Таусоғарова А



бет30/33
Дата14.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#74205
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
дополнительный материал

Тақырыптары: Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивтік парадигмалар.

  • Когнитивтік лингвистика және этнолингвистика.

  • Қазақ тіліндегі түр-түс атауларын когнитивтік аспектіде зерттеудің ерекшеліктері.

  • Жан концептісі және эмоционалдық концептілер: Мұң т.б. Когнитвитік лингвистиканы этнолингвистикамен ұштастыратын ұғымдар – менталдылық, тіл әлемі, этнос табиғаты және ғаламның этникалық тілдік бейнесі. Менталдылық адамның әлеуметтік қоғам, дәуір немесе этномәдениеттің рухани әлемін бейнелейтін әлеуметтік психологиялық құбылысты айқындайды. Этнос тілі, ғаламның этникалық тілдік бейнесі тілдің күрделі когнитивтік қызметінің нәтижесі ретінде когнитивтік лингвистиканың негізгі нысаны болса, “этностың өзін танып білудегі қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы – тіл әлемі” этнолингвистикалық зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады. Когнитивтік лингвистикада ғаламның тілдік бейнесі динамикалық негізді, уәжді және адаммен тікелей қатысты тұтас бірліктегі дүние деп түсініледі.

Тілдің түпсанаға (подсознание) әсері негізінде адам бұрын өзі естімеген, білмейтін сөзін де шамалай ұғып жатады. Ол адамның бұған дейінгі білімімен, сондай-ақ интуицияның көмегі арқылы жүзеге асады. Лингвистикалық интуицияны түсіндірудің мәні зор. Бұл тұрғыдағы когнитивтік пайымдаулар қатарына Қ. Жұбанов еңбектерінен көрініс тапқан (Қазақ тілінің жоғарға курсы): “Әр сөз өзалдына жеке ұғым (представление). Мысалы, “бор” дегеннің не екенін білмек болсақ, оның неше түрлі қасиеттерін біліп үйренеміз. Осы үйренуіміздің жинағы “ұғым” представление болады”, дейді. Мұндағы сөз болып отырған “үйренуіміздің жинағы” “ғаламның тілдік бейнесі” екені даусыз.
Халықтың ұлттық сипатын тану ғаламның этникалық бейнесін тануға жетелейді. Ғаламның этникалық бейнесі - әр қоғам, этникалық бірлестік мүшелері ұғынатын әлеуметтік, табиғи және тылсым күйі арқылы санада жазылған өмір ережелері, айтылусыз тұспалмен де түсінілетін когнитивтік бағдар ретінде анықталады.
Менталитет - жеке индивидті, не индивид тобын сипаттайтын ақыл-ой саласы, психиканы анықтайтын барлық сипаттамалардың жиынтығы, ойлай тәсілі не ойлану сипаты ретінде айқындалады. “Менталитет - тұрақты ойлай түрі, қандай да бір жеке адамдар, саяси-әлеуметтік институт, топтар, ұйымдар т.с.с. бөлімшелер туралы шындықтың жинақталған, таратылған бейне-түсінігі”, - деп жазады Э.В.Тадевосян.
Тіл халықтың менталитетін, өзін қоршаған ортаның туындысы болып табылатын сана-сезімінің, таным жүйесінің көрінісі ретінде зерттелетінді. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивтік парадигмалар да осы үрдістен табылып отыр.
Қазақ тіліндегі түр-түс атауларын когнитивтік аспектіде зерттеуде Н.Н.Аитова келесі мәселелерді қамтыған: түр-түс атауларының табиғаты және тілдік культ семиотикасы, қазақ түр-түс атауларының тарихи сипаты, түстердің қалыптасуының архетиптік бейнесі, түр-түстің сиволикалық табиғаты, түр-түстегі ғалам бейнесі т.с.с. когнитивтік парадигамаларды құрайды.
Когнитивтік лингвистика аясындағы мәселелер көтерілетін Қ.Жаманбаеваның “Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, сивол, тілдік сана” еңбегінде тілдік сананың құрылымы анықталып, гештальт болмысы түсіндіріледі.
Тіл қолданысының когнитивтік негіздері терең қарастырылып, құрылымның күрделі жүйе тудыру үрдісі кеңінен қамтылады. Ойлау, ой түю, қабылдау, қорыту сияқты когнициялық үдерістер эмоциялық құбылыстармен тікелей ұштасып жатыр. “Эмоция белгілері бір кезеңде біздің бойымызды билейтін өзара үндесетін әсерлерді образға жинақтайды. Осы қасиеті арқылы қиялдың қиыстыру қызметіне ықпал етеді” (Выготский Л.С.).
Қ.Жаманбаева: “Дара тұлға, эмоция, символ, тілдік сана, қажеттілік т.б. бір-біріне гештальт құбылысы арқылы өтеді. Гештальт – образ, форма, бір сөз болуы да мүмкін. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі “бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді. Оның атқаратын қызметі – сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату. Аталған біртұтас деген нәрседе жеке бөліктер болмайды. Ол – бір жүйе, құрылым. Оны санамен бөлшектеп көрсету мүмкін емес. Ол тосыннан жарқ етіп, ерекше күй арқылы дүниеге келеді”,- деп анықтай отырып, эмоция атауларының тезаурусын құрайды, эмоцияның берілу табиғатының гештальттық сипатын түсіндіреді. “Мұң” концептісінің сипаты түрлі көркем шығармалар мәтіндерін когнитивтік механизмдер тұрғысынан талдау арқылы көрінеді. Көптеген халықтардың ғаламның тілдік бейнесінде концепті ретінде ерекше орын алатын ұғым бұл – “Жан” концепті. “Жан” концептіне арналған Ж.М.Уматованың еңбегінде орыс тіліндегі баламасымен салғастырыла келе, екі халықтың тілдік бейнесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланған. “Жан” концептінің архетиптік сипаты, түрлі мезгілдердегі прагматикалық мәндері де қамтылып, концепт ретіндегі белгілері ашылады.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет