Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:
Фигура-фон – гештальт-психологиядан енген терминдер, когнитивтік лингвистикада кеңінен қолданылады, адамның болмысты қабылдауы мен талқылауын сипаттайтын психикалық және когнитивтік құрылымды белгілейді, мұнда болмыс мәнісі оның бөліктерінің жиынтығына сәйкестілік таппайды. Мысалы, жайлау ұғымы жасыл бөктерлі дала, киіз үй, мал, өріс, бұлақ т.б. бөліктерді қамтиды. Фигура мен фон арасындағы айырмашылық кез келген жіктелген өрісті қабылдау кезінде оның бөліктерінің бірі мейлінше анық тұрақты (инвариантты) түрде айрықшаланып тұрады; осы бөлік – фигура, ал қалғандарының барлығы фон деп аталады (Кубрякова және басқалары, 1996).
Фигура орналасқан фон үздіксіз континуум сияқты қабылданады. Перцептуалдық қасиеттеріне негізделген фигура-фон айырмашылықтары В.З. Демьянков еңбектерінде талданылған (Қара.: Демьянков В.З. Когнитивизм, когниция, язык и лингвистическая теория // Язык и структуры представления знаний. – М., 1992. – С. 5-11.).
Фрейм – таптаурын жағдаяттарда я қарым-қатынаста тұтынылатын анықталған дағдылы әдеп-құлық әрекеттерінің, сондай-ақ тілдік қылық әрекетінің сызбасы я бағдарламасы ретінде қарастырылатын менталды модель. Таптаурын жағдаяттар тұрғысындағы білім-тәжірибе адам санасында тұтастықта ұйымдаса отырып, сол уақытта таптаурын жағдаят орны (мекені), субъектілері және олардың рөлдері немесе қызметтері т.б. компоненттері түріндегі образдарды қамтиды. Осы орайда аталмыш компоненттердің жиынтығында сцена түзілсе, олардың анықталған тәртіппен (бірінен кейін бірі) жүзеге асуы сценарий болып табылады. Сөйтіп, таптаурын жағдаят образдары, сцена, сценарий біріге келіп, фреймді құрайды.
№ 11 СЕМИНАР
Тақырып: Дәстүрлі семантика мен когнитивті семантика.
Сөзге (тілдік бірліктерге) семантикалық талдау жасау;
Сөзге (тілдік бірліктерге) концептуалдық талдау жасау;
Семантикалық және концептуалды талдаудың салыстырмалы кестесін құрастыру;
Р.Лангакердің когнитивтік қағидаларының когнитивтік лингвистикалық зерттеулердегі көріністеріне нақты мысалдар.
Кеңістіктік түсініктер: «жоғары және төмен» (түркі және славяндарда).
Әдебиеттер:
1. Кубрякова Е.С. Проблемы представления знании в современной науке и роль лингвистики в решение этих проблем // Язык и структуры представления знании. М.: Наука, 1992.
2. Лангакер Р.В. Природа грамматической валентности // Вестник МУ. Сер.9 филология. №5 1998. – с.73-110.
3. Сабитова З.К. Пространственная вертикаль в русском и тюркских языках // Прошлое в настоящем. Русско-тюркские культурные и языковые контакты. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 189 – 208 беттер.
№11 СӨЖ. Жол ұлттық-мәдени концепті ретінде сипаттау.