Технологиялық ОҚыту қҰралдарын оқУ Үдерісінде пайдалану мүмкіндігі



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата02.06.2023
өлшемі156,51 Kb.
#98470
1   2
құралдарының технологиялық кешені қолданылды деп айтуға болады [4]. 
Көбіне 
сабақтың 
әр түрлі 
кезеңдерінде 
әр 
түрлі 
құралдарды 
қолданатын оқыту 
құралдарының 
кешені 
таңдалып 
алынады. 
Материалды түсіндіру 
үшін оқытуға 
арналған 
киноларды 
және 
бейнефильмдерді пайдалану ыңғайлы, бұрын осы мақсатта телехабарлар 
кеңінен қолданылатын. Материалды бекіту және практикалық қабілетті шыңдау 
үшін жаттығулар мен тапсырмалар жинағы жақсы құрал болып табылады. 
Компьютерлік тестілеу көмегімен білім деңгейін тексеруге болады. Құралдар 
кешені көбіне оқыту құралдарының мынадай үш түрінен таңдап алынады: 
- материалды ұсыну құралдары; 
- материалды бекіту құралдары; 
- тексеру құралдары; 


Технологиялық оқыту құралдары кешенін пайдалану технологиялық оқыту 
құралдарының біреуін пайдалану сияқты технологияны құру үшін әрдайым 
жеткілікті шарт бола бермейді. 
Технологиялық оқыту құралдарының бірнеше топтарға жіктелуі мынадай 
бірқатар маңызды сұрақтарды туғызады: сабақта немесе кез-келген басқа оқыту 
түрінде технологиялық оқыту құралдарын қолдану осы сабақтың немесе оқыту 
түрінің технологиялық екенін білдіре ме? Немесе технологиялық оқыту 
құралдарын қолданғанда оқу үдерісін ұйымдастыру түрі технологиялық болып 
табылмайтын және әдістеме негізінде жүргізілетін жағдайлар болуы мүмкін бе? 
Бұл сұрақтар өте маңызды. Егер технологиялық оқыту құралдарын пайдалану 
оқыту үдерісін технология жазықтығына автоматты түрде ауыстырмаса, онда 
технологияны құру үшін жеткілікті болатын тағы да басқа қосымша шарттар 
болуы керек. 
Ендеше, технологиялық оқыту құралдарын қолдану – технология құру 
үшін өте қажетті шарт. Сондықтан, оқыту құралдары оқытудың негізгі 
қызметтерін орындау кезінде мұғалімнің орнын басатын болса ғана технология 
деп есептеледі.
Алайда, педагог технологиялық оқыту құралдарын пән сабағының қандай 
да бір кішкене бөлімінде ғана қолдануы, ал оның қалған бөлімін технологиялық 
оқыту құралдарының қандай да бір бөлігін қолдана отырып немесе мүлдем 
қолданбай жүргізе алады. Егер сабақтың негізгі бөлігі әдістеме бойынша 
жүргізілетін болса, онда бұл сабақты оқыту үдерісін толық технологиялық деп 
атауға болмайды. Демек, технологиялық оқыту құралдары қолданылатын 
сабақтың барлығы дерлік технологиялық болып санала бермейді. 
Технологиялық 
оқыту 
құралдарын 
қолдану 
оқыту 
үдерісінің 
технологиялық екендігіне толық кепіл бола алмайды. Технологиялық оқыту 
құралы мен оқыту үдерісі арасында тікелей байланыс жоқ. Неге десеңіз, 
технологиялық оқыту құралдары жарым-жартылай қолданудан бөлек, мақсатқа 
сай қолданылмауы да мүмкін. Мысалы, компьютер сияқты ең күшті 
технологиялық құрал математикалық формулалар мен физикалық есептерді 
шығару кезінде калькулятордың немесе бір парақ қағаз бен қаламның рөлін 
атқаруы мүмкін. 
Оқыту құралы оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде (жаңа материалды 
ұсыну, бекіту және тексеру кезінде) оқытудың негізгі рөлін орындағанда ғана бұл 
үдеріс толық технологиялық деп есептеледі. Сабақ барысында оқушының оқу 
құралы бойынша жаңа материалды өз бетінше меңгеруі, сонан соң берілген 
жаттығуларды орындап, білімін бекітуі және қажетті қабілеттерін шыңдап, 
бақылау тапсырмалары мен берілген тақырып бойынша тестілеуді компьютерде 


сәтті орындауы осыған мысал бола алады. Оқушы материалды игермеген 
жағдайда, оқытушының көмегінсіз қажетті білім деңгейіне қол жеткізу үшін 
қосымша материалды игеруге бағытталады. Осылайша, оқушы оқу үдерісінде 
педагогтың қатысуынсыз пән сабағын өз бетінше меңгеруге тырысты және 
жеткіліксіз меңгерген жағдайда қосымша жұмыс жасады. Сондықтан, оқыту 
үдерісінің барлық негізгі кезеңдерінде бір немесе бірнеше технологиялық оқыту 
құралын пайдалану мен оқушының игермеген материалын қосымша үйрену 
мүмкіндігі технологияны құрудың тағы бір шарты болып табылады [5]. 
Сонымен, технологиялық оқыту құралдары немесе технологиялық оқыту 
құралдарының кешені бірқатар шарттарды қатаң сақтағанда ғана оқыту түрінің 
технологиялылығын қамтамасыз ете алады. Оқыту үдерісін технологиялық деп 
атау үшін келесі шарттардың толық сақталуы қажет: 
1) оқытуда қолданылатын оқыту құралы (немесе оқыту құралдарының 
кешені) технологиялық болып табылады; 
2) технологиялық оқыту құралын (немесе құралдар кешенін) қолдану 
оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады; 
3) оқыту құралы (немесе құралдар кешені) оқытудың жетекші қызметтерін 
(жаңа білімді баяндау, жаңа білім мен қабілеттерді шыңдау, нәтижелерді тексеру 
және бағалау) толық орындайды және мұғалімнің орнын басады. 
Осы шарттардың бәрін орындау оқыту үдерісінің технологиялылығын 
қамтамасыз етеді. 
 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР:
 
1.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007ж. 
2.
Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006. 
3.
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989. 
4.
Васильев 
В.В. 
Информационное 
обеспечение 
упарвления 
общеобразовательной школой. – Воронеж, 1990. 
5.
Боголюбов В.М. Введение в педагогическую технологию. – Пятигорск, 1996. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет