Технологиялар кафедрасы


Дәрiске әдiстемелiк нұсқау



бет18/38
Дата07.01.2022
өлшемі444,59 Kb.
#17573
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
Ерсултанова З.С. Амалдық жүйелер

Дәрiске әдiстемелiк нұсқау


Дәрiсте берiлген материалды игеру үшiн ағындар туралы берiлген анықтамаларына көңiл бөліп, оларды ажырата бiлу керек. Дәрiсте берiлген негiзгi мәселелер мен сұрақтарға мән берiңiз. Ағындардың атқаратын қызметтерiне талдау жасаңыз.
5.3 Ядродағы ағындарды іске асыру.

Мақсаты:

Ядродағы ағындарды іске асыру әдістерімен таныстыру



Дәріске жоспар:

1. Ядро деңгейіндегі ағындармен жұмыс істеу;

2. Ағындарды ядро және пайдаланушы деңгейінде басқарудың аралас әдістері.

Тақырып бойынша негізгі түсінік:

Ядро ағындардың бар екендігін біліп, оларды басқарған жағдай қарастырайық. Мұндай жағдайда бағдарламалардың орындалуының қолдау жүйесін керек етпейді. Ол төменгі суретте көрсетілген.



Мұнда әрбір процесс үшін ағындар кестесінің қажеті жоқ, ол үшін жүйенің барлық ағындарын бақылап отыратын бір ғана ағындар кестесі бар. Егер ағын жаңа ағынды жасағысы немесе бар ағынды аяқтағысы келсе, онда ол ағындар кестесіне өзгерту ендіре отырып ағынды жасайтын немесе аяқтайтын ядроның сұратымын орындайды.

Ядродағы ағындар кестесі ағындардың регистрлерін, жағдайын және басқа деректерді қамтиды. Мұндағы ақпарат пайдаланушы деңгейінде ағындарды басқару сияқты болады, бірақ ол бағдарламалардың орындалуын қолдау жүйесінің ішіндегі пайдаланушының кеңістігінде емес, ядро кеңістігінде болады. Бұл ақпарат ядро өзінің әрбір бірағынды процестері туралы сақтайтын ақпараттың ішкі жиыны, яғни, процесс жағдайларының ішкі жиыны болады. Қосымша ядро жүйенің барлық процестерін бақылау үшін процестер кестесін қамтиды.

Ағынды бұғаттайтын барлық сұратымдар жүйелік сұратымдар сияқты жүзеге асырылады. Олар бағдарламалардың орындалуын қолдау жүйесінің процедураларды шақырудан едәуір көп уақытты талап етеді. Ағын бұғатталған кезде, ядро өз еркімен осы процестің басқа ағынын (егер орындалуға дайын басқа ағындар болса) немесе басқа процестің ағынын жібереді. Ағындарды басқару пайдаланушы деңгейінде болғанда, ядро процессорды басқа процеске бермейінше немесе орындалуға дайын жағдайдағы ағындар бітпейінше, бағдарламалардың орындалуын қолдау жүйесі бір процестің ағындарын жібереді.

Ядрода ағындарды жасау және аяқтау көп ресурсты талап ететін болғандықтан, кейбір жүйелер ағындарды қайта пайдаланады. Ағын аяқталғаннан кейін, ол жұмыс істемейді деп белгіленіп ажыратылады, бірақ оның ядрода сақталатын басқа деректер құрылымы өзгермейді. Кейін осындай жаңа ағынды жасау қажет болғанда, онда ажыратылған ағын тек қайтадан белсендіріледі де, оны жаңадан жасауға кететін шығын үнемделеді.

Пайдаланушы деңгейінде ағындарды басқарғанда да ағындарды қайта пайдалануға болады, бірақ мұнда ағындарды жаңадан жасауға кететін шығын аз болады, сондықтан ағындарды қайта пайдаланудың үлкен маңызы жоқ.

Ағындарды ядрода басқару қосымша жүйелік сұратымдарды талап етпейді. Сонымен бірге, егер бір ағын жад бетінің жоқтығы себебті қате шақырса, онда ядро басқа орындалуға дайын ағынның бар екендігін тексеріп, олар бар болғанда, талап етілген жад беті дискіден оқылғанша олардың біреуін жібереді. Ағындарды ядрода басқарудың кемшілігі, ол жүйелік сұратымдар бағасының көптігінде. Сондықтан ағындармен істелетін тұрақты жұмыс (жасау, аяқтау және т.б.) қосымша шығынды өсіреді.

Ағындарды ядро деңгейінде және пайдаланушы деңгейінде басқарудың артықшылықтарын ескеріп көптеген аралас әдістер пайда болды. Олардың біреуі ағындарды ядрода басқаруды қолданып, кейін пайдаланушы деңгейінде ағындарды мультиплексирлеу болып табылады. Ол төменгі суретті көрсетілген.


Ағындардың бұл моделінде ядро тек өз деңгейіндегі ағындарды ғана біледі және оларды басқарады. Осылардың кейбіреулері өздерінің үстінен мультиплексирленген пайдаланушылар деңгейіндегі бірнеше ағындарды қамтуы мүмкін. Пайдаланушылар деңгейіндегі ағындар көпағындылықты қолдамайтын жүйеде жіберілген пайдаланушылар деңгейіндегі процестің ағындары сияқты басқарылады. Әрбір ядро ағынында оны кезекпен қолданатын пайдаланушы деңгейінде ағындар жиынтығы бар.

Негізі түсінік бойынша ядродағы ағындарды іске асыру әдістерін меңгермейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес.

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет