«Жоғарғы инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ
Технологиялық бөлім
1513000-Ветеринария мамандығы бойынша
16.05.22.-17.06.22 аралығында өткен оқу өндірістік практикасының
ЕСЕБІ
Орындаған: ВТ-21 топ студенті Измуханбет Жанат.
Тәжірибе жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы, ветеринария ғылымдарының магистрі Джубанышева.Г.Х.
Орал 2022
Жоспар:
І.Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Ет және ет өнімдеріндегі негізгі тағамдық заттар ................4-10
2.2.Еттің жіктелуі.......................................................................... 10-13
2.3.Сүт және сүт өнімдері................................................................13-16
III.Қорытынды..................................................................................17-18
IV.Қолданылған әдебиеттер.................................................................19
Кіріспе
Мен, Измуханбет Жанат 16.05.22-17.06.22 жыл аралығында өткен оқу өндірістік практикасынан «Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасы» орнынан өттім. Маған практика жетекшісі ретінде Шотов Боранбай Отаргалиевич тағайындалды. Алғашқы күндері қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, журналдарға қол қойғызды. Содан соң жетекшімнің көмегімен тазалық жұмыстары мен қора-жай жұмыстарын атқарып меңгердім. Одан бөлек система салу, қан алу, егу жұмыстарын үйрендім.
Ветеринариялық-санитариялық сараптау жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру. Ветеринариялық-санитариялық сараптау ғылым ретінде індеттанумен, паразитологиямен, микробиологиямен, патологиялық анатомиямен, гистологиямен, биологиялық химиямен және ветеринариялық санитариямен тығыз байланысты, өйткені бұл пәндерді меңгермей ветеринарлық – санитариялық сараптау бағдарламасын түсіну мҥмкін емес.
Ветеринарлықсанитарлық сараптау студентті жан-жақты кәсіптік біліммен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы жоғары, ветеринариялық тұрғыдан тек қана таза және қауіпсіз өнімді шығаруға құқық береді. Адамдар мен жануарлар арасында індетті және инвазиялы ауруларды таратуға жол бермей, қаншама адамның денсаулығын сақтап, өмірін ұзартқан ветеринарлық-санитариялық дәрігер-сарапшының практикалық қызыметі нәтижесінің экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |