Қорытынды
Мен, Измуханбет Жанат 16.05.22-17.06.22 жыл аралығында өткен оқу өндірістік практикасынан «Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасы» орнынан өттім. Маған практика жетекшісі ретінде Шотов Боранбай Отаргалиевич тағайындалды. Алғашқы күндері қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, журналдарға қол қойғызды. Содан соң жетекшімнің көмегімен тазалық жұмыстары мен қора-жай жұмыстарын атқарып меңгердім. Одан бөлек система салу, қан алу, егу жұмыстарын үйрендім.
Ветеринариялық-санитариялық сараптау жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру. Ветеринариялық-санитариялық сараптау ғылым ретінде індеттанумен, паразитологиямен, микробиологиямен, патологиялық анатомиямен, гистологиямен, биологиялық химиямен және ветеринариялық санитариямен тығыз байланысты, өйткені бұл пәндерді меңгермей ветеринарлық – санитариялық сараптау бағдарламасын түсіну мҥмкін емес.
Ветеринарлықсанитарлық сараптау студентті жан-жақты кәсіптік біліммен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы жоғары, ветеринариялық тұрғыдан тек қана таза және қауіпсіз өнімді шығаруға құқық береді. Адамдар мен жануарлар арасында індетті және инвазиялы ауруларды таратуға жол бермей, қаншама адамның денсаулығын сақтап, өмірін ұзартқан ветеринарлық-санитариялық дәрігер-сарапшының практикалық қызыметі нәтижесінің экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін емес. Сондықтан болар, ветеринария магистрі С.С.Евсеенконың
«Медицина адамдарды қорғайды, ветеринария адамзаттың денсаулығын қорғайды» деп айтуы бірінші кезекте ветсансараптаумен тығыз байланысты. Мал шаруашылық ӛнімдерін дайындау кезінде, оларды ӛңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, сондай-ақ, тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге сай ветеринариялық-санитариялық сараптау жҥргізіледі. Халықты сапалы өнімдер мен және жануар тектес шикізаттармен қамтамасыз ету ветеринария ісінің дұрыс жҥргізілуіне де байланысты. Сол себепті адам пайдаланатын мал өнімдерін ветеринарлықсанитарлық сараптау, олардың тағамдық, биологиялық құндылығына қарай сапасын анықтау осыған байланысты сауда жҥйесіне тҥсетін өнімнің құндылығына байланысты тұтынушының таңдап алуына мҥмкіншілік жасау ветеринариялық-санитариялық сараптаудың бҥгінгі кҥнгі өзекті мәселелері. Осыған орай санитарлық сарапшы болып қызмет атқаратын мамандарға тағамдардың сапасының жоғары болып және олардың адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмеуін әрдайым қатаң бақылап отыру жҥктеледі. Сондықтан да дұрыс ұйымдастырылған ветеринарлықсанитарлық сараптау жҧмыстары, сапалы өнімдерді алумен қатар адамдарды жұқпалы және инвазиялық аурулардан сақтайды. Осындай жұмыстарды ұйымдастыру мен жҥргізу базарлардағы ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларының мамандарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл әдістемелік нұсқауда «Мал шаруашылық өнімдерін ветеринарлықсанитарлық сараптау» пәні бойынша зертханалық сабақтарды жҥргізудің әдістемелік нұсқаулары қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |