3. Концепт-ая – лингвомәдени қауымның я этностың, жеке тіл иеленушінің әлем бейнесі немесе ондағы белгілі бір объекті тұрғысындағы таным-білімін, тәжірибесін көрсететін өзара байланысты бірнеше концептілердің жиынтығы. Мысалы, қазақ халқының тілдік санасында үй – Шаңырақ, Үлкен үй, Отау үй, Отбасы, Кенже ұл, Ошақ т.б. концептілердің жиынтығында түсіндірілуі мүмкін. Мұндағы әрбір концепт өз алдына мәдени, рухани, этникалық мәністерге ие. В.А. Маслованың пікіріне сәйкес концепт-аяның құрылымы мынандай: негізгі концептінің когнитивті-пропозиционалды құрылымы – өзек; негізгі концептінің, оның синонимдерінің басқа да лексикалық репрезентациясы орналасатын өзек жанындағы аймақ және ассоциативті-образды репрезентациясы берілетін перифериялық аймақ. Мұнда өзек пен өзек жанындағы аймақ әмбебап және жалпы ұлттық білімді, ал перифериялық аймақ индивидуалдық түсінікті танытады (Қара.: Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Мн.: ТетраСистемс, 2004.).
№ 15 СЕМИНАР
Тақырып: Қазақ тіліндегі түр-түс атауларын когнитивтік аспектіде зерттеудің ерекшеліктері.
1) Түс атауларының тарихи сипаты.
2) Түстердің қалыптасуының архетиптік бейнесі.
3) Түр-түстердің концепттік мазмұны.
4) Түр-түс атауларының ассоциативтік өріс құруы.
5) Түр-түстердің символикалық табиғаты.
Әдебиеттер:
1. Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: Оқу құралы. – Ақтөбе, 2006. 12 – 84-беттер.
№15 СӨЖ. Дискурс және дискурсивті талдау ұғымдары.
Стереотиптер әлемнің тілдік бейнесінің элементі ретінде.
Концепті – әлемнің тілдік бейнесінің негізі. Концептілер тобы.
Э. Роштың прототиптер туралы теориясы.
Дж. Лакоффтың метафоралық теориясының когнитивтік лингвистикадағы орны.
Р. Лангакердің конитивтік грамматикасы.
Тілдік қор – танымдық жады қызметінің нәтижесі.
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивтік парадигмалар.
Тілдік модель. Жан концептісі.
Эмоционалдық концептілер: Мұң концептісі.
Когнитивизм, когнитивтік терминдерінің семантикасы. Тілдің когнитивтік аспектілері.
Семантика мен таным теорияларының байланысы.
«Қоңыр» сөзі қатысуымен жасалған тілдік бірлдіктердің пропозициялық танымдық құрылымы.
Білімді көрсету, ұйымдастыру (репрезентация) тәсілдері және ондағы тілдің орны.
Базалық концептілердің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаттары.
Тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты.