Тавасарова А. А


THE PAST CONTINUOUS TENSE



бет41/85
Дата26.01.2022
өлшемі1,35 Mb.
#24341
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85

THE PAST CONTINUOUS TENSE


СОЗЫЛЫҢҚЫ ӨТКЕН ШАҚ

PAST CONTINUOUS TENSE (СОЗЫЛЫҢҚЫ ӨТКЕН ШАҚ) - сөйлеу кезінен бұрын болған іс-əрекетті білдіретін созылыңқы сипаттағы етістік формасы, яғни іс-əрекеттің белгілі бір уақытта, бұрын болғанын, созыла іске асқанын білдіреді. Бұл шақ қазақ тіліндегі жедел өткен шаққа сəйкес келеді. It WAS RAINING all day long. - Күні бойы жауын жауды.

1. Етістіктің бұл шағы тиісті шақ жəне жекеше, көпше тұлғада тұрған to be көмекші етістігінің өткен шақ формасы (was, were) мен негізгі етістіктің

-ing жалғауы осы шақ есімшесін (Present Participle (Participle I)) қосу арқылы жасалады. I was working. Не was working.

2. Past Continuous шағының сұраулы сөйлемінде көмекші етістік бастауыштың алдында келеді, мысалы: Was I (he, she, it) working? Were you (we, they) working?

3. Болымсыз сөйлем NOT демеулігінің көмегімен жасалады, көмекші етістіктен кейін NOT келеді, мысалы: I was not working. Не was not working. We were not working.

4. Сұраулы-болымсыз сөйлемде NOT демеулігі бастауыштан кейін келеді. Мысалы: Was I not working? Were we (you, they) not working? Was he (she, it) not working?

5. Past Continuous Tense сұраулы сөйлемдеріне берілетін қысқа жауаптар: Was he working? - Yes, he was. Was she working? - No, she wasn’t (was not). Were you working? - No, you weren't (were not).

6. Past Continuous Tense мезгіл үстеулер арқылы беріледі:

а) Белгілі бір уақыт аралығында болған, созыла аяқталған өткендегі іс- əрекет мынадай үстеулер арқылы беріледі: at 5 o’clock (сағат 5-те), at that moment (сол кезде (уақытта)), at noon (түсте), at midnight (түн ортасында), т.б. What were you doing at 5 o’clock yesterday? - Кеше сағат 5- те сіз не істеп жатыр едіңіз?



э) Өткен шақта іс-əрекет жүріп жатқанда екінші бір іс-қимылдың болғанын көрсетеді. Бағыныңқы сөйлем when (қашан) сөзімен басталады. She was writing a letter when I entered the room. - Мен бөлмеге кіргенде, ол хат жазып отырды.

б) Қатар болып өткен іс-əрекет бағыныңқы сөйлем WHILE (СОЛ КЕЗДЕ (УАЦЫТТА)) сөзімен басталады. I WAS WRITING a composition WHILE he was looking through the journals. - Ол журналдарды қарап отырғанда, мен сол кезде шығарма жазып отырдым.



в) Белгілі бір уақыт аралығында болып өткен іс-əрекет мынадай үстеулер арқылы беріледі: all day long (күні бойы), all day yesterday (кеше күні бойы), all the time (барлық уақытта), the whole evening (кеш бойы), the whole month (бір ай бойы), from five till eight (бестен сегізге дейін), т.б. I was waiting the bus from 7 till 8 o'clock. - Мен сағат 7-ден 8-ге дейін автобус күтіп тұрдым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет