титан – 0,001, хром – 0,001. Органик. заттардың
мөлшері төмен, 5,3 мг/л. санитарлық-бактериол.
және экол. жағдайы қанағаттанарлық. №5492-Э
ұңғымасының суы бальнеол. топқа жатады. Ми-
нералды су асқазан органдарын емдеуге, сондай-
ақ ауыр металдар және фосформен уланғанда,
зат алмасудың бұзылуы кезінде емдеуге болады.
сырттай ванна, шомылу, душ қабылдауға арналған.
тереңд. 65 м ұңғыма тәулігіне 10,4 м
3
су бере ала-
ды. Кен орны игерілмеген.
ҚҰЛАЖОН, Қ у л ы ж о н – Ертіс алабындағы өзен.
Шығыс Қазақстан обл. Көкпекті ауд. жерімен ағады.
Ұз. 112 км, су жиналатын алабы 704 км
2
, жалпы ұз.
155 км болатын 50-ден астам саласы бар. Ірілері:
Көпірлі, талды, Оразбай, Еспе, т.б. Бастауын
Қалба жотасының шығысындағы абс. биікт. 1560 м
болатын таулардан бастау алып, Үлкен Бөкен өз-
нің сол жағынан құяды. Аңғары жоғ. ағысында
(Глазуново а-на дейін) тар шатқалды, Қазнақ а-на
дейін жағалауы жарлауытты, ал Көкжота а-нан
төменде жазық, батпақты өңірмен өтеді. Мұнда
жағалауында және батпақты жерлерінде қамыс,
құрақ өскен. Жауын-шашын, мұздық суларымен
толығады. Көп жылдық орташа ағымы Көкжота а.
тұсында 3,53 м
3
/с. Қ-нан балық ауланады, ағаш
Құзғынды асуы
419
сұр кесіртке, т.б.; құстардың 80-ге жуық түрі,
Құлажон су жайылмасында ұя салатын әупілдек,
ақ және сұр құтан, сұр қаз, барылдауық үйрек, үл-
кен және сұржақты сұқсыр үйрек, т.б.; аңдардан
қасқыр, түлкі, ондатр, Эверсман аламаны, дала
шақылдағы, т.б.; «Қызыл кітапқа» енгізілген Зай-
сан батбат кесірткесі, дуадақ, жорға дуадақ, без-
гелдек мекендейді. Қорықшаға еліктердің аздаған
саны қыстауға келеді. Қорықша саны азайып бара
жатқан сүтқоректілерді қорғауда маңызды рөл
атқарады.
ҚҰЛАЛЫ – Каспий т-нің солт.-шығыс бөлігін-
дегі доғаша иілген арал. түлендер (итбалықтар)
аралдарының құрамында. Каспийдің шығыс жа-
ғалауындағы түпқараған мүйісінің солт.-баты-
сында 22 км жерде. Ауд. 60 км
2
, ұз. 39 км, ені 2 км.
Аралдың жер бедері аласа келген, орта бөлігінің
батыс жағалауы құмтөбелі. өсімдігі сирек. солт-
нде Қазақ гидрометеорол. басқармасының метео-
рол. ст. бар.
ҚҰЛАН (Equus hemіonus) – тақтұяқтылар отря-
дына жататын жабайы жылқы. сыртынан қара-
ғанда Қ-ның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын,
құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға
да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты,
сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. дене
тұрқы 210–240 см, шоқтығының биікт. 112–126 см,
салм. 190–260 кг аралығында. түсі сарғыштау,
жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйры-
ғының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл
келеді. Жыныстық жағынан 2–3 жасында жеті-
леді. Маусым–шілде айларында күйлеп, 11–11,5
айдай буаз болып, мамыр–маусым айларында
жалқы құлын туады. Алдыңғы, Орт. Азияның
шөлді-шөлейтті аймақтарында таралған. 20 ғ-дың
алғашқы жартысына дейін Қ. Қазақстанның жа-
зық даласында үйір-үйірімен топталып жүрген.
Қыста Каспий т-нен шығыстағы Іле алабына
дейін кең таралған. Жаз айларында Қарағанды
Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерін жайла-
ған. Қ-ды есепсіз аулау – оның қазақ жерінде
құрып кетуіне әкеліп соқты. республикада Қ-
ды жерсіндіру жұмысы 1953 ж. басталды. Осы
жылы Барсакелмес аралына түрікменстаннан 8 Қ.
әкелінді. 1982 жылдан бастап оны «Алтынемел»
бөренелер тасымалданады. суы егістікке, алабы
шабындыққа пайдаланылады.
ҚҰЛАЖОН ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Зайсан көлі-
нің солт.-батысында Құлажон өз-нің аңғарымен
оңт.-батысқа қарай созылып жатыр. Шығыс Қа-
зақстан обл. Көкпекті ауд. жерінде. Құлажон және
тентек атты сутірегі екі топтан тұрады. Кен ор-
ны төрттік кезеңінде түзілген аллювийлі, аллю-
вийлі-пролювийлі және аллювийлі-көлді шөгін-
ділерінде жатыр. төрттік шөгінділерінен түзіл-
ген біртекті сулы кешенінен тұратын қабат гид-
равл. тұрғысынан бір-бірімен тығыз байланыс-
қан. су сыйыстырушы шөгінділер түрлі түйір-
шікті құмнан және кесектасты-малтатасты толық-
тырушылардан тұрады. Жер асты суы арынсыз, ол
0,8–8,5 м тереңдікте жатыр. су төсеніші усть-уба
кешеніне жататын құмды-сазды тұнбалардан және
мезозойдың үгілу қабатына жататын павлодар
шоғырының сазынан тұрады. тентек телімінің
сулы кешен қабатының қалыңд. 37 м, Құлажон
қабатынікі 48 м. Құлажонның ұңғыма дебиті
6,2-ден 90,9 л/с, тентекте 4–35,4 л/с. сулары тұ-
щы, хлорлы-сульфатты натрийлі-кальцийлі. Ми-
нералд. 0,2–0,8 г/л.
ҚҰЛАЖОН ҚОРЫҚШАСЫ – респ. маңызы
бар мемл. табиғи-зоол. қорықша. 1967 ж. Шығыс
Қазақстан обл. самар (қазіргі Көкпекті) ауд-нда
ұйымдастырылған. Аум. 46 мың га. Қорықша Зайсан
қазаншұңқырының солт.-батысында орналасқан
Құлажон өз-нің төм. ағысындағы аңғар мен Қы-
зылқұм құмды массивінің басым бөлігін алып жа-
тыр. Шығысында Бұқтырма бөгенімен шектеледі.
Жер бедері желдің әсерінен түзілген жазық және
бекімеген құмшағылдардан тұратын аллювийлі-
аккумулятты жазық; аллювийлі-эрозиялы терраса-
лардан тұратын Құлажон жайылмасында әр түрлі
шөптесін өскен шалғын, құмшағылдардың ара-
сында жағалауында қамыс пен қоға өскен Қазнақ,
Қамбар–Қарасу, т.б. кішігірім көлдері орналасқан.
Қорықшада 200-ге жуық жоғары сатыдағы өсімдік-
тер өседі. Олар-дың көбісі қияқ, таспашөптер, жу-
сан, сораң т.б. шөл дала өсімдіктері; бұталардан
жүзгін, алақоржын, дәуір аршасы, «Қызыл кітапқа»
енгізілген ақ түкті таспашөп, Мейер шоқгүлі, т.б.
өседі. Кәдімгі қарағайдың сирек тоғайы кездеседі.
Қосмекенділерден – құрбақа менсүйіртұмсық бақа;
бауырымен жорғалаушылардан түрлі түсті аусыл,
Құлан
Құлажон өзені
Құлан
420
ұлттық табиғи саябағына, Аңдысай қорықшасына
және Маңғыстау обл. аумағына жерсіндіре баста-
ды. Қазір Қазақстанда 2 мыңнан астам Қ. бар. Қ-
ның саны дүние жүзінде жылдан-жылға азаюына
байланысты қорғауға алынып, Халықар. табиғат
қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кі-
табына» енгізілген.
ҚҰЛАНБАСЫ – Жетісу (Жоңғар) Алатауының
батыс сілеміндегі тау. Малайсары жотасының
батысында, Жуанқұм мен Жіңішкеқұм құмдары
аралығында, Іле өз-нің оң жағалауында орналас-
қан. теңіз деңгейінен абс. биікт. 892 м. Ұз. 24 км,
енді жері 7 км шамасында. Қ. пермьнің туф ара-
лас эффузивтік жыныстарынан түзілген. солт.
беткейі түйетайлы, сай-жыралармен тілімденген.
Құнарсыз қиыршықтасты-құмдақты топырағын-
да жусан, эфемерлі өсімдіктер өседі.
ҚҰЛАНДЫ – Оңт. Үстірттегі кертпешті кемер.
Маңғыстау обл. Қарақия ауд-нда, түйесу және
Қарынжарық құмды алқаптары аралығында жа-
тыр. Ендік бағытта созылған Қ-ның биікт. 55–
80 м. Батысы мен (абс. биікт. 281 м) шығысы (267 м,
Құнанбай тауы) көтеріңкі келген. Кертпештің жа-
зықпен ұласатын оңт-нде (Маңғыстау үстіртінде)
бірнеше құдықтар (Жұқырай, т.б.) мен қыстаулар,
бейіттер бар.
ҚҰЛАНДЫ – Арал т-нің солт-ндегі түбек. Қызыл-
орда обл. Арал ауд. жерінде. Кезінде (1980 жылға
дейін) теңізге 60 км-ге жуық сұғына кіріп жатқан.
Абс. биікт. 129 м. Жағасы аз тілімденген, оңт.
