Зат алмасудың негіздері. Массаның бір фазадан екінші фазаға өтуімен сипатталатын зат алмасу деп аталатын процестер химия, тамақ және т.б. өндірістерде жиі кездеседі. Өндірістерде негізінен төмендігі масса алмасу процестері жиі қолданылыды:
1.Абсорбция. Газдар немесе булар мен газдар қоспаларынан бір немесе бірнеше құрастырушылардың сіңіргіш сұйықпен сіңірілуі абсорбция процесі деп аталады. Абсорбцияда зат газды фазадан сұйық фазаға өтеді. Газды сұйықтан ажыратып алу, яғни абсорбцияға кері процесс десорбция деп аталады.
2. Айдау және ректификация. Гомогенді сұйық қоспаларды құрастырушыларының әртүрлі ұшқыштығына және сұйықпен бу фазаларының қарама-қарсы әрекеттеріне байланысты жартылай (жәй айдау) және толық (ректификация) ажырату. Мұнда масса сұйық фазадан булы фазаға және керісінше булы фазадан сұйық фазаға өтеді.
3. Экстракция. Сұйық және қатты заттардың қоспасынан бір немесе бірнеше құрастырушыларды таңдап ерітуші сұйықтар (экстрагенттер) жәрдемімен айырып алу процесі экстракция деп аталады.
4. Адсорбция. Кеуекті қатты заттардың өздерінің бетіне газды, буды немесе ерітіндіден еріген заттарды сіңіріп алу процесі адсорбция деп аталады.
5. Кептіру. Қатты заттардан ылғалды негізінен булану арқылы шығару процесі кептіру деп аталады.
6. Кристалдану. Ерітіндіден немесе балқымадан қатты заттардың кристалл түрінде бөлінуі кристалдану процесі деп аталады.
7. Мембраналы ажырату. Кейбір заттарды өткізіп, ал кейбіреуін ұстап қалатын қабілеттігі бар жартылай өткізгіш мембраналардың жәрдемімен ерітіндідегі ерітілген заттарды ажырату. Заттардың бір фазадан жанасу шекарасына немесе кері бағытта, яғни бір фаза ішіндегі тасымалдануын масса беру деп атайды. Тасымалданатын зат әр фаза ішінде диффузия арқылы өтетін болғандықтан масса өту процесін диффузиялық процестер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |