Техникалық және кәсіптік білім беру


Іс қағаздарды жүргізу қағидалары



бет4/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

1 . Іс қағаздарды жүргізу қағидалары

2. Іс қағаздарды жүргізу тәртібі


«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Іс қағаздарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі нормативтік кұқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6628 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. «Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7777 тіркелген, 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 15 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы З. Баймолдина
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 7 наурыздағы
№ 97 бұйрығымен бекітілген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет