Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы


Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі



бет3/5
Дата01.02.2023
өлшемі51,05 Kb.
#64465
1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 578 v1800017705.12-05-2020.kaz

Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Орта білімнен кейінгі білім беру мамандығының коды



Мамандықтың атауы



Жалпы орта білім базасында бейінді пән атауы



0100000 - Білім беру



0103000



Дене тәрбиесі және спорт



1 шығармашылық емтихан



0104000



Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)



Математика



0105000



Бастауыш білім беру*



Математика



0108000



Музыкалық білім беру



1 шығармашылық емтихан



0110000



Білім беру ұйымдарындағы лаборант



Биология



0200000 - Құқық



0201000



Құқықтану



Дүниежүзі тарихы



0202000



Құқық қорғау қызметі



Дүниежүзі тарихы



0203000



Патенттеу



Дүниежүзі тарихы



0300000 - Медицина, фармацевтика



0301000



Емдеу ісі



Биология



0302000



Медбикелік іс



Биология



0303000



Гигиена және эпидемиология



Биология



0304000



Стоматология



Биология



0305000



Зертханалық диагностика



Биология



0306000



Фармация



Химия



0307000



Ортопедиялық стоматология



Биология



0308000



Медициналық оптика



Биология



0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару



0501000



Әлеуметтік жұмыс



Дүниежүзі тарихы



0507000



Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру



Математика



0512000



Аудармашы ісі (түрлері бойынша)



Шетел тілі



0513000



Маркетинг (салалар бойынша)



Математика



0514000



Бағалау



Математика



0515000



Менеджмент (қолданылу салалары және аясы бойынша)



Математика



0516000



Қаржы (салалар бойынша)



Математика



0517013



Статистика



Математика



0518000



Есеп және аудит (салалар бойынша)



Математика



0519000



Экономика (салалар бойынша)



Математика



1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология Электрондық техника



1305000



Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша)



Математика



1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология



1513000



Ветеринария



Биология



Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы мамандық бойынша берілетін біліктіліктің түріне қарай айқындайды.



Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі
қағидаларына
4-қосымша


Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы



Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).



2



Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері



1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;


2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).



3



Мемлекеттік


қызмет көрсету мерзімі



1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін:


күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығы;


сырттай (кешкі) оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;


өнер және мәдениет мамандықтары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығы;


2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығы, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;


3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;


4) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.



4



Көрсету нысаны



электрондық/қағаз түрінде



5



Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі



Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қолхат беру.


Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолданады.


Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.



6



Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері



Тегін



7



Жұмыс кестесі



қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.


портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).


Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:


1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.​edu.​gov.​kz интернет-ресурсында;


2) www.​egov.​kz порталында орналасқан.



8



Құжаттардың тізбесі



көрсетілетін қызметті берушіге:


1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;


2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;


3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;


4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;


5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).


Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.


Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:


1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;


2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;


3) босқын - босқын куәлігі;


4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;


5) оралман - оралман куәлігі.


Порталға:


1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;


2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;


3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 нөмірімен тіркелген) бекітілген № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;


4) 3x4 см көлеміндегі фотосурет;


Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.


Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.


Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:


1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;


2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.



9



Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер



1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;


2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;


3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.



10



Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар



1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады;


2) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8 800 080 7777 арқылы алады.



Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі
қағидаларына
5-қосымша


Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет