Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсаттары, субъектілері және обьектілері Жоспар


Техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі22,06 Kb.
#127868
түріРегламент
1   2
Байланысты:
Нұрәлі Арна Мұрат Ұлан 9

Техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау


Мемлекеттік бақылау мен қадағалау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі. Бақылау мен қадағалау объектілері ретінде өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар болып табылады. Бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтың органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүргізеді. Уәкілетті орган мен оның аумақтык бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары бақылау мен қадағалауды өнімді өткізу сатысында жүзеге асырады. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

  1. Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді еткізудің жолын кесуге және оған жол бермеуге ыңпал ету шараларын қолданады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жататындар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары — уәкілетті орган басшысының орынбасарлары.

  3. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары.

  4. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

  5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік, аумақтық органдардың басшылары, аумақтық органдардың басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен аттестат алуға тиіс. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау кезінде тексеріледі:

  • өнімге міндетті талаптарға сәйкестігі расталғаны туралы құжаттардың болуы, олардың жалған болмауы, қолдану мерзімі, дайындалу мен тіркелуінің дұрыстығы немесе ілестірілетін құжаттарда сәйкестікті растайтын мағлұматтардың болуы;

  • тексерілетін өнімнің атауының ұсынылып отырған сәйкестік сертификатында (немесе көшірмесінде) немесе сәйкестік декларациясында көрсетілген атауы мен бірдейлігі;

  • сертификатталған өнімді сертификаттау органының инспекциялық тексеруден өткізгені және оның нәтижелері туралы құжаттардың болуы;

  • сәйкестік белгісімен дұрыс таңбаланғаны;

  • сертификатталған (декларацияланған) өнімнің техникалық құжаттарына немесе өндіріс үдерісіне енгізілген және басқа да өзгерістер жөнінде сертификаттау органын уақытылы хабардар ету.

Техникалық байқауды мемлекеттік инспектор мекеме мамандарын қатыстыра отырып жүргізеді. Техникалық байқаудың және экспертизаның нәтижелері бойынша өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігі бағаланады.Мемлекеттік бағалау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мынадай жағдайларда нұсқама шығарады:

  • өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген; сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларадияларының көшірмелері) болмаған;

  • өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда.

Мемлекеттік қадағалау және бағалау жүргізу нәтижесінде анықталған қиғаштықтарды жою үшін және нұсқамалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер қайталанып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет