Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімі
Оқу пәні/модулі бойынша білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау теориялық және практикалық сабақтардың, өндірістік оқыту мен практиканың әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі.
Ағымдағы білімді бақылаудың мақсаты білім алушылардың оқу процесі барысында оқытылатын пәндер / Модульдер мазмұнын меңгеру сапасын тексеру болып табылады. Ағымдағы бақылау топтық сабақтар (семинарлар, практикалық сабақтар және т.б.) барысында оқытушы таңдаған нысанда жүзеге асырылады.
Үлгерімді ағымдағы бақылаудың түпкілікті нәтижесі бағалау өлшемшарттары үшін барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есептеу арқылы жүргізіледі және оқу нәтижесі бойынша білім алушының рейтингі ретінде ресімделеді (2-кесте).
Кесте 2. Білім алушының рейтингін қою шкаласы
Достарыңызбен бөлісу: |