Эллипстер мен шеңберлерді салу.
тапсырма
1. «Квадраттардың айналуы» бейнені құрыңыз:
«Орнамент» бейнелерін шығарыңыз:
2. «Валдис» бейнесін құрыңыз :
Қисық сызықтарды редакциялау.
Тапсырма
Объекттермен жұмыс жасаудың қосымша әдістері көмегімен "Дракончик" бейнесін жасау
Тапсырма
Қисық сызықтың үлгілері
CorelDRAW –да сызықтар үлгісіне негізінен екі ұғым қалыптасқан: түйін және сегмент. Түйін деп – бейнелеу жазықтарында сегменттің бастапқы және ақырғы орнын көрсететін нүктені атайды.
Сегмент деп – көршілес екі түйіндерді қосатын сызықтардың бөлігін атайды. Түйіндер мен сегменттер бір - бірімен тығыз байланысты: тұйықталған сызықтарда қанша түйін болса, сонша сегменттер болады, ал тұйықталмаған сызықтарда бір түйін артық болады.
«Сызықтар» терминімен қисықтар (curve) класына қатысты объектілерді атауға болады.
CorelDRAW –да барлық сызықтар түйіндер мен сегменттерден тұрады, және олардың барлық операциялары сызықтармен орындалады. Сегменттің түрін толығымен түйін анықтайды, сондықтан тұйықталмаған сызық үшін шеткі екі түйіннің бастапқысын, ал тұйықталған сызық үшін – сызықтардың бағытын (сағат тілі бойынша немесе оған қарсы) білу керек. Сегменттердің түрлері бойынша түйіндерді үш түрге: тұйықталмаған қисықта бастапқы түйін, сонымен қатар түзу сызықты (line) және қисық сызықты (curve) түйіндер деп бөледі.
3.1 – суретте 1- аралық түйін және түзусызықты сегмент - ақырғы түйін, 2 - аралық түйін – қисықсызықты сегмент көрсетілген.
Қисық үшін жолақтың ортаңғы бөлігінде объектінің класы Curve on Layer 1 (1 қабаттағы қисық), ал оның сол жағында – қисық түйіндерінің саны белгіленіп жазылады.
3.1 – сурет. Сегменттер және сызықтардың түйіндері
Егер де қисықты бойлай орналасқан түйіндерді алдын - ала Shape (Форма) инструментімен бөліп белгілеп, түйіндерді белгілемесе де, түйіндердің барлық компоненттері 3.2 – суреттегідей экранда суреттеледі.
3.2 - сурет. Сызықтардың түйіндерін қондыру
Бөліп белгіленген түйінде қисық сызықтың сегменттерінің жанасуы бастапқы нүкте болып суреттеледі. Ол экранда қарамен боялған квадраттардың штрихты сызықпен қосылған түйін түрінде көрсетілген. Бұл штрихты сызықтар қисық сызықты сегменттердің түйіндермен жанасуымен дәл келеді. Бастапқы нүкте түйіннен анағұрлым қашықта орналасса, қисық сызықты сегменттің түйінмен жанасуы соғұрлым бәсең ауысады. Түйінді бөліп белгілеу барысында, қисық сызықты сегментті екіге бөлетін, әрбір сегменттің екі жағында экранда төрт бастапқы нүкте суреттеледі.
Түйіннің типтері (ол жолақта суреттеледі) олардың бастапқы нүктелерімен өзара орналасу мүмкіндігімен анықталады.
Сындыру нүктелері. Егер де түзу сызықты екі жанама сегменттер бұрыш жасап, бір түйінде түйісетін болса, онда ол сынық нүктесі деп аталады.
3.3 – сурет. Сындыру нүктелері: а) түзу сызықты сегменттермен түйіскен жағдайда; б) түзу сызықты және қисық сызықты сегменттермен түйіскен жағдайда; в) екі қисық сызықты сегменттермен түйіскен жағдайдағы нұсқасы.
Егер де бір түзуде жанама екі сегменттер түйісетін болса, онда ол тегістелген түйін деп аталады. 3.4 - суретте тегістелген түйіндерге мысалдар келтірілген.
3.4 – сурет. Тегістелген түйіндер: а) түзу сызықты және қисық сызықты сегменттермен түйіскен жағдайда: б) екі қисық сызықты сегментпен түйіскен жағдайдағы нұсқасы
Симметриялы түйін. Симметриялы және тегістелген түйіндер бастапқы түйіндер деп аталады. Симметриялы түйіндердің сынық нүктелер мен тегістелген түйіндерден айырмашылығы олар айтарлықтай сирек қолданылады. Симметриялы түйіндерге 3.5 – суретте мысал келтірілген.
3.5 – сурет. Симметриялы түйінге келтірілген мысал
Достарыңызбен бөлісу: |