) базалық модуль – бітірушінің базалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының дербес, функционалды аяқталған құрылымдық элементі
7) базалық модуль – бітірушінің базалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының дербес, функционалды аяқталған құрылымдық элементі; 8) біліктілік – кәсіби даярлық деңгейі, кәсіби талаптардың белгілі бір деңгейіне сәйкестік дәрежесі;
9) бітіру біліктілік жұмысы – білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін қорытындылауды білдіретін және олардың бітіру курсында орындайтын қорытынды аттестаттау жұмысы;
10) жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде оқу траекториясын таңдауға жеке білім беру қажеттіліктерін жүзеге асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
11) кәсіби модуль – кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының дербес, функционалды аяқталған құрылымдық элементі; 12) кәсіби құзыреттілік – маманның білім, білік және дағды, сондай-ақ кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттері негізінде кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
13) ТжКБ кредиті – біліктілік алу үшін кәсіптік стандарттар талаптары (болған жағдайда) негізінде білім беру бағдарламасын меңгеру шеңберінде білім алушылардың қол жеткізген оқу нәтижелерінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
14) модульдік-құзыреттілік тәсіл – оқыту мақсаты ретінде білім алушының кәсіби құзыреттілігінің жиынтығы болып табылатын оқу үрдісін ұйымдастыру моделі, оған қол жеткізу құралы ретінде – кәсіптік оқытудың құрылымы мен мазмұнын модульдік құру.
15) модульдік оқыту – ТжКБ модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілі;
16) міндетті компонент – оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың міндетті түрде оқытылатын оқу модульдерінің тізбесі;
17) ТжКБ білім беру бағдарламасы – біліктілікті беру үшін қажетті белгілі бір кәсіби және базалық құзыреттерді меңгеруге бағытталған білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
18) біліктілік емтиханы – біліктілік деңгейін беру мақсатында теориялық даярлық пен кәсіби құзыреттіліктің жеткіліктілігін объективті анықтауға мүмкіндік беретін рәсім;
19) таңдау компоненті – білім беру ұйымы ұсынатын және білім алушылар өз бетінше таңдап алатын кәсіптік модульдердің тізбесі;
20) элективті модульдер каталогы – таңдау компоненті модульдерінің тізбесі, олардың қысқаша сипаттамасы;
21) эдвайзер – білім алушының академиялық тәлімгері қызметін атқаратын, жеке білім траекториясын таңдауда көмек көрсететін оқытушы;