Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты төмендегідей қағидалар (принциптер) жиынтығымен анықталады: 1) білім берудің ізгілік сипатта болуы; 2) білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы; 3) білім берудің жалпыға бірдейлігі; 4) білім берудің зиялылығы; 5) білім берудегі еркіндік пен плюрализм; 6) білім берудің демократиялық сипатта болуы. Мектеп құжаттары, рөлі, негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы, оларды жүргізуге қойылатын талаптар 1) Әдістемелік бірлестіктің құрылуы туралы бұйрық. 2) Әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық. 3) Әдістемелік бірлестік туралы ереже. 4) Әдістемелік бірлестіктегі мұғалімдердің қызметтік міндеттері. 5) Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстың талдауы. 6) Әдістемелік жұмыс тақырыбы, оның мақсаты, басым бағыттары мен жаңа оқу жылындағы міндеттері. 7) Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары. 8) Әдістемелік бірлестіктің айлық жұмыс жоспары. 9) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің сандық және сапалық құрамы (туған күні, жылы, білімі, мамандығы, жалпы еңбек өтілі, марапаттары, мекенжайы, телефоны). 10) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру, ізденіс тақырыптары. 11) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерін аттестациялау жоспары (5 жылға). 12) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерін аттестациядан өту кестесі (1 жылға). 13) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарынан өту жоспары (5 жылға). 14) Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарынан өту кестесі. 15) Ағымдағы бақылау жұмыстарын алу кестесі (оқушыларға шамадан тыс салмақтың түспеуін, бір күнге бір бақылау жұмысының ғана қойылуын