жарлауытты (15–20 м). Батысында Чернышев,
солт.-шығысында тұщыбас шығанақтары орна-
ласқан. түбек палеогеннің әктас, мергель жыныс-
тарынан түзілген. Жусан, баялыш, сексеуіл, жүз-
гін, т.б. шөлейтті өсімдіктер өседі. Шығысында
қайнар бұлақтар, тұзды көлдер бар. Қоңыр көмір
шығындылары кездеседі. Арал т-нің тартылуына
байланысты Қ. аралы жағалаумен бірігіп, пішіні
өзгеріп кетті.
ҚҰЛАНКЕТПЕС АҢҒАРЫ, Майжарылған тау-
лары мен Балқаш көлінің оңт.-батыс аралығында
жатқан сарыбастау өз-нің төм. ағысындағы аңғар.
Жамбыл обл. Мойынқұм ауд-ның шығысында,
солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 15 км-ге созы-
лып жатыр, енді жері орта тұсында 8 км-ге жетеді.
Аум. 35 км
2
. Көктем және күз айларында аңғарды
шалшық су басып жатады. Шөл далаға тән сұр-
ғылт топырағында баялыш, күйреуік, теріскен,
көде, ажырық, құрақ шоғырлары, т.б. шөптесіндер
қалыптасқан. Шөбі шүйгін сулы өңірге құландар
көп жиналған. Аңғардың шығыс бөлігімен Шым-
кент–Павлодар мұнай құбыры өтеді.
ҚҰЛАНӨТПЕС – теңіз көлі алабындағы өзен.
Қарағанды обл-ның нұра, Ақмола обл-ның Қор-
ғалжын аудандары жерімен ағады. Ұз. 364 км,
су жиналатын алабы 25 900 км
2
, жалпы ұз. 46 км
болатын 17 саласы бар. Ірілері: Құлшын, Ермек,
сүртке, Көң, Қараөзек, соналы, Қазығұрт, т.б. Бас-
тауын Аймысық, Айғыржал тауларының солт.-
шығыс етегіндегі Желаяқ 1 және 2 қыстауларының
бұлақтарынан алып, теңіз көліне құяды. Щерба-
ковское а-на дейінгі жағасы тік жарлы. Одан тө-
менде аңғары мен арнасы кеңейіп сайлы, жарла-
уытты өңірмен ағады. теңіз көліне құяр сағасында
нұра өз-мен Құлшын атты қыларнамен байланыс-
қан. Жер асты, жауын-шашын, қар суларымен то-
лығады. Жылдық орташа су ағымы нығман а.
мағында 3 м
3
/с. өзен аңғарында изенді, Қаратомар,
Алабайтал, тұзкөл, Алабас, Жарлыкөл, т.б. ащы,
тұзды және тұщы көлдер жатыр. Балыққа (шортан,
алабұға, мөңке, сазан, аққайран, т.б.) бай. өзеннің
қамыс, құрақ, т.б. шөптесіндер өскен қорысты-
қопалы жерлерінде үйрек, жылқышы, т.б. құстар
ұя салады. Орта ағысынан бастап суында тұз мөл-
шері кемиді, онымен мал суарылады. Жайылма-
сы – шабындық, алабы – егістік.
ҚҰЛДЫҚ – талас Алатау жотасының оңт.-баты-
сындағы тау. Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт және
Құланбасы
Құланды түбегіндегі төбе
Құланөтпес өзенінің сағасы
Құлдық тауының бөктері
421
төле би аудандарының аралығында орналасқан.
Абс. биікт. 2626 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа
қарай 22 км-ге созылған, енді жері 10 км шамасын-
да. тас көмір жүйесінің әктас, гранит жыныстары-
нан түзілген, сай-жыралармен тілімденген. Бадам,
сайрамсу өзендерінің салалары Қ. тауынан бастау
алады. Шығысында өгем, оңт-нде Қаржантау жо-
талары бар. таудың шалғынды, қоңыр топырақ
жамылғысында бидайық, жусан, т.б. өсімдіктер,
арша шоғырлары, жабайы жеміс ағаштары өседі.
ҚҰЛЖАБАСЫ – Қопа аңғарының солт-ндегі
таулар. Алматы обл. Жамбыл және Жамбыл обл.
Қордай аудандары аралығында орналасқан. Абс.
биікт. 1178 м. солт.-батыстан шығысқа қарай 39
км-ге созылған, енді жері 9 км. Қиыр солт.-батыс
бөлігіндегі ең биік жері 1183 м. Беткейі тауаралық
аңғарлармен сай-жыралармен тілімденген. Шу-
Іле тауларының сілеміне жатады. тау бөктерінде
таспа, Ақмола, т.б. көптеген бұлақтар бар. солт-
нде Қараой аңғары, шығысында доланқара тауы
жатыр. Етегінде жусан, бетеге, қараған, т.б. өсімдік-
тер өседі. Мал жайылымына қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |