5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар
31. ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі біліктілік санына байланысты және игерілген кредиттердің көлемімен анықталады. Оқуды аяқтаудың негізгі өлшемі білім алушының 1 біліктіліктегі оқу қызметінің барлық түрлеріне 60 кредитті игеру болып табылады.
32. Далалық маусым басталуының аймақтық нормаларына сәйкес далалық жағдайда практикалық оқытуды жүргізетін және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу үрдісін ұйымдастыруына қатысты оқуы аяқталатын ТжКБ ұйымдарынан басқа ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Демалыс уақыты, әскери мамандықтардан басқа, жылына 11 аптаны, оның ішінде қысқы кезеңде кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальді оқыту кезінде ТжКБ ұйымдарының қарастыруы бойынша білім алушылар демалыс уақытында кәсіпорындарда кәсіптік практикадан өтеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу жоспарының моделі
Достарыңызбен бөлісу: |