Техникалық және кәсіптік білім беру


-бөлім. Істерді өңдеу, сақтау, мұрағатқа тапсыру



бет3/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Техникалы ж не к сіптік білім беру

9-бөлім. Істерді өңдеу, сақтау, мұрағатқа тапсыру

  1. 9.1-тақырып. Істерді өндеу, сақтау және мұрағатқа тапсыру

10-бөлім. Қызмет этикасы

  1. 10.1-тақырып. Қызметтік этикет

  2. 10.2-тақырып. Қызметтік этикеттін түрлері, оны сақтау

  3. 10.3-тақырып. Аударма техникасы. Мәтіндерді сөздікпен аудару

  4. 10.4-тақырып Жұмыс берушімен әңгімелесу алдындағы психологиялық дайындық



I-бөлім. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің негіздері
1.1-тақырып, Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Жоспары:
1 . Мемлекеттік Тіл
2.  «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады»
Мемлекеттік Тіл [1], мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.
Мысалы: Үндістанда мемлекеттік тіл ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойған. Марокконың, Алжирдің мемлекеттік тілі араб тілі болғанымен, ресми тіл ретінде француз тілі онымен бірдей дәрежеде қолданылады. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы” мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын мемлекеттік тілге көшіру кезеңін бастан өткеруде.[2][3]
Мемлекеттік тіл - көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамды белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебеге (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО-ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) мемлекеттік тіл функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше ролі геральдикалық әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО-ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздер үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты "көпұлтты" және "көптілді" деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югословия т.б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару-әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мүндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт-ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т. б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән-мазмұны жоқ. Сол себептен Қазақстанда мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, орыс тілі ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланды
 «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» - деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы.
 Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы - ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады.
 Осыдан тура 30 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң 1995 жылғы Ата заңымыздың 7 бабына сай «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» болып айқындалды.
 Әрі қарай - 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгеленген болатын.
 Дегенмен, осы күні егемендігімізге 28 жыл болсада, қазақ тілі Кеңес заманынан қалыптасып қалған орыс тілінің көлеңкесінде дамып келе жатқаны «ащы» шындық. Жасыратыны жоқ, тіліміз өз елінде, өз жерінде «аса қажеттілікке» айналмай, атына заты сай болмай, мәртебесі мемлекеттік болғанымен қоғамның барлық саласында толыққанды қолданылмай келе жатырған мемелекеттік тіл болып отырғаны ақиқат.
 Қазақ тілі - дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің бірі деп жатамыз. Ия, Қазақ тілі - өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытатын, жұбататын жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына сіңген ата - бабаларымыздың тәлім - тәрбиесі, үлгі - өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық. Осындай гауһар тілімізді өз дәрежесінде пайдалана алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты әсер етсе, ал дәл қазіргі күні қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы қажет деп санаймын.
 Осы орайда, ел президенті өзінің алғашқы Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген.
 Иә, өте дұрыс. Егемен елімізде өмір сүретін барлық ұлттарға мемлекеттік тілді меңгеруге толықтай жағдай жасалған.
 Сонымен қатар, демографиялық тұрғыдан қазақ ұлты ең жоғарғы пайызды құрайтындықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі нақты келді деп есептеймін.
 Жалпы кез келген елде тілдік ахуал өзгерген жағдайда тіл саясаты да жаңа талаптармен толығып отыратыны ақиқат. Жәнеде барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген. Ал, біздің жоғарыда аталған «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген. Яғни, мемлекеттік тілді меңгеру тек «парыз» ғана. Менің ойымша, Президент Жолдауындағы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту үшін «Тіл туралы» заңға өзгерістер енгізіп, мемлекеттік тілге қатысты жауапкершілік белгіленуі керек. Әлемде жеті түркі мемлекеті бар десек, соның алтауы өз тілінде ел басқарып, бір-бірімен қарым-қатынасты тек өз тіліңде жасауда.
 Кез келген қазақ, қазақстандық бір-бірімен тек мемлекеттік тілде сөйлесетін уақыты келді. Тәуелсіздік қазаққа не берді десек, санымыз өсті, санамыз өркендеді, рухымыз жанданды. Рухымызбен бірге тіліміздің тұғыры да биіктеуі шарт.
 Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен.
Халқымыздың «Қай тілде сөйлесең, сол тілде ойлайсың. Қай тілде ойласаң, сол тілдің жанашырысың», «Өсер ел, алдымен, тілін қадірлейді» деген сөздері есімізден шықпағаны жөн деп санаймын.

1.2-тақырып. Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізудің негіздері


Жоспары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет