Таусоғарова А


Тақырыптары: Фреймдер білім репрезентациясының құрылымы ретінде



бет26/33
Дата21.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#109623
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
annotation18047

Тақырыптары: Фреймдер білім репрезентациясының құрылымы ретінде.

  • Фреймдер туралы жалпы мағлұмат.

  • Фреймдердің құрылымы.

  • Фреймдер білімнің ұйымдасу форрмасы ретінде.

Тілдік тұлғаның тәжірибесін ұйымдастыру тәсілі ретінде концепттермен бірге, когнитивті деңгейде сценалар, сценарийлер, фреймдер, яғни ментальды (әлемнің ерекше көрінісінің құрылымын қамтитын ойлау процестерінің жиынтығы) модельдер алға шығады. Фреймдер т.б. стереотипті ситуацияларды білдіру үшін қолданылады: әрекет ету тәртібінің, дағдысының, оның ішінде, тілдік қылығының анықталған схемасын (сызбасын) ұсынады. Бұл сияқты модельдердің бір лингвомәдениет қауымдастығы өкілдеріне социомәдени контекстің ортақтығына орай жалпы болуы коммуникация процесінде олардың өзара түсіністігін қамтамасыз етеді.
Сцена, сценарий, фрейм ұғымдары өзара байланысты. Анықталған бір ситуация біздің санамызда образдар түрінде көрініс табады. Онда ситуциядағы қатысушыларды, олардың міндеттерін, рөлдерін, өзара қатынасын, ситуация жағдаятын көруге болады. Осы анықталған компоненттердің жиынтығы сценаны құрайды. Сценалар бірінен кейін бірі жүзеге асады, анықталған сценарий бойынша дамиды. Образдар, сценалар мен сценарийлер фреймдерге бірігеді. Яғни фрейм сол не басқа бір типтік, мәнді және мүмкін ситуация үшін қажет білімді қамтиды. Фрейм дүниені түсінуге, онда бағдар жасай алуға көмектеседі. Мысалы, «Оқу – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» (оқу, білім концепттері) фразасы оқ, білім алу нәтижесінде баянды өмір сүру фреймін танытады.
Бұл фрейм келесі сценарийді болжам етеді: адам білім алады; ол білім адамның баянды өмірін қамтамасыз етуі керек. Бұл сценарий 3 сценадан тұрады: адамның белгіленген нормаға сәйкес білім алуы; соған орай баянды өмірден үміт етуі; алынған нәтижеге көңілі толмауы. Яғни, әр бір фрейм бірнеше ақпаратпен байланысты әр бір фрейм бірнеше ақпаратпен байланысты: мәліметті қолдану туралы, одан кейін не күтуге болады, егер ол үміт ақталмаса не істеу керек. Сөйтіп, фрейм біздің 1) дүние туралы білімімізді тұтастықта ұйымдастырады.
Дағдылы әдеп, қылықтар жүзеге асатын таптаурынды ситуацияларды білдіруде ыңғайлы құрылым болып табылады; 2) дүние туралы білім мен контекст туралы білімді ұсынудың, қолданудың мейліеше тиімді формалары осы фреймдер болып табылады. Фреймдер жүйесінде ұсынылған білім негізінде сөйлеу әдеп-дағдысының бағдарламасы таңдалады. Фреймдер іс-әрекеттің қай түрі болуы мүмкін екенін, әлеуметтік контексті талдау кезінде өзара қарым-қатынасқа түсушілердің әрекетін анықтайтын конвенционалдық қағидалардың (ереже, заң, норма) не үшін қажет екенін анықтайды. Сөйтіп, фрейм деп стереотипті жағдайдағы әрекет схемасы, сондай-ақ коммуникация жағдайлары мен обьектілерін сипаттайтын конвенционалды білім жүйесі түсініледі.
Фреймдік бағыттың құрамдас бөлігі ситуация туралы білімді фрейм түрінде тану болып табылады. Ситуация туралы білімнің фреймдік танымының астарында адамның ситуация контексіндегі әрекетінің формалданған сипаттамасы жатыр.
Л.Н.Сидорова: фреймді білімнің тілдік тұрғыда жүзеге асу факторы ретінде лингвистикалық бағдарланған концепт деп қарастыруға болады. Ол фреймді адамның алуан түрлі білімін, оның тәжірибесін бірыңғай мәнге біріктіретін әмбебап категория деп есептейді.
Фрейм – бұл тек білімді таныту формасы ғана емес, сонымен бірге оны іс тәжірибесінде қолдана алуды да білдіреді. Оқыту жүйесі фреймдер жүйесімен тығыз байланысты. Т.ван Дейк фреймдер білімнің өздігінен бөлініп шығатын үзіктері я бөліктері болып табылмайды. Фреймдер концепттердің айналасында ұйымдасады. Олар негізгі, типтік және потенциалды ақпараттарды қамтиды. Олар басқа концепттермен тамырласады. Фреймдер конвенционалды сипатқа ие және типтік сипатымен анықталады. Бұл, әсіресе, әлеуметтік әрекет фреймдеріне қатысты.
Концептуалды фреймдер біздің әдеп-дағдымызды ұйымдастырып және басқа адамдардың әдеп-қылығын дұрыс талқылауға мүмкіндік береді.


1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет