1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМС) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленген және білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайды (бұдан әрі– ТжКБ білім беру бағдарламалары).
МЖМС-ы меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. МЖМС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) академиялық сағат – кесте бойынша оқыту сабақтарының барлық түрінде оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс жұмыс уақыты;
2) ӘАОО-ның компоненті – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң тиiстi ең аз көлемi;
3) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі.
4) бағалау критерийлері – құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес оқытудың нәтижелерін бағалау бойынша көрсеткіштер;
5) оқыту нәтижелері – білім, білік пен дағдыны көрсету арқылы анықталатын білім алушының өлшемді жетістігі;
6) базалық құзыреттілік – ақпараттық-танымдық, әлеуметтік, коммуникативтік құзыреттіліктерді қамтитын тұлғалық маңызды және кәсіби қызмет үшін қажетті білім, білік және дағды жиынтығы;