Жинақтаушы түтікшелердің секрециясы реабсорбцияға ұқсас, бірақ бұл процесс қарама-қарсы жүреді, немесе заттардың өту бағыты қаннан түтікшелерге қарай бағытгалады. Негізгінен, секреция түтікшелердің дистальдық бөлігінде өтеді.Секреция процессінде реабсорбция тәріздес көп мөлшерде АТФэнергиясы жұмсалады (активті тасымалдану) және бұл процесте тасымалдаушы белоктар маңызды қызмет атқарады.Реабсорбция және секреция процестері жиі жағдайда бірдей өтеді, мысалы: К+ ионының секрециясы Nа+/К+ тәуелді АТФазаның қатысуымен жүреді. Сондықтан, К+ бөлінген кезде Na+ реабсорбцияланады. Сонымен қатар, Н+, NН4+ -тер де бөлінеді.Секреция нәтижесінде зәр мөлшері тәулігіне 1000-2000 мл-дейболады. Оның қүрамында:12-36 г дейін мочевина,1 г креатинин,1г аммоний тұзы, 0,5-1 г азоттық өнімдер (креатин,гиппур қышқылы, индикан), 5-7 г минералдық тұздар,токсикалық қосылыстардың залалсызданаған өнімдері.
қорытынды
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің салмағы - 150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Функциясы:Экскреторлық,Осморегуляция,Ионорегуляция,Эндокриндық,Метаболизм.
Бүйрек — адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120—200 г-дай, ұзындығы 10—12 см, ені 5—6 см, қалыңд. 3—4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында — соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс — бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары — милы заттан тұрады.