Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Қосшағыл
де  олар  едәуір  алқапты  қамтитын  қайыңды  орман 
өңірлерін  құрайды.  дала  белдемі  әр  түрлі  шөбі 
басым  селеу  мен  боздан  тұрады,  ал  құрғақ  дала 
белдемінде,  негізінен,  әр  түрлі  шөптер  араласқан 
бетегелі-селеулі  шөптесіндер  өседі.  дала  және 
құрғақ дала белдемдерінің құмдақ топырақты жер-
лерінде  қайың  мен  қарағайы  басым  Арақарағай, 
Аманқарағай  және  наурызымқарағай  ормандары 
өскен.  наурызымқарағай  шоқ  орманы  негізінде 
1930 ж. мемл. қорық ұйымдастырылды.
Облыстың  жануарлар  дүниесі  әр  түрлі.  Жыртқыш 
аңдардың  ішінен  қасқыр,  түлкі,  қарсақ,  күзен  жиі 
кездеседі.  Ақ  қоян,  ор  қоян,  құм  тышқаны,  сары-
шұнақ, аламан, қосаяқ секілді кеміргіштер көп та-
раған. Орманды дала белдемінде елік, оңт-тің шө-
лейтті жерлерінде ақ бөкендер жайылады. Облыста 
құстардың сан алуан түрлері мекендейді.
Қазан  төңкерісіне  дейін  Қ.  о-ның  жерінде  көш-
пелі  мал  ш.  қалыптасқан.  19  ғ-дың  соңына  қарай 
орыс қоныстанушыларының егін ш. дами бастады. 
Жітіқара қ-нда алтын өндіру және Қостанай қ-нда 
а.  ш-на  негізделген  ұн  өндіру  өнеркәсібі  дамыды. 
1939  –  40  ж.  Ақмола  –  Қарталы,  1958  ж.  Қоста- 
най – рудный – Жітіқара темір жолдарын салуға, те-
мір мен асбест кен орындарын, тың және тыңайған 
жерлерді игеруге (1954 – 60) байланысты облыс эко-
номикасы жедел дамып, Қазақстандағы аса ірі өнер-
кәсіптік және а. ш. облыстарының біріне айналды.
өнеркәсібінің  басты  саласы  –  темір  кені,  боксит 
және асбест өндіріп, байытатын ірі кәсіпорындары 
бар тау-кен өнеркәсібі саналады. Оған көмекші са-
лалар  есебінде  энергетика,  машина  жасау,  металл 
өңдеу  өнеркәсіптері  дамуда.  Кен  өнеркәсібінің  ірі  
кәсіпорындары – соколов-сарыбай (рудный қ-нда),  
Қашар, Лисаковск кен байыту комб-тары. Бұларда 
Қазақстандағы  темір  кентасының  85%-ы  өндірі- 
леді.  Лисаковск  кен  байыту  комб.  өзі  өндіретін 
оолиттік темір кенін Германияның қара металлур- 
гия  кәсіпорындарына  жеткізеді.  Жітіқара  қ-ндағы  
асбест комб. өз өнімін көптеген шет ел мемлекет- 
теріне шығарады. Боксит кені Арқалық пен Красно- 
октябрь  кен  орындарынан  алынып,  Павлодардың 
алюминий з-тына өңдеуге жіберіледі. Облыс өнер- 
кәсібінің басқа ірі салаларына құрылыс материалда-
рын өндіретін, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері жа-
тады. тамақ өнеркәсібінің құрамында ет, сүт, сары 
май, ұн-жарма, нан, сыра, минералды су өндіретін 
салалар дамыған. Олардың ең ірі кәсіпорындары – 
Қостанай мен Жітіқараның ет комб-тары, Қостанай, 
рудный,  Жітіқара,  Лисаковск  және  Арқалық  қ-
ларының сүт комб-тары. Аудан орт-тары мен кейбір 
ірі ауылдарда май з-ттары орналасқан. Жеңіл өнер-
кәсіп құрамында мата тоқу, киім мен аяқ киім тігу 
кәсіпорындары  бар.  Облыстың  электр  энергетика-
сы Бұхара газы мен Екібастұз көмірін пайдаланады. 
Облыстың жалпы аймақтық өнімі 2010 ж. 860 млрд. 
теңгені құрады. Бұл респ-дағы жалпы өнімнің 4%-
ын құрайды. Жалпы аймақтық өнімнің ішінде өнер-
кәсіп өнімінің үлесі 52,4% немесе 450,3 млрд. теңге, 
а.ш. өнімінің үлесі 25%. Басқа өнім сауда, қызмет 
көрсету,  т.б.  салалардың  үлесіне  тиесілі.  соңғы  5 
жыл ішінде (2005–10) облыстағы жалпы аймақтық 
өнім 2,2 есеге өсті. Қ. о. Қазақстандағы ең ірі егін 
және мал ш-мен айналысатын аймақ. Мұнда респуб-
ликаның 18%-ға жуық егіс алқабы және 13%-дай ірі 
қара малы шоғырланған. А. ш. жерінің жалпы аум. 
19,6 млн. га, оның 5659,3 мың га-сы егістік жер, 351,6 
мың га-сы шабындық, 120,7 мың га-сы жайылым 
(2008).  Облыстың  денсаулық  сақтау  салаларында 
2010 ж. 57 аурухана және 146 амбулаторлық емхана 
тіркелген.  Оларда  барлық  мамандықтар  бойынша 
дәрігерлер саны 2347-ге жеткен. Мектепке дейінгі 
мекемелер саны соңғы 5 жыл ішінде 9 есеге жуық 
өсті. Күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны 
елді  мекендерді  оңтайландыруға  байланысты  654-
тен 604-ке кеміді. Кәсіптік-тех. мамандар даярлай-
тын колледждер мен мектептер саны 2010 ж. 44-ті 
құрады. 7 жоғары оқу орындарында 28,1 мың сту-
дент дәріс алады. 
Қ.  о-ның  аумағы  арқылы  электрлендірілген  Аста- 
на – Қарталы т. ж. магистралі, Қостанай – тобыл –  
Жітіқара,  Қостанай  –  Золотая  сопка,  Қостанай  –  
Көкшетау, Горняцкое – Қашар – Жаркөл; тобыл –  
Красногор  т.  ж.  мен  Қорған  –  Пески  т.  ж-ның  те- 
лімі өтеді. Олардың жалпы ұз. 1355 км. негізгі ав- 
томоб.  жолдары:  Қостанай  –  троицк,  Қостанай  –  
троебратский, Қостанай – әулиекөл – Шолақсай –  
Амангелді,  Қостанай  –  әулиекөл  –  Қосағал  –  
Аралкөл  –  торғай,  Қостанай  –  әулиекөл  –  Есіл  –  
Арқалық,  Қостанай  –  сарыкөл  –  Көкшетау.  әуе 
көлігі  облыс  орт.  Қостанай  қ-н  Астана,  Алматы 
және басқа облыс орт-тарымен және көптеген шет 
ел қ-ларымен қосады. Бұхара – Орал газ құбырынан 
газ тармағын және тобыл мен Есіл өзендерінен су 
құбырлар  жүйелерін  тартуға  байланысты  облыста 
құбыр тасымалы дамуда.
ҚОСШАҒЫЛ – Балқаш көлінің оңт.-шығыс бөлі-
гіндегі құмды алқап. Алматы обл. Ақсу ауд. Құрақсу 
а-нан батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Ақсу 
өз-нің аңғарында. Абс. биікт. 380 м. солт-тен оңт.-
шығысқа  қарай  25  км-ге  созылған,  енді  жері  15– 
16  км  шамасында.  Бедері  қырқалы-жалды  келген. 
төрттік  кезеңнің  аллювийлі  шөгінділерінен  түзіл-
ген.  Батысында  өлкеқұм,  шығысында  Күшікқұм, 
оңт-нде  Жалқұм  құмдары  жатыр.  Құмды  алқапта 
сексеуіл шоғырларымен бірге жусан, жүзгін, еркек 
шөп, теріскен өседі.
ҚОСШАҒЫЛ – Жем өз-нің аңғарында, Қарақұм 
құмының солт-ндегі сор алқап. Атырау обл. Жы- 
Қосшағыл құмындағы құмды шағылдар

409
лыой ауд. Қосшағыл кентінің оңт-нде 4 км жерде 
орналасқан. теңіз деңгейінен 16 м төменде жатыр. 
солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай  10  км-ге  со-
зылған, енді жері 3–4 км шамасында. сор алқабы 
өсімдік жамылғысына кедей. солт. бөлігінде мұ-
най кен орындары бар.
ҚОСШАҒЫЛ МҰНАЙ КЕНІ, Атырау обл. Жы- 
лыой  ауд.  Құлсары  қ-нан  оңт.-батысқа  қарай  10 
км жерде. 1926 ж. ашылған. Барлау-бұрғылау жұ- 
мыстары  1935–42  ж.  жүргізілген.  Кен  орны  төрт 
қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. солт. 
қанаттың ортаңғы юра және оңт. қанаттың пермь 
триас  шөгінділері  мұнайлы.  өнімді  горизонт-
тар  81–420  м  тереңдікте  жатыр.  Шоғырлар  қа-
баты биікт. 12–127 м тектоник., стратигр., литол. 
қалқаланған.  өнімді  горизонттар  терригенді 
жыныстардан  құралған,  коллекторлары  кеуекті. 
Мұнайға  қаныққан  қабаттар  қалыңд.  2,6–13,6  м, 
ашық  кеуектілігі  22,2–31,9%,  өткізгіштігі  0,031–
9,718  мкм
2
,  мұнайға  қанығу  коэфф.  0,52–0,92. 
Мұнайдың шығымы 1-ден 320,2 м
3
/тәулік аралы-
ғында  ауытқиды.  Қабат  қысымы  1,67–8,2  МПа, 
темп-расы 19,3–29,5°с. Мұнайдың тығызд. 0,827–
0,927 г/см
3
, күкірттілігі 0,05–0,46%, парафинділігі 
0,22–1,87%. Газ, құрамы: метан (72,7–89,3%), этан 
(2–10,1%),  пропан  (1,2–  2,44%),  изобутан  (0,2–
3,66%), көмір қышқыл газы (0,8–3,1%). Қабат сула-
ры хлоркальцийлі, олардың тығызд. 1,058–1,145г/
см
3
, минералд. 83,6–231,8 г/л. 
ҚОСШОҚЫ – Бұғылы тауларының оңт.-батыс бө-
лігіндегі тау. Қарағанды обл. Шет ауд. с.сейфуллин 
кентінің солт.-шығысында 6 км жерде орналасқан. 
Абс.  биікт.  1099  м.  солт-тен  оңт-ке  қарай  11  км-
ге  созылған,  енді  жері  6  км.  Беткейі  жарқабақты, 
қатты тілімденген. Орта және жоғ. тас көмір дәуі-
рінің  гранитоидты  жыныстарынан  түзілген.  Ба- 
тысынан  Байқара,  оңт.-шығысынан  өңірек  өзен-
дері бастау алады. тауалдының сұр, бозғылт қоңыр 
топырақ жамылғысында тобылғы, қараған, жусан, 
селеу,  т.б.  өсімдіктер  өседі.  Оңт.  етегінде  бұталы 
тоғай кездеседі.
ҚОСШОҚЫ  –  сарыарқаның  орт.  бөлігіндегі  тау. 
Қарағанды обл. Абай ауд. Ертіс-Қарағанды кана-
лы  жағалауында.  Шахтинск  қ-нан  оңт.-батысқа 
қарай 40 км жерде орналасқан. Ұз. 40 км-ге созылған, 
енді  жері  2–2,5  км.  Абс.  биікт.579  м.  Беткейлері 
көлбеу,  аз  тілімденген.  Қызғылт  қоңыр  топыра-
ғында  жусан,  бетеге,  көде  өседі.  Жазық  жерлері 
жыртылған.
ҚОСЫМБЕТ – Арқат тауларының солт.-шығы-
сындағы шоқы. Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. 
Қызылжетек қыстауынан оңт.-батысқа қарай 7 км 
жерде орналасқан. Абс. биікт. 697 м. солт-тен оңт-
ке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді 
жері 3 км. Беткейлері көлбеу, тізбектелген шоқы-
лардан тұрады. солт-нде Қаратау, оңт-нде сабал, 
шығысында Маятас таулары, батысында Еспе қо-
нысы бар. Қызғылт қоңыр, боз топырақ жамылғы-
сында бұта аралас селеу, көде, бетеге, жусан өседі. 
Етегі мал жайылымына қолайлы.
ҚОТАНБҰЛАҚ  –  Қарағанды  обл.  Ақтоғай  ауд. 
Жаңаорталық а-нан солт.-батысқа қарай 25 км жер-
де  орналасқан  тау.  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа 
қарай  25  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  5  км. 
Абс.  биікт.  740  м.  сай,  жыра,  өзен  аңғарларымен 
тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. тас 
көмір кезеңінің ортаңғы және жоғ. бөлім жыныста-
рынан түзілген. Қоңыр топырақ жамылғысында жу-
сан, сұлыбас, бұталар өседі. Бұлаққа (Айнабұлақ, 
Қолыбай, т.б.) бай.
ҚОТАНЕМЕЛ  –  сарыарқаның  оңт.-шығысын-
дағы аласа жота. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. 
Емелтау а-ның батысында 4 км жерде орналасқан. 
Абс. биікт.  1089  м.  Оңт.-батыстан  солт.-шығысқа 
қарай  ұз.  12–13  км-ге  созылған,  енді  жері  8  км. 
Ең биік шыңы 1089 м. Беткейлері аз тілімденген. 
төм. пермь жыныстарынан түзілген. Оңт.-шығыс 
беткейі  тік  құлама.  Құнарсыз  сұр  топырағында 
жусан, селеу, боз өседі. Жайылымдық ретінде пай-
даланылады.
ҚОТАНКӨЛ  –  сырдарияның  сол  жағалық  жа-
йылмасында  жатқан  көл.  Қызылорда  обл.  Арал 
ауд.  Шөмішкөл  а-нан  оңт.-батысқа  қарай  11  км 
жерде, сол жағалық Қазалы каналы мен Ақшатау 
көлдері аралығында орналасқан. Аум. 12 км
2
, ұз. 6 
км, енді жері 2,5 км, ең терең жері 6 м. Жағалауы 
жазық шалшықты, тек батыс бөлігі ғана көтеріңкі. 
су бетінде өсімдік аз кездеседі, көл түбін балдыр 
басқан. 
ҚОТЫР – Кеңтарлау аңғарының батысындағы ала-
са тау. Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. Жаңаорталық 
а-нан  оңт-ке  қарай  23  км  жерде  орналасқан.  Абс. 
биікт.  556  м.  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қарай 
8  км-ге  созылған,  енді  жері  5  км.  Беткейі  қатты 
тілімденген.  солт.-шығысында  сарыоба,  оңт-нде 
Ақшаадыр  таулары,  шығысында  Қаражырын  құ-
дығы орналасқан. Бозғылт сұр топырақ жамылғы-
сында баялыш, көкпек, боз, қара жусан, сораң, т.б. 
өсімдіктер өседі.
ҚОТЫР ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қарағанды обл. 
Шахтинск  қалалық  әкімдігі  аумағында,  Жон  өз-
нің аңғарында орналасқан. Жер асты Шахтинск қ.  
және  тентек  көмір  алабын  (телімін)  сумен  қам-
тамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны- 
ның  сулы  қабаты  Жон  өз.  аңғарының  төрттік 
кезеңіндегі аллювийлі шөгінділерінде шоғырлан-
ған.  су  сыйыстырғыш  тау  жыныстары  құмды-
қиыршықтасты-малтатасты,  оның  қалыңд.  16  м. 
Аллювий  жабынында  (төбесінде)  құмдақ,  кейде 
саздақ  жатады.  Оның  орташа  қалыңд.  1,5–2,5  м. 
Ұңғымалардың дебиті 24–53,6 л/с. суы тұщы, ми-
Қосшоқы тауы
Қотыр

410
нералд. 0,4–0,8 г/л. Хим. құрамы гидрокарбонат-
ты-сульфатты натрий-кальцийлі. Жобалы сутірек 
бірімен-бірі  байланысқан  7  қатардан  тұрады. 
Ұңғымаларының  жалпы  жиынтық  су  шығымы 
11000 л/с, тереңд. 20–25 м. Кен орны 1968 жылдан 
игерілуде. 
ҚОТЫРКӨЛ – Ертіс алабындағы көл.Ақмола обл. 
Еңбекшілдер ауд. степняк қ-нан оңт.-батысқа қа-
рай 3 км жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 351 м  
биіктікте жатыр. Аум. 18,7 км
2
, ұз. 7,2 км, енді жері 
3,9 км, жағалау бойының ұз. 20,4 км. су жинала-
тын  алабы  29,9  км
2
.  Көлдің  ең  терең  жері  7,7  м,  
суының  көл.  19  млн.  м
3
.  Көлге  батыс  жағынан 
көптеген  шағын  жылғалар  құяды.  суы  мол  бол-
ған жылдары Қ-ді Жөкей көлімен сыза қыларнасы 
жалғастырады.  Жағалауы  көлбеу,  түбі  лайлы. 
Көлдің батыс жағалауында қамыс, құрақ өседі.
ҚОТЫРҚОЙ  –  Үлкен  Қотырқой  тауының  баты-
сындағы  асу.  Алматы  обл.  Кербұлақ  ауд.  Бостан 
а-ның  солт-нде  8  км  жерде  орналасқан.  Ең  биік 
жері  шамамен  1600  м.  Мамыр–қазан  айларында 
салт атты адам өте алады. Беткейлік шайылумен 
бірге  бойлық  эрозия  әрекеттері  күшті  дамыған. 
солт-нен Көктал, оңт. беткейінен терісаққан өзен-
дерінің салалары бастау алады. Асу Күреңбел мен 
ынтымақ елді мекендерінің жол қатынасын бай-
ланыстырады.
ҚОТЫРСЕЛТЕЙ  –  Қызылтас  және  Киікбай 
тауларының  аралығындағы  тау.  Қарағанды  обл. 
Шет ауд. Жұмыскер а-ның оңт.-шығысында 25 км 
жерде орналасқан. Абс. биікт. 930 м. солт.-батыс-
тан  оңт.-шығысқа  қарай  11  км-ге  созылған,  енді 
жері  3,5–4  км.  Бірнеше  ұсақ  шоқылардан  тұрады. 
Жоғ.  силур  жүйесінің  жыныстарынан  түзілген. 
солт-нде  Қожа,  Қазыбек,  оңт-нде  Қанжығалы, 
шығысында  толағай  таулары,  батысында  Қараоба 
қыстауы  орналасқан.  сортаңды  қоңыр  топырақ 
жамылғысында қараған аралас жусан, бетеге өсе- 
ді.  Жайылымдық  және  қыстау  (Қызыладыр)  ре-
тінде пайдаланылады.
Қотыркөл
ҚОТЫРТАС – сарыарқаның орт. бөлігіндегі тау. 
Қарағанды обл. Шет ауд. жерінде, Ақсу-Аюлы а-
нан солт-ке қарай 20 км жерде орналасқан. Оңт.-
батыстан солт.-шығысқа қарай Алабұға және тал- 
ды өзендері аралығында 30 км-ге созылып жатыр, 
енді  жері  7–8  км.  Абс.  биікт.  1071  м  (Қазығұрт 
тауы).  сай,  жыра,  шатқалдармен  тілімденген 
бірнеше  ұсақ  шоқылардан  тұрады.  солт.-батыс 
және оңт.-шығыс беткейлерінде қорымтастың мол  
үйінділері  кездеседі.  тас  көмір  жүйесінің  гра-
нитоид  жыныстарынан  түзілген.  Шала  дамыған 
қызғылт  қоңыр  топырақ  жамылғысында  жусан, 
бетеге, боз, қараған, т.б. бұталар өседі. 
ҚОТЫРТАС ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ақтөбе обл. 
Шалқар ауд. Қотыртас т. ж. ст-нан солт-ке қарай 
2,5  км  жерде,  Қауылжыр  өз-нің  аңғарында  ор-
наласқан.  өнімді  сулы  кешен  Қауылжыр  өз-нің 
қалыңд.  2–2,5  м  болатын  саздағы  мен  жабылған 
қиыршықтасты-малтатасты  аллювий  шөгінді-
лерінен  тұрады.  Грунт  сулары  2,5  м  тереңдікте 
жатыр. Ұңғымалардың дебиті 1,8–2 л/с. суы гид-
рокарбонатты  кальцийлі,  минералд.  0,8–0,5  г/л. 
сутіректегі 9 ұңғымадан тәулігіне 751 м
3
 су шы-
ғады.  Ұңғымалардың  арақашықтығы  250  м,  те-
реңд. 13 м. Кен орны пайдаланылуда.
ҚОШАҚ – Каспий т-нің шығысында, түпқараған 
түбегінің солт.-шығысындағы шығанақ. Маңғыс- 
тау обл. түпқараған ауд-нда орналасқан. Құрлық- 
қа 25 км шамасында еніп жатыр. Шығыс бөлігін- 
де  Күмбірлеусор  қонысымен  ұштасады.  солт.-ба-
тыс жағалауы теңіз деңгейінен 30 м төменде. Шы- 
ғанақтың  теңізге  шығар  жеріндегі  ұз.  5,5  км. 
Орташа тереңд. 3 м. Оңт. жағалауға жақын бөлік-
терінде  су  асты  шөгінділері  мен  жартастары  су 
бетіне  шығып  жатыр.  теңізге  шығар  бөлігінде 
Маңғыстау, сарытас шығанақтарымен шектеседі.
ҚОШАЛАҚ  ҚҰМЫ  –  торғай  өз-нің  оң  жағалау- 
лық  аңғарында,  сарықопа  көлдерінің  оңт.-баты-
сындағы  құмды  алқап.  Қостанай  обл.  Жангелдин 
ауд-нда, тәуіш а-нан батысқа қарай 6 км жерде ор-
наласқан. теңіз деңгейінен шамамен 120 м биіктікте 
жатыр. Ең биік жері 137 м (солт-нде). солт.-шығыс-
Қотырқой асуы
Қотыртас тауы

411
Қошқар
қақ а-ның оңт.-шығысында 48 км жерде орналас-
қан. Батыстан оңт.-шығысқа қарай 28 км-ге созыл-
ған, енді жері 7 км. негізінен палеоген кезеңінің 
тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан. Жер 
бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды 
жазық. Құм шетінде сұлтанқазған және т.б. ар-
тезиан  құдықтары  1–25  м  тереңдіктен  шығады. 
солт-нде  сарытақыр,  оңт-нде  Мыңжылқы  сек-
сеуіл  қоныстары,  батысында  Қарашоқы  төбесі, 
шығысында  Қыздаршыққан  құмы  орналасқан. 
Құмды, сұр топырақ жамылғысында жусан, жүз-
гін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өсімдіктер өседі. 
ҚОШҚАРБАСЫ  –  Үшқара  тауларының  шығы-
сындағы  құмды  алқап.  Алматы  обл.  Ақсу  және 
Көксу  аудандарында  орналасқан.  Ең  биік  жері 
400  м  шамасында.  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа 
қарай  30  км-ге  созылған,  енді  жері  20  км  шама-
сында.  Жер  бедері  қырқалы  келген.  Құм  бойын-
да  Қоштай,  Ақшағыл  төбелері  бар.  Жоғ.  және 
орта  төрттік  кезеңінің  шөгінділерінен  түзілген. 
Батысында Үшкөл, оңт-нде Баскөл көлдері, солт-
нде  Жалқұм  құмы  жатыр.  Қ-да  жусан,  шеңгел, 
жүзгін, теріскен, т.б. сораң өсімдіктер өседі. Жер 
бетіне  жақын  жатқан  жер  асты  суы  сәл  кермек 
татиды. Құм қойнауы қысқы, көктемгі мал жайы-
лымы ретінде пайдаланылады.
ҚОШҚАРКӨЛ – Алакөл және сасықкөл көлде- 
рі аралығында орналасқан көл. теңіз деңгейінен 
349,8  м  биіктікте.  Аум.  120  км
2
,  ұз.  8,2  км,  енді 
жері  9,6  км,  орташа  тереңд.  4  м,  су  жиналатын 
алабы  20,8  мың  км
2
.  Көлге  Жіңішке  өз.  құйып, 
Ұялы  өз.  ағып  шығады.  сыртқы  пішіні  жар-
ты  шар  тәрізді.  түбі  жазық,  тұнбалары  біркел-
кі.  суы  тұщы,  гидрокарбонат  класына  жатады. 
Жағалауы  қамысты.  Қ.  жауын-шашын  және  жер 
асты суларымен толысады. Көлде балдырдың 64 
түрі,  балықтың  8  түрі  бар.  Батыс  және  оңт.  жа-
ғалауында  ондатр,  үйрек,  қаз,  аққу,  шағала,  т.б. 
тіршілік  етеді.  суында  балдыр,  мүйізжапырақ, 
қарақұмық өсімдіктері өседі.
ҚОШҚАР  МҰНАЙ  КЕНІ,  Атырау  обл.  Мақат 
ауд-нда.  Қошқартұз  күмбезінің  оңт.-шығысынан 
тан оңт.-батысқа қарай 22 км-ге созылған, енді жері 
7 км шамасында. Аум. 115 км
2
.Жер бедері ұсақ құм 
төбелерден  тұрады.  Батысы  мен  шығысында  сор 
алқап қалыптасқан. Шығысында 7 км жерде татыр 
көлі жатыр. Кұм төбелердің ойлауытты жерлерінде 
грунт сулары 2,5–6 м тереңдікте Құмдақты бозғылт 
қоңыр топырағында Лерх жусаны, көде, селеу, еркек 
шөп,  т.б.  шөптесіндер  өскен.  Қ.  құмында  бірнеше 
қыстаулар мен құдықтар орналасқан. 19 ғ-дың орта 
шенінде мұнда Кенесары ханның ордасы болған.
ҚОШАТА  –  Қарабауыр  жонының  солт-ндегі  құ-
дық.  Маңғыстау  обл.  Маңғыстау  ауд-нда  орна-
ласқан. тереңд. 12 м,су шығымы 600 л/сағ. солт-
нде  Молабай,  оңт-нде  тағылбайлы,  батысында 
Көшқұдық, шығысында Шолақ құдықтары бар.
ҚОШҚАР – Қарағанды обл. Ақтоғай ауд-нда ор-
наласқан тау. Абс. биікт. 759 м. Батыстан  шығысқа 
қарай  20  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  10  км. 
Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады, етегінде қорым 
тастар  бар.  тас  көмір  жүйесінің  орта  және  жоғ. 
бөлім  жыныстарынан  түзілген.  Қоңыр  топырақ 
жамылғысында жусан, боз, сұлыбас, бұталар өседі. 
Шығыс  және  батыс  жағын  сор  топырақты  өңір 
алып жатыр. Мал жайылымына қолайлы.
ҚОШҚАРАТА  –  ырғыз  алабындағы  тұзды  тұ-
йық  көл.  Ақтөбе  обл.  Шалқар  ауд-нда,  Үлкен 
Борсыққұм құмының батысында, теңіз деңгейінен 
90 м биіктікте жатыр. Ендік бағытта созылып жат-
қан көлдің аум. 65 км
2
, ұз. 18 км, енді жері 6 км, 
жағалау бойының ұз. 57 км шамасында. су жина-
латын алабы 1770 км
2
. Қ-ға солт-нен жазда құрғап 
қалатын  Кендірлі,  Ашудасты  өзендері  құяды. 
Жазда  құрғап  сорға  айналады.  Көлдің  оңт-нде 
Гүлсезім қыстауы мен артезиан құдықтары орна-
ласқан.
ҚОШҚАРАТА, ө л і к ө л – Каспий т-нің шығыс 
жағалауында,  Маңғыстау  түбегінің қиыр батысын-
да  жатқан  көл.  Маңғыстау  обл-ның  орт.  –  Ақтау 
қ-нан  солт-ке  қарай  8  км  жерде  орналасқан.  Көл 
теңіз деңгейінен 8 м биіктікте жатыр. Аум. 36 км
2

төртбұрыш пішінді келген көлдің ұзындығы мен 
ені  5,5–6,5  км  шамасында,  жағалау  бойының  ұз. 
27 км-дей. Қ-ның оңт-н сор батпақ басқан, баты-
сы мен шығысы біршама көтеріңкі келген. Кезінде 
Каспий т-нің қалдық суынан түзілген көл, Ақтау қ.  
салынғаннан  бері  өнеркәсіп  кәсіпорындарынан 
шығатын  ақаба  суларды  жинайтын  тұндырғы 
көлге айналған.
ҚОШҚАРАТА – Боралдай өз-нің оң саласы. Оңт. 
Қазақстан обл. Бәйдібек және Жамбыл обл. Жуалы 
аудандары жерімен ағып өтеді. Ұз. 78 км. Бастауын 
Қаратау  жотасындағы  Ақшоқы,  Арқарлы  таула-
рынан  алып,  Бәйдібек  ауд-ндағы  Қаратас  а-ның 
солт-нде 10 км жерде Боралдай өз-не құяды. Жоғ. 
арнасы тау шатқалымен өтеді, төм. ағысында ар-
насы тар, тік жарлар кездеседі. Аңғарында жаба-
йы жеміс ағаштары басым. Қар, жаңбыр және жер 
асты суларымен толығады. суы тұщы. Минералд. 
0,2–0,4  г/л.  Жергілікті  тұрғындар  Қ-ның  суын 
егін,  бау-бақша  суғаруға,  ауыз  суға  пайдалана-
ды. өзеннен 10-ға жуық ирригациялық каналдар 
тартылған.
ҚОШҚАРАТА – доңызтау кемерінің шығысын- 
дағы құмды алқап. Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Қос- 
Қошқарата өзенінің жоғарғы арнасы

412
17  км,  шағын  Бекбике  кен  орнының  батысында 
20  км  жерде  орналасқан.  1941–44  ж.  барлау  жұ- 
мыстары жүргізіліп, дербес мұнай күмбезі анық-
талды. Мұнайлы алаңы Оңт. Ембіге (Жемге) тән  
келетін  төм.  пермь  дәуірінің  (кунгур  ярусы)  тұ- 
зында  басталып,  төрттік  кезеңдегі  соңғы  қаспий 
трансгрессияның  шөгінді  құрылымдар  кешенін-
де  жаралған.  Оңт.  Қошқар  кен  орнындағы  мұ-
най  көздері  оңт.-батыстағы  альб-сеноман,  нео-
ком  және  орта  юра  шөгінділерінен  құралған. 
Мұнайлы  алаңның  жалпы аум.  2368 км
2
,  мұнай-
дың өнімді қабаты 220–885 м тереңдікте, қалыңд. 
50 м-ге дейін. Кен орнында ең көп мұнай 1948 ж. 
алынды (157,9 мың т). Қошқар мұнайы шайырлы 
(11–23,5%),  парафинді  (0,4–0,45%)  және  күкіртті 
(0,10–0,32%) келеді.
ҚОЯНБҰРШАҚ  (Orobus)  –  бұршақтұқымдасы- 
на жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қа- 
зақстанның  барлық  аймақтарындағы  жазық  жер-
лерде, орман ішінде, тау етектерінде, кейде таудың 
биік  шыңдарында  да  кездеседі.  Қазақстанда  6 
түрі өседі. Көп тараған түрі – с а р ы  Қ. (O. luteus), 
биікт. 60– 150 см. дара, тік әрі жуан, тықыр немесе 
түкті сабағы тамыр бұтағынан шығады. Бөбешік 
жапырақтары жартылай садақ тәрізді, жапырақша-
лары  3–4-тен  қосарланып  келеді,  жалпақ  қанда-
уыр тәрізді. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топтал-
ған. Маусым–шілде айларында гүлдеп, шілде–та-
мызда жеміс береді. Бұршағы ұзынша, аздап иіл-
ген, тықыр.тұқымы сопақша домалақ (саны 12–15).
Қ-ты сиыр мен жылқы сүйсініп жейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет