Дәріс №10 Құрғату кинетикасының математикалық моделі.
Материалдардан ылғалды буланлдыру тәсiлiмен шығару процесi құрғату деп аталады. Құрғатуда материалдарға жылу берiледi және оның нәтижесiнде ылғал буланады. Құрғату процесі химия өндiрiсiнде өнiмнiң сапасын арттыруда (мысалы, минералды тыңайтқыштардың нығыздалуын азайту ҥшiн, бояулардың ерiгiштiгiн көбейту үшiн және т.б.), тасымалдауын арзандатуда, өнiмдi сақтайтын аппараттардың коррозиясын азайтуда және т.б. жағдайларда кеңiнен қолданылады. Кептiрiлген материалдар қатты (кесектi, түйiршектi), паста тәрiздi немесе сұйық (ерiтiндiлер, суспензиялар) күйде болуы мҥмкiн. Кептiру процесi күрделi диффузиялық процесс, оның жылдамдығы ылғалдың кептiрiлетiн материал iшiнен қоршаған ортаға өтетiн диффузия жылдамдығымен анықталады. Кептiруде ылғал және жылу материалдың iшiнен сыртқы бетiне, сосын оның бетiнен қоршаған ортаға алмасады. Сондықтан, кептiру процесi бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы жылу және масса алмасу процестерiн қамтиды. Кептiрiлген материалға жылудың беру тәсiлiне байланысты кептiрудiң төмендегi тҥрлерi болады:
1. Конвективтi кептiру – кептiрiлетiн материалмен кептiргiш агенттердiң (ысытылған ауа, оттық газдар және т.б.) тiкелей жанасуы арқылы;
2. Контактты кептiру – жылу тасымалдағыштан кептiрiлетiн материалға жылу қабырға арқылы берiледi;
3. Радиациялық кептiру – инфрақызыл сәулелердiң жылуы арқылы;
4. Диэлектриктi кептiру – жоғары жиiлiктi электр тоғының жылуы арқылы;
5. Сублимациялық кептiру – терең вакуумда тоңазыту кҥйiнде кептiру.
Соңғы үш тәсiл өндiрiсте кем кездеседi және оларды кептiрудiң арнаулы тәсiлдерi деп атайды. Кептiрiлетiн материалдар әр тәсiлде де ылғал газбен (көбiнесе ауамен) тiкелей жанасады. Конвективтi кептiруде ылғал газдң ролi зор. Сондықтан, кептiру процесiн есептеуде ылғал газдың қасиеттерiнбiлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |