Технологиялар кафедрасы


Бөлім. Енгізу- шығару құрылғылары



бет7/38
Дата07.01.2022
өлшемі444,59 Kb.
#17573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
2 Бөлім. Енгізу- шығару құрылғылары
2.1 Енгізу шығару құрылғылары

Мақсаты:

Енгізу/шығару құрылғылары және олардың түрлері, құрамы және қасиеттерімен таныстыру.



Дәріс жоспары:

  1. Енгізу/шығару құрылғыларының категориялары;

  2. Енгізу/шығару құрылғыларының жылдамдықтары;

  3. Енгізу/шығару құрылғыларының бөліктері.

Тақырып бойынша негізгі түсінік:

Енгізу/шығару құрылғыларының категориялары.

Компьютерлік жүйеде бірнеше енгізу/шығару құрылғылары бар. Оларды үш категорияға бөлуге болады: блоктық құрылғы, символдық құрылғы, ерекше құрылғылар.

Блоктық құрылғылар ақпаратты бекітілген мөлшерлі және өзінің адресі блок түрінде сақтайды. Әдетте блок мөлшері 512 байттан 32 768 байтқа шейін болады. Әрбір блок басқа блоктарға байланыссыз оқы­лады. Көп тараған блоктық құрылғыға дискілер жатады.

Символдық құрылғылар символдар ағынын ешбір блоксыз қабылдай және жібере алады. Олар адрестелінбейді және іздеу амалын орын­дамайды. Оларға принтерлер, интерфейстік желілік қарталар, тышқан­дар мен дискілерден басқа құрылғылар жатады.

Ерекше құрылғылардың жұмыс істеу принциптері блоктық және символдық құрылғылардан өзгеше болады. Оларға қатаң анықталған уақытта үзілім жасайтын таймер, жадты бейнелейтін экран және тағы басқалары жатады.

Енгізу/шығару құрылғыларының жылдамдықтары

Әртүрлі енгізу/шығару құрылғыларының жылдамдықтары төменгі кестеде көрсетілген: (2-кесте)


2-кесте. Құрылғы жылдамдықтары



Құрылғы

Жылдамдық



Пернетақта

10 байт/сек



Маус

100 байт/сек



Модем 56 К

7 Кбайт/сек



Телефон

8 Кбайт/сек



ISDN

16 Кбайт/сек



Лазерлік принтер

100 Кбайт/сек



Сканер

400 Кбайт/сек



Классикалық Ethernet

1,25 Мбайт/сек



USB құры

1,5 Мбайт/сек



Цифрлы бейне камера

4 Мбайт/сек



IDE-диск

5 Мбайт/сек



40x CD-ROM

6 Мбайт/сек



Жылдам Ethernet

12,5 Мбайт/сек



ISA құры

16,7 Мбайт/сек



IDE (ATA-2)

16,7 Мбайт/сек



FireWire (IEEE 1394)

50 Мбайт/сек



XGA-монитор

60 Мбайт/сек



SONET OC-12 желісі

78 Мбайт/сек



SCSI OC-12 дискі

80 Мбайт/сек



Гигабітті Ethernet желісі

125 Мбайт/сек



Ultrium таспасы

320 Мбайт/сек



PCI құры

528 Мбайт/сек



Біріккен Sun Gigaplane XB тақташасы

20 Гбайт/сек

Енгізу/шығару құрылғыларының бөліктері

Енгізу/шығару құрылғылары электрондық және механикалық бөліктен тұрады.және құрылғының өзі электрондық бөлік контроллер немесе адаптер (бейімдегіш) деп аталады. Ол алынып салынатын микросұлбалар тақташасы түрінде жасалады және амалдық жүйенің командасын (мысалы, деректерді оқу нұсқауын) қабылдап орындау арқылы құрылғыларды физикалық басқара алады. Кейбір контроллер бірнеше бірдей құрылғыларды басқара алады. Бірақ көп жағдайда құрылғыларды нақты басқару өте қиын және жоғарғы деңгейдегі айқындауды талап етеді. Механикалық бөлік құрылғының өзі болады. Енгізізу шығару құрылғыларының мынадай түрлері бар: қатты диск, магнитті оптикалық (МО) диск, иілгіш диск, CD/DVD-диск, монитор, пернетақта, принтер, сканер және тағы басқалар. Құрылғылар интерфейсі қарапайым болады, себебі оның мүмкіншіліктері шектелген және оларды бір стандартқа келтіру қажет.

Қатты дискі контроллері оқу командасын қабылдағанда оған сектордың сызықты нөмірі ғана беріледі. Оны орындау үшін контроллер мыналарды орындау қажет:



  1. Сызықты сектор нөмірін цилиндр, сектор және бастиек нөміріне түрлендіру (мұндай түрлендірудің қиындығы сыртқы цилиндрлердің ішкі цилиндрлерге қарағанда көп секторы болуына және бүлінген секторлардың нөмірлері басқа секторларда бейнеленуіне байланысты);

  2. Бастиектің қай цилиндрді көрсетіп тұрғандығын анықтау және оны қажет секторға жылжыту үшін импульстер тізбегін беру;

  3. Сектордағы ақпарат орналасқан биттерді олардың келу ретіне байланысты оқу мен сақтау, тақырыпты жою және бақылау қосындысын есептеу;

  4. Қабылданған барлық биттерді сөздерге жинау жән оларды негізгі жадта сақтау.

Бұл жұмыстардың барлығын атқару үшін контроллер осындай жұмысқа бағдарламаланған кіші мөлшерлі қарапайым ендірілген компьютерледі қамтиды. Сондықтан контроллер құрылғыларды басқару міндетін өзінің амалдық жүйеге арналған интерфейсі арқылы жүзеге асырады. Контроллерге арнаулы бағдарламаылық қамтама қажет. Ол әртүрлі контроллер үшін жеке жазылады. Контроллермен қатынас жасайтын бағдарлама құрылғы драйвері деп аталады. Ол құрылғыға нұсқау береді және оның жауабын күтеді. Әрбір контроллер жасаушылары белгілі бір амалдық жүйелер қолдайтын драйверді қоса жасау керек. Егер сіз драйверді пайдаланғыңыз келесе, онда ол амалдық жүйенің ядролық режімінде жұмыс істейтіндей қылып жүйе құрамына орнату керек. Драйверлер амалдық жүейенің ядросына үш түрлі жолмен орнатылады:

  1. Ядроны қажет драйверлерді қосып, оны қайта жинақтағаннан кейін амалдық жүйені қайта жүктеу қажет (осылай Unix жұмыс істейді);

  2. Амалдық жүйе құрамына кіретін файлда драйвер қажеттігі туралы жазба жасау керек те амалдық жүйені қайта жүкте қажет. Амалдық жүйе бастапқы жүктелу кезінде қажет драверлерді тауып, оларды өзі жүктейді (осылай Windows жұмыс істейді);

  3. Амалдық жүйе өзінің жұмысын үзбей және қайта жүктелуді талап етпей жаңа драйверлерді қабылдап, оларды жедел орнатады. Бұл драйверлерді динамалық жүктелетін драйверлер деп атайды.

Әрбір контроллермен байланыс орнату үшін бірнеше регистрлер бар. Олар жадтағы адресті, дискідегі адресті, сектор нөмірін және амал бағытын (оқу немесе жазу) анықтау үшін қолданады. Контроллерді белсендіру үшін драйвер амалдық жүйеден команда алады, сонан кейін оны құрылғы регистріне жазатындай шамаға аударады.

Кейбір компьютерлерде құрылғы регистрлері амалдық жүйенің адрестік кеңістігінде бейнеленеді. Сондықтан оларды әдеттегі жад сөздері сияқты оқуға немесе жазуға болады. Мұндай компьютерлерде арнайы енгізу/шығару командаларының қажеті жоқ, ал осы адрестерді бағдарламалар қатынас жасай алмайтын жерлерге (мысалы, базалық регистрге) жазып, пайдаланушылардың бағдарламаларын аппараттық жабдықтардан шектеуге болады. Бұлар арнаулы енгізу/шығару командалар болуын қаламайды, бірақ адрестік кеңістікті алап етеді.

Басқа компьютерлерде құрылғылар регистрі арнаулы нгізу/шығару порттарында орналасады және оларда ядро режімінде енгізу/шығару командасына қолжеткізу бар. Мұндай компьютерлер драйверлерге ақпаратты регистрлерден оқуға және оларға жазуға мүмкіндік береді. Бұлар адрестік кеңістікті керек қылмайды, бірақ арнаулы енгізу/шығару командалары болуын талап етеді.

Деректерді енгізі/шығару үш әдісіпен жүзеге асырылады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет