Технологиясы


Таза (жуылған) жүн шығымы. Жүннің кондициялық



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#7210
1   2   3   4   5

7 Таза (жуылған) жүн шығымы. Жүннің кондициялық

салмағы

Таза   талшық   шығымы   деп,   ол   алынған   жуылмаған   жүннің

салмағына   қалдық   компоненттерді   есепке   ала   отыра   кондициялық

ылғалдықтағы   таза   талшықтың   салмағына   проценттік   қатынасты

айтады.

Таза   талшық   деп,   жүннің   барлық   түрлері   үшін   кондициондық



ылғалдылығы   17%,   жүн   негіздемесі   97%   және   өсімдік   қоқысы,

минералдық қоспалар және жүн майы (әр қайсысы 1%) - 3% тұратын

жуылған жүнді айтады.

Жуылған   жүн   шығымын   зертханалық   анықтау   үшін   үлгілерді

таңдау,   зерттеу   мақсатына   байланысты   (жекелеген   сортименттері

бойынша шығымды анықтау, асыл тұқымды малдарға сипаттама беру

үшін және т.б.) әр түрлі жүргізіледі.

Жекелеген сұрыптары бойынша жуылған жүн шығымын анықтау

кезіңде (тапсырылатын жүн үшін есеп жүргізу үшін) үлгілерді жүннің

түрін,   тобын,   жағдайын   және   басқадай   сипаттамаларын   есепке   ала

отыра әрбір отарды қырқу кезіңде алады.

Кездейсоқ таңдау әдісімен жүнді жіктеу кезіңде бастапқы үлгіні

таңдау үшін, әрбір сұрыптың он бесінші немесе жиырмасыншы жүні

26


бөлініп   алынады.   Егер   жүн   мөлшері   аз   болса,   онда   мөлшерлестік

басқа   болады,   тексерілетін   жүн   салмағының   1%   шамасындағы

мөлшері бастапқы үлгі салмағы болуы керек, бірақ ол 10кг-нан артық

емес және 2 кг-нан кем болмауы қажет.

Таңдап   алынған   жүнді   бір   тегіс   қабатпен   үстелге   қырқылған

бетін төмен қаратып, штапелдерін бір-біріне түйісетіндей етіп төсейді.

Жүнді сілкілейді және дайындау стандарттарында қарастырылғандай

ең төменгі сұрыптардан алады.

Жүннің шағын (салмағы 10-20 г) тұлымдарын бір тегіс алу үшін

төселген   жүннің   бетіне   фанерадан,   темірден   немесе   қолайлы   басқа

материалдан   жасалынған   трафарет   –   тор   көзді   (көлемі   1,5-1,2м)

салады. Онда екінші жағы бар немесе диаметрі 15 см төрт бұрышты

немесе   дөңгелек   саңылауларды   (тесіктер)   жасайды,   осы

саңылаулардың орталығы 20 см қашықтықта болуы қажет. Трафаретті

сыммен   тартылған   20х20см   төртбұрышты   қалыптастыратын   ағаш

сырық ретінде де жасауға болады.

Жүннің   кішірек   тұлымдарын   әр   тесіктің   ортасынан   іріктейді.

Штапелдердің минералды және өсімдік қоспаларын жоғалтып алудын

алдын   –   алу   үшін   абайлап   шығарады.   Бұл   үшін   он   қолдың   үш

саусағымен   штапельді   іліп   алады   және   сол   қолмен   жүннің   негізгі

массасын ұстап тұру арқылы оны алып шығады. 

Бір рунадағы үлгі массасы шамамен 100 г-ды құрау қажет.

Іктелген   штапельдерді   полиэтилен   пленкадан   немесе   тығыз

матадан жасалынған қапшықтарға сәйкес сұрыптау бойынша салады.

Егер   бір   сұрыптау   бойынша   жүн   массасы   1   т   көп   болса,   онда   екі

бастапқы  үлгіні іріктейді.  Бастапқы  үлгі  қолмен араластыру  немесе

тұлмалаушы машинанын көмегімен орташаландырылады. Содан кейін

оның барлық массасын тең қабаттап столдың үстіне жазады, трафарет

– торшаны жабады және массасы 200 г орташа төрт үлгіні іріктейді:

негізгі, параллельді және бақылаушы.

Негізгі және параллельді жууға жіберіледі, ал бақылаушы буып –

түйіледі, паспортталып сақтауға тапсырылады. Бақылаушы үлгілер 2

ай аралығында сақталады. Олардың біреуін әдістемеге сәйкес қажет

болу   шамасына   байланысты,   ал   екіншісін   –   мемлекеттік   инспектор

шешімімен жууға пайдаланады.

Жеке қандай да бір жануарлардың таза талшық шығуын анықтау

үшін,   үлгілер   трафарет   –   торшаны   пайдалану   арқылы   тек   рунаны

өлшегеннен кейін ғана іріктеледі. 

Әрбір   рунадан   әрқайсысының   салмағы   200   г   болатын   үш   үлгі

(негізгі, параллельді және бақылаушы) алынады. Үлгілерді нақ 0,1 г

болатындай етіп өлшейді. Үлгі бар қапшыққа шаруашылық, жануар

27


саны,   тегі,   жынысы,   руно   жүнді   және   төмен   сұрыптағы   массасы,

іріктеу   күні,   үлгіні   іріктеген   тұлғаның   қолы   көрсетілген   паспортты

салады. 

Іріктелген бір руноның үш үлгісінен зертхана жуғышына екеуі

(негізгі және параллельді) түседі, үшіншісін егер алғашқы екі үлгіде

таза талшық шығаруда 1 % айырмашылық болған жағдайда жуады.

Жүннің   негізгі   және   параллельді   үлгілері   жууға   бір   уақытта

түседі. Суға жібіту үшін салар алдында әр үлгіге шартты нөмірі бар

жетон   салады,   оны   журналда   белгілейді   және   үлгімен   бірге   оның

өндеу процессіндегі уақытта ұстайды.

Жүн   үлгілерін   жақсылап   және   тез   жуу   үшін,   сонымен   қатар

жуғыш   ерітіндіні   аз   ластау   үшін,   жуғышқа   түскен   жүннің   барлық

үлгілерін  алдын  –  ала   2-3  сағаттай  легендер  мен  шелектерде   сулап

жібітіп алады. Сулап жібіту үшін температурасы 25-30

0  

С таза суды



немесе   қолданыста   болған   2  және   3-ші   бактағы   сабынды   –   содалы

ерітіндіні пайдаланады. Су немесе ерітіндінің мөлшері жүн үлгісі суға

толығымен бататындай жеткілікті болу керек. Жүн қатты ластанғанда

сулап жібіту аралығында ерітіндіні 2-3 рет ауыстыру қажет.

Үлгілерді   кезектеп   сыйымдылығы   30  л  сабынды   –   содалы   бес

бөшкеден жуады. Бөшкеден бөшкеге оларды торшаларының диаметрі

3 –  4 мм  болатын  торлы  себетпен  ауыстырады.   Себетті  ерітіндіден

алып шыққанда, үлгіні жақсылап сығады және содан кейін себетпен

қоса келесі бөшкеге салады.

Жуғыш   реагент   концентрациясын   қажеттілігіне   байланысты

жоғарлатуға (сабынды және соданы 0,4 % - ға) немесе төмендетуге

(0,2 % - ға) рұқсат етіледі.  

Сабынды – сулы ерітіндіні дайындауға кететін уақытты үнемдеу

үшін,   оны   алдын   –   ала   айтарлықтай   қою   қылып   жасайды,   ал   одан

жұмыс ерітінділерін дайындайды. Әдетте ерітінді концентрациясын 5

есе  жоғарылатады,  ол үшін 12 л ыстық  суда  160 г сабынды,  160 г

соданы ерітеді. 

Жұмыс   үшін   қажетті   ерітіндінің   қажетті   қоюлығын   мынадай

жолмен   алады:   бірінші   бөшкеге   24   л   ыстық   су   және   6   л

концентрленген   ерітіндіні   құяды,   ал   ал   екінші,   үшінші   бөшкелерге

12л ыстық су және 3 л қойылтылған ерітіндіні құяды.

Бөшкелерді   бір   рет   толтырғанда   массасы   200   г   жүннің   сегіз

үлгісінен   артығын   жууға   болмайды.   Содан   кейін   ерітіндіні

ауыстырады,   соған   қарамастан   үшінші   бөшкедегі   ерітіндіні   бірінші

деп есептеп қайтадан пайдалануды ұсынады. Төртінші және бесінші

бөшкедегі   суды   оның   ластану   шамасына   байланысты   немесе   сегіз

үлгіні шайғаннан кейін ауыстырады. Жүн үлгілерін жуып шаюды әр

28


бөшкеде кезектеп 5-6 минут жүргізеді. Жуу процессі кезінде үлгіден

өсімдік қоспаларын алып тастайды.

Жуу   кезінде   бірінші   бөшкедегі   температураны   40-50

0  


С   ұстап

тұрады, төртінші бөшкеге 38-40

0  

С температурадағы 30 л ыстық суды



құяды.   Бесінші   бөшкеге   де   бөлме   температурасындағы   ыстық   су

құйылады (20 – 25

С).


    Жүн үлгісін жуғаннан кейін ЦС – 53 құралмен тұрақты құрғақ

массасын анықтауға көшеді. Бұл құралды пайдалану тұрақты құрғақ

массасын   салқындатқыш   аппарат   немесе   құрғатқыш   шкафта

кептірудің   ұзақ   (2   –   2,5   сағ.аралығында)   процессіне   жүгінбеуге

мүмкіндік береді. ЦС – 53 құралы көмегімен жүннің тұрақты құрғақ

массасын анықтауға шамамен 5 минут қажет.

Қолмен жақсылап сығылған үлгіні құралдың гильзасына салады.

Гильзада   жүн   поршеньмен   жаншылып,   тығыздалады,   ал   қалған   су

сығылады және ағызушы түтікпен ағып кетеді. Цилиндрдегі қысым

100   кг/см

2

  жетеді   және   автоматты   түрде   2   минут   аралығында



сақталады. Содан кейін гильзаны ашып үлгіні алады. 

Жұмыс үшін қажет затттар:  1) тор арқылы рунадан іріктелген,

массасы 200 г кір түріндегі руна және жүн үлгілері; 2) сабынды – сулы

ерітінді;   3)   30   л   үлкен   ыдыс;   4)   жүнді   сулап   жібіту   үшін   қажет

эмальданған немесе тот баспайтын металлдан жасалынған 4 – 8 леген;

5)   10   минутты   4   құм   сағат;   6)   ұсақ   кір   тастары   бар   1   кг-дық

техникалық таразылар; 7) 4 су термометрлері; 8) жақсылап тегістелген

ағаштан   жасалынған   2   күрек;   9)   руналардан   жүн   үлгілерін   іріктеу

үшін ұзындығы 1,6 – 1,8 м және ені 1,2 – 1,4 м, өлшемі 15х15 см  ағаш

немесе метал торлар; 10) ЦС – 53 гидравликалық құрал.

Таза жүн шығынын нақты анықтау үшін, сонымен қатар ЦС – 53

құралы   көмегімен   анықталған   нәтижелерді   іріктеп   бақылау   үшін

салқындатқыш аппаратты қолданумен таза жүн шығымын бекітеді.

Мұндай жағдайда таза жүн шығымын анықтау үрдісі келесідей

операциялардан тұрады: 1) іріктелген үлгінің жүнін жуу; 2) жуылған

үлгіні   тұрақты   құрғақ   массасына   жеткізу   үшін   салқындатқыш

аппаратта кептіру; 3) жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасын шығару

мәліметтері   бойынша   ізделініп   отырған   процентті   және   сәйкес

ылғалдылық нормасын есептеп шығару.

1  –  тапсырма.  Массасы  2850  кг  кір  жүн  партиясының  сәйкес

массасына 200 грамм жүн үлгілерінің жуу нәтижесінде және оларды

ЦС – 53 құралында сығу кезінде сығылған бір үлгінің орташа салмағы

62,6 г тең болған жағдайда анықтау.

Аталған   тапсырманы   орындау   үшін   алдымен   сығылған   үлгінің

тұрақты   құрғақ   массасын,   содан   кейін   жүннің   барлық   партиясын

29


анықтап, сосын төменде келтірілген формула бойынша жүннің сәйкес

салмағын есептеу қажет. 

Құралдың   гильзасынан   алынған   үлгіні   талдау   жүргізетін

орынның   жаңында   орнатылған   техникалық   таразыда   тез   өлшейді.

Өлшеуді нақтылығы 0,1 г жүргізеді. Содан кейін құралға қоса берілген

таза   талшық   шығару   проценті   кестесі   бойынша   сығылған   жүн

үлгісінен   алынған   массасы   санына   қарсы   сәйкес     бағанадан   оның

шығу процентін іздейді. Мысалы, егер біртекті жүн үлгісі кір түрінде

200   г   болса,   жуып,   құралмен   сыққаннан   кейін   97,4   г   массаға

төмендеген, онда «97,4 – 97,7 г» үлгі массасы қарсы кестесінде, оған

40,5 таза жүн шығымының процентінің шығатынын табамыз.

Егер мұндай кесте болмаса, таза жүн шығару проценті сығылған

жүн   үлгісі   массасын   эксперименттік   жолмен   бекітілген   арнайы

коэффициентке көбейту жолымен анықталуы мүмкін. 

Біртекті жүн үшін бұл коэффициент 0,41535, ал біртекті емес жүн

үшін 0,4095 мөлшерінде бекітілген.

Жоғарыда келтірілген мысалды алсақ, онда жуылған біртекті жүн

үлгісі сығылғаннан кейін 97,4 г құрайды. Бұл массаны біртекті жүн

үшін   бекітілген   коэффициентке   –   0,41535   көбейткенде,   таза   жүн

шығымын 40,45 % аламыз, орташа алғанда – 40,5 %. 

Тәжірибелік   жолмен   күші   100   кг/см

2

  құрал   гильзасында



сығылғаннан кейін біртекті жүнде 29 %, ал біртекті емес жүнде 30 %

су   қалатыны   бекітілген.   Осыдан   құралда   сығылған   біртекті   жүнде

71%,  ал біртекті емес жүн үлгісінде 70 % тұрақты құрғақ жүн болады.

Тұрақты   құрғақ   массаны   бекіткеннен   кейін   сәйкес   жүн   үлгісі

массасын   есептейді,   ол   үшін   тұрақты   құрғақ   массаға   КСРО   –   да

бекітілген   жуылған   жүн       ылғал   нормасына   сәйкес   ылғал   (су)

массасын қосады. 

Сәйкес   жүн   үлгісі   массасын   келесідей   формула   арқылы

анықтайды: 

                               А

к = 


а

+ а



∙ В


к  ,

                                              100

мұндағы: 

А

к 

 - ізделініп отырған сәйкес жүн үлгісі массасы, г;



а

– таза жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасы, г;



В

к 

– барлық жүн түрлеріне ылғал нормасы 17 % тең.



Таза жүн үлгісін анықтау үшін келесі формуланы қолданады: 

П= У(100+К),

                                                А  

30


мұндағы: 

П – таза жүн шығымы, % ;

У – жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасы, г;

А – жуылмаған жүннің бастапқы массасы, г;

К – сәйкес ылғалдылық - 17 %.

Шешім:__3_–_есеп.'>Шешім:__2-_тапсырма.'>Шешім:

2- тапсырма. Келесі есептерді шығару:

1 – есеп. Колхозда 25000 қой бар, олардың 75 % биязы және 25 %

қылшық   жүнді.   Биязы   жүнді   қойлардың   орташа   қырқылуы   5,5   кг,

қылшық жүнділер үшін 3,2 кг-ды құрайды. Сатуға ұсынылған жүнді

тексеру   кезінде,   200  граммдық   үлгілерді  ЦС   –  53  құралында  жуып

сыққаннан кейін оның орташа массасы жіңішке жүн үшін 72,7 және

қылшық жүн үшін 130,2 г-ды құрайтыны анықталған. 



 Шешім:

2   –   есеп.  Колхоз   мемлекетке   шығымы   50%   жартылай   биязы

жүннің 3000 кг сатуды жоспарлады, бірақ шығымы 48%  3250 кг жүн

сатқан.   Колхоз   жүн   сатуда   өзінің   жоспарын   орындады   ма   және

жоспарды асыра орындау салдарынан қандай айырма пайда болды? 



Шешім:

3 – есеп. Колхоз мемлекетке шығымы 40 % биязы жүннің 3120 кг

сатуды жоспарлады, бірақ шығымы 36 %,  3360 кг жүн сатқан. Колхоз

жүн   сатуда   өзінің   жоспарын   орындады   ма   және   жоспарды   асыра

орындау немесе орындамау салдарынан қандай айырма пайда болды? 



Шешім:

4 – есеп.  Совхозда 45 мың қой бар, олардың 57% биязы, 26 %

жартылай   биязы   және   17   %   тұрпайы   жүнді.   Бір   қойдың   төменгі

сорттарсыз   орташа   қырқылымы   жіңішке   биязы   –   6,5   кг;   жартылай

биязы – 5,5 кг; қылшық жүнді   - 2,9 кг, таза жүн шығымы кезінде

сәйкес – 47, 58 және 78%. Қалыпты бірінші классты биязы меринос

жүннің 1 кг сатылым бағасы 100 % таза талшық шығымында – 19 т. 43

тиынды, жартылай биязы кроссбред – 17 т. 27 тиын, және қылшық 17

т. 36 тиынды құрады. 

Шаруашылықта өндірілген жүн бағасын есептеу.

8 Жүннің шайыры және оның түрлері

31


Тапсырма.  Жүнді   ластандырушы   қоспалардан   және   судан

сақтандыруға  қажетті зат  болып енетін, жүн шайырының мөлшерін

және сапасын сараптамалық жолмен анықтау. 

Әдістемесі.   Қой   өсіруде   неғұрлым   кеңінен   қолданылатын   әдіс

болып   енетін   жүн   шайырының   мөлшерін   жабағы   жүннің   ластық

мөлшері   бойынша   жүн   шайырының   мөлшерін   анықтауды   меңгеру

қажет.   Жүннің   құрамындағы   шайырдың   мөлшері   егер     бөшкедегі

минералдық қоспалар түріндегі ластану штапельдің 1/3 тереңдігінен

аспай   енетін   болса   қалыпты   болып   есептелінеді   (жүннің   қалыпты

қалыңдығы кезіңде).

Егер   штапельдегі   жүн   оның   1/3   тереңдігінен   артық   ластанған

болса, онда жүн шайыры жеткіліксіз немесе сапасы жоғары емес деп

есептеуге   болады.   Қойларды   бонитировкалау   кезіңде,   күдікті

жағдайлар туындаған кезде жүн шайырының мөлшерін штапельді жіп

қылып   орау   жолымен   анықтайды.   Жүн   шайыры   қалыпты   болған

жағдайда,   шайыр   жіп   қылып   оралған   штапельдің   жекелеген

талшықтарын жіңішке бір келкі қабатпен жаба отыра,  бетіне шығады.

Жүн   шайыры   артық   болған   жағдайда   көбіршектеніп,   кейде   тамшы

ретінде шығады, ал жеткіліксіз болғанда оралған штапельдің бетіне

шықпайды, барлық талшықтары айқын көрінеді.

8.25 - кесте  – Жүн шайырының сипаттамасы

Үл

гі



Түс

Қою


лығы

Штапель


биіктігі,

см

Ластану терең



дігі,жуылған 

дығы, см


Жүн шайыры 

ның сапасы

Жүн шайыры

ның мөлшері 

Жүн   шайырын   екі   түрге   бөледі:   1)   бөлме   температурасында

қарапайым суда ақ түстен ақшыл қоңыр түске дейін жылдам еритін,

біркелкі майлы қою   2) сапасы жаман еруі қиын қатты қалдықтары

бар, түсі арасында жасыл-сарғыш болып келетін; оларды жуу процессі

көп күш жұмсауды талап етеді және өнімді ұстап қалуға әкеледі.

Сабақта қолданылып отырылған жүн үлгілерін көз мөлшерімен

және   қолмен   ұстап   оның   құрамындағы   шайырдың   мөлшерін,   оның

түсін   сапасын   анықтандар   және   жүн   шайырының   жеткіліксіздігін

және артық мөлшерде болуын қандай белгілері бойынша анықтайды

және   қойларды   асыл   тұқымдандыру   жұмысында   маңыздылығы

қандай.

Жұмыс   үшін   жүн   үлгілері   (түрлі   қой   тұқымдарының   жүні



болғандығы дұрыс болады) және миллиметрлік сызғыш қажет.

32


9 Жүннің кемшіліктері

Жүн кемшіліктері деп, қойларды азықтандыру және күту, қырқу

ержелерін ұстанбау,  жүнді жинау  және бастапқы  өңдеу жағдайында

кемшіліктер   нәтижесінде   және   сонымен   қатар   қойлардың   жеке

ерекшеліктері   салдарынан   болатын   жүн   шикізатының   кемшіліктері

аталады.   Жүн   кемшіліктері   екі   топқа   бөлінеді:   1)   жүннің   өсімдік

қоспаларымен ластануы; 2) жүн ақаулары.

Өсімдік қоспалары жылдам бөлінетін және бөлінуі қиын болып

бөлінеді. Жүн ақаулары деп жүн шикізатының сапасын күрт төмендете

отыра жүн талшықтарының технологиялық қасиеттерін төмендететін

кемшіліктерді атайды.

Жүн   үлгілерінен   кемшіліктерін,   ақауларын   анықтау   және

олардың қалыптасуының себептерін атау.

1 - тапсырма. Жүн кемшіліктерін және оның туындау себептерін

анықтау 


2 - тапсырма.  Жүннің ақауларын, олардың туындау себептерін,

алдын-алу шараларын анықтау және сипаттау.

Жұмыс үшін, түрлі кемшіліктері және ақаулары бар жүн үлгілері

қажет (беріктігі әлсіз, көгерген және т.б.).

9.26 - кесте – Жүннің кемшіліктері

Үлгі 


 №

Жүн 


ластанған

Барлық үлгідегі ластанған жүн %

(шамамен алғандағы мөлшері) 

Жылдам бөлінетін, 

бөлінуі қиын қоспалар

9.27 - кесте – Жүннің ақауы

Жүн

үлгісінің



Жүн ақауының аталуы

Ақаулардың

қалыптасу

себептері

Олардың алдын-

алу бойынша

шаралар


10 Қойды қырқудың технологиялық картасын құру

33


Биязы және аралас жүнді қойларды, қойлар тоңазуға өте сезімтал

болатындықтан   бір   рет   көктемде   күн   жылынғаннан   соң   қырқады.

Жүндері бір тектес емес қойларды жылына екі рет қырқады (көктемде

және күзде), ал романдықтарды үш рет (көктемде, жазда және күзде).

Қырқу   кезеңі   көбінесе   10-15,   20   күннен   артыққа   созылмайды.

Қылшық   және   аралас   жүнді   тұқымдардың   қозыларын   5-7   айлық

жасында қырқады, көбінесе күзде егер олардың жүні 4см-ден қысқа

болмаса. Олардың жүнінің ұзындығы сату кезіңде 2,0-2,5см- ге жетуі

үшін,   жемдеудегі   ересек   қойларды   союға   1,5-2   ай   қалғанда,   биязы

жүнді қой тұқымдарын союға 2-3 ай қалғанда қырқады. 

Қырқу   басталғанға   дейін   1-1,5   ай   қалғанда   оны   өткізудің

күнтізбелік   жоспарын   және   операциондық-технологиялық   картасын

құрады. 

Күнтізбелік жоспарды құрар алдында, қырқу пунктінің тәуліктік

өндіргіштілігін   анықтайды,   ол   қырықтықшылардың   санын   және

олардың күндік өңдеулерінен тұрады.

Ол үшін, жекелеген тапсырмада көрсетілген жұмысты мерзімінде

орындауға қажетті машинкаларға қырықтық агрегатын таңдайды.

10.28- кесте –  Агрегатты таңдау үшін мөлшерлі нормативтер

Бас саны


Машинкалар

Күндік өндіруі

Қырқылатын

қой, бас 

1күн

Жұмыс


ұзақтылығы,

сағ.


5000 ға 

12

50



600

8-9


5100-

10000


24

50

1200



8-9

10100-


15000

36

50



1800

8-9


15100-

20000


48

50

2400



8-9

Қойдың   басы   20   мыңнан   асатын   шаруашылықта   екі   пункті

ұйымдастыруға   да   болады.   Отандық   қырқу   агрегаттарының   күндік

өндіргіштілігі   1   қырықтықшыға   66   басты   құрайды.   Алайда   болуы

мүмкін өндірістік шығындарға байланысты іс жүзінде олар 1,5-2 есеге

аз.


Барлық   агрегаттың   күндік   өңдеулерін   анықтау   үшін,   қырқу

агрегаттарының мынадай келесі сипаттамаларын қолдануға болады 

(1 сағ. бас): ВСЦ-24/200 – 200, АСТ-36-300, КТО-24 – 200, КТО-48 –

400, ЭСА-12 – 100, ЭСА-12Г – 90.

Қырқу   агрегатаның   күндік   өндіргіштігін   анықтап   барып,

қырқудың күнтізбелік жоспарын құруды бастайды.

34


Қырқу   кезіңде   түрлі   жас-жыныс   ерекшеліктеріне   байланысты

топтарда өндіргіштілік әр түрлі болады, бір күндік норманы анықтау

кезіңде   оның   қиындықтарының   коэффициенттерін   қолдану   қажет:

саулықтар   үшін   -1,0;   қошқарлар   үшін   –   2,2;   сынама-қойлар   –   2,0;

жөндеу қойлары – 1,8; ісектер – 1,5; 1 жылдан ересек қозылар – 0,7; 1

жылдан ересек тоқтылар – 1,2; ағымдағы жылдың төлдері үшін – 0,5.

Отарлардың   қырықтыққа   түсу   кезегін   малдардың

құндылықтарын есепке ала отыра бекітеді: қырықтықшылар қырқуға

дағдылансын   деген   мақсатта   ең   алдымен   құндылығы   аз   бастарды

(өткен жылғы ісектерді жемдеуге, бракталған саулықтарды жемдеуге,

төменгі   класс   төлдерін)   қырқады,   себебі   олар   басында

дағдыланбағандықтан   малдың   терісін   көп   кесіп   алады,   руносын

бүлдіріп алады; одан  әрі қыста қоздайтын қойларды, себебі    қырқу

бөгелген жағдайда, жүн шығыны болуы мүмкін; содан кейін – жоғары

классты   төлдерді   және   асыл   тұқымдыларды   сатуға   арналған   асыл

тұқымды тоқтыларды, ісектерді, көктемде қоздайтын саулықтарды. Ең

соңғы кезекте еркек қойларды қырқады және егер олар болатын болса

оқшауландырылған   және   карантиндегі   қойларды   қырқады.

Шаруашылықта   бір   текті   емес   жүнді   қойлар   болған   жағдайда   ең

алдымен қылшық жүнділерді, одан әрі аралас, биязылау және биязы

жүнділерді қырқады. Соңында оқшауландырылған және карантиндегі

қойларды тағы да қырқады. Қырқылатын қойдың басының тәуліктік

нормасынан асыру 100 бастан артық болмауы қажет, ал азайтылуы 50

басқа дейін.

Қойларды   қырықтыққа   дайындау,   олардың   жүніне   жабысқан

қоқыстарды және бүлінген учаскелерін қайшымен қырқуға 2-3 жұма

қалғанда   алып   тастау.   Жануарлардың   күйлілігі   орташа   семіздіктен

төмен болмауы қажет. Қойларды қырқу алдында азықтандырмай 12-14

сағат,   ал   сусынсыз   10-12   сағат   арнайы   бөлмеде   (қорада)   ұстайды.

Жүндері дымқыл малдарды қырқуға болмайды. Қойларды қырқудың

технологиялық жалпы ықшамсызбасы былайша: қырықтық басталуға

0,5-1   сағат   қалғанда,   қойларды   таңертен     торға   кіргізеді,   одан

жығушылар   (берушілер)   бір-бірден   қырықтықшыларға   әперіп

отырады және қырқып болғаннан кейін қайтадан қабылдайды.

Қырқылған   руно   қолмен   немесе   жылжымалы   тасымалдаушы

арқылы жеке өлшеуге  жіберіледі, одан әрі жүннің классын анықтау

үшін   топқа   жіктеуші   үстелге   және   содан   кейін   бастырмалауға

жіберіледі, сосын барып тюкке салынып тігіледі. Қырықтық пунктіне

қажетті   қызметкерлердің   санын   анықтау   үшін   мынадай   келесі

нормативтерді қолдануға болады.

35


Қажетті   жабдықтардың,   материалдардың   және   арнайы

киімдердің   есебін   мынадай   келесі   нормативтерге   қарап   жасайды:

қырқуға   арналған   үстелдерді   көлемі   1,5х2,0м   тақтайлардан

қырықтықшылардың   әрбір   жұмыс   орнына   жасайды;   жіктеу   үстелін

торкөзбен   осы   жұмысты   атқаратындардың   санына   қарай   1,5х2,5м

көлемінде,   руноларды   таситын   себеттерге   –   олардың

тасымалдаушылардың санына қарай – бір жіктеушіге бесеуден, үстел

үстіндегі таразы – есептеушілердің саны бойынша, қоймалық таразы –

қырқу   орнында   біреу,   тюктерді   тігуге   арналған   кендір   жіп   –   1000

қойға   2-3   кг,   тюктерді   бастырмалап   байлауға   арналған   сымдар   –   1

тюкке 8 метрден, тюктерді таңбалауға арналған бояу – 1000 қойға 1-2

кг-нан,   қол   қайшы   –   қырықтықшылардың,   қойшылардың   және

ветеринарлық   қызметкерлердің   саны   бойынша;   комбинезондар   тек

қырықтықшыларға,   қойларды   беріп   тұрушыларға,   машиналарды

жөндеушілерге   беріледі,   қалғандарына   халаттар;   сыпыртқылар   –

руноларды тасушылардың саны бойынша, трафареты  басыртқылауға

–   2,   ауыз   суы   бар   бактар   ішетін   ыдысымен   20   адамға   біреуден;

дәрігерлік аптечка – 12-24 машинкаға біреу, тюктерді тігуге материал –

100кг  жүнді   басыртқылау   үшін   4м.кв.;   қырықтық   кезіңде   қойларды

ұстауға торкөз істеуге арналған ауыспалы қалқандар (бір, екі, үш және

төрт метрлік) күніне 120 бас үшін 40 дана; өртке қарсы құралдар – суы

бар   ыдыс,   құм   салынған   жәшік,   балталар,   шелектер;   көрсеткіштер

тақтасы. 

Қорытындысында   қойларды   қырқудың   операциондық-

технологиялық   картасы   құрастырылады,   оған   алдынғы   есептің

материалдары енгізіледі.

10.29 - кесте  –  Қырықтық пунктінің қызметкерлерінің жүктемелік нормалары

Жұмыскерлер санаты

Агрегаттағы

машиналар саны

Ескертпе 

12

24



36

48

Қырықтықшылар



12

24

36



48 Күндік норма 50 қой

Жөндеушілер

1

2

2



3

Механизаторлар

 

ішінен


бөлінеді

Қайрақшылар

1

1

2



2

---


Қойларды беріп тұрушылар

2

4



6

8

Күніне 300 қойға біреу



Руноларды тасушылар

2

3



4

5

Тасымалдаушымен



алмастыруға болады

Бастыртқылаушылар

2

3

4



6

1

ба



ст

ыр

тқ



36

ығ

а –


да

мн



ан

Жіктеушілер

1

2

2



3

Күніне 600-800 руноға біреу

Жіктеушінің көмекшісі

1

2



2

3

Әрбір жіктеушіге екеуден



Есепшілер

1

1



2

2

Асылтұқымдандырушы



фермада екі есе көп

Вет.жұмыскер

1

1

2



2

Оларға қойшылар көмектеседі

Қырықтық

 

пунктінің



меңгерушісі

-

1



1

1

Көбінесе ферма меңгерушісі



Машинкаларды   майлаушы

және ыстық ерітіндіні 

тасушы

-

1



1

2

Қызметкерлердің   міндеттері:   қырықтықшылар   тек   қана   қойды



қырқады;   жөндеушілер   кескіш   жұптарды   ауыстырады   және

машинкаларды реттейді; қайрақшылар – кескіш жұптары қайрайды;

беріп тұрушылар қойларды ұстайды, қырықтықшыларға әкеледі және

оны   дұрыстауға   көмектеседі;   тасушылар   руноны   таразыға   әкеледі

және   қырықтықшының   қойдың   нөмірі   жазылған   жетоның   береді;

әрбір   руноны   өлшеуші   есепші   оның   салмағын   журналға   жазады;

жіктеуші көмекшісімен руноны арнайы үстелге оны жазып, одан ең

төменгі сұрыптарды алып тастайды, содан кейін дайындау стандарты

бойынша жіктейді, содан кейін оны орайды, көмекшісі руноны осы

ассортиментке   арналған   орынына   апарады;   бір   ассортименттің

жинақталуы бойынша жүнді бастырмалайды.

Асылтұқымды   фермаларда   қойлардың   нөмірлерін   оқу   үшін,

жүннің   қырқылуын   жеке   есептеу   және   оны   асылтұқымдылық

карточкасына жазу үшін асылтұқымдыларды есептеушілер бөлінеді.

Вет.жұмыскерлер  қойшылардың көмегімен малдарды  тексереді,

өсіп   кеткен   тұяқтарын   кеседі   және   жараларын   өңдейді.   Қойшылар

осыдан басқа отарды  қырықтық пунктіне айдады, аулау  загондарын

толтырады,   қырқылған  қойларды   шығарады,   алдын-ала  шомылдыру

жұмыстарын   жүргізеді,   сонымен   қатар   жүнді   шаруашылықтың

қоймасына тапсыруда көмектеседі. Қырықтық жұмыстарына бөлмені

дайындауға   жұмыскерлер,   электрлік   қырқу   агрегатын,   бастыртқыны

қайта жөндеу жұмыстарын  жөндеушілер, қайрақшылар және электр

жөндеушілер   МЖФ   бойынша   инженердің   басшылық   етуімен

жүргізеді.   Пунктегі   механизмдерден   жүнді   қоймаға   таситын   көлік

37


құралдарын,

 

қоймалық



 

таразыны,

 

сонымен


 

қатар


механикаландырылған шомылдыру ваннасын қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет