Жасанды интеллектті қолдану арқылы білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау және психологиялық қызметтің қызметін қамтамасыз ету бойынша техникалық сипаттамасы
Білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау және психологиялық қызметті цифрлық автоматтандырылған платформада жасанды интеллектті қолдану арқылы қамтамасыз ету осы үдерістерді жүйелеуге және оңтайландыруға, сондай-ақ құжат айналымын қысқартуға бағытталған. Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығына сәйкес реттелуі керек, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атап өтілгендей, кәсіби бағдар маманының лауазымын енгізу және оның функцияларын анықтауды қамтиды. Материалдар Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленуі тиіс.
Оқушыларға психологиялық қолдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығында белгіленген білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
Жасанды интеллектке негізделген жүйе оқушыларды мамандық пен оқу орнын таңдауда құрылымдалған және жеке сүйемелдеуді, сондай-ақ 5-11 сыныптарда оқудың барлық кезеңінде олардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етуі керек.
Платформаның негізгі міндеттері төмендегідей болуы тиіс:
5-11 сынып оқушылары үшін платформамен біріктірілген кәсіби бағдарлау және психология бағдарламасын енгізу.
Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы оқушыларға кәсіби бағдарлау және психологиялық қолдау диагностикасы, интерпретациясы және деректерді талдауға жұмсалатын уақытты қысқарту.
Психологиялық қызметтер мен кәсіби бағдарлауды бір базаға біріктіру арқылы процестерді стандарттау және құжат айналымын қысқарту.
Оқушылардың жеке деректерін өңдеу мен сақтаудағы құпиялылық пен қауіпсіздікті нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз ету, оның ішінде: бастапқы кодтарды талдау хаттамасы, ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы, жуктемелік сынау хаттамасы, желілік инфрақұрылымды зерттеп-карау; хаттамасы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-карау хаттамасы.
Барлық деңгейдегі кәсіби бағдарлау және психологиялық қызметтердің жұмысын қадағалау органдары үшін қол жетімді статистикалық деректер мен есептерді ұсыну арқылы ашықтық пен тиімділікті арттыру.
Негізгі процестерді, соның ішінде диагностика, кеңес беру және талдауды жүйелендіру, осылайша мамандардың оқушылармен, әсіресе қауіп тобына жататындармен жұмыс істеуге көбірек уақыт бөлуін қамтамасыз ету.
Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі мамандықтар бойынша егжей-тегжейлі ақпарат беретін виртуалды сарапшы.
Білім беру процесін жақсарту және негізделген шешімдер қабылдау үшін кәсіби бағдарлау, психологиялық қолдау және үлгерім нәтижелері бойынша аналитикалық есептерді қалыптастыру.
Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен Назарбаев Университетін қоса, шетелдік университеттерге түсу ережелері туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, шетелдегі гранттық бағдарламалар туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну.
Психологтар мен кәсіби бағдар берушілердің біліктілігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби өсу үшін құралдармен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